Ағылшын тілін тереңірек үйренгің келсе,бізге


Қажеттілікті қайдан табамыз?



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата18.08.2022
өлшемі1,77 Mb.
#38178
1   2   3   4   5
Қажеттілікті қайдан табамыз? 
Осы сұрақта, ағылшын тілінің мүмкіндіктерін іздеп бастайсың. Шетелде оқығың келеді 
ме? Шетелде қалай білім алуға болады? Қандай бағдарламалар бар? Қандай оқу 
орындар бар, іздеп бастайсың. Шетелде тек аса білімділер, байдың балалары оқи 
алады деп ойласаң қателесесің. Қазір гранттар, тегін білім ұсынатын оқу орындары 
жетерлік. Ең басты шарты- АҒЫЛШЫН ТІЛІН БІЛУ. Мына сілтемеге өтіп, шетелде тегін 
білім алудың жолдарын біле аласың: 
https://youtu.be/qINt4hfMEiE
 
Ағылшын тілін үйреніп, жақсы мамандық иесі болғың келеді ме? Ақпарат іздейсің. 
Қандай мамандықтар бар. Ағылшын тілін білетіндердің айлығы статистика бойынша 
қарапайым мамандардан екі есе жоғары. Ағылшын тілін біліп, шетелде жұмыс 
жасасаң болады. Менің бір досым, Вьетнамда мұғалім болып қайтты немесе мен 
Америкада ауысыммен жұмыс жасап қайттым. Бір де қонақүйге жұмысқа шақырған. 
Сонда мені қабылдаған маман шетелдік азамат болды. Қонақ үйлерде, мамандарды 
ауысыммен жібереді. Бір танысым Қазақстанда Америкалық бір компанияда жасап 
өте жақсы ақша тауып отыр.
Ең бастысы, ақпарат ізде. Іздесең табасың. 
 
 


Мынада қажеттілігіңді жазып кет: 
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________ 
 
2.  Әдіс таңдаймыз. 
Қажеттілік анықтадық, енді өзімізге ұнайтын әдіс табамыз. 
Көбісі, өзіне ұнайтын әдіс таңдаудан қиналады. Қазіргі таңда, үйренудің әдістері өте 
көп. Ең бастысы, барлығына жүгіре беруге болмайды. Көбісі дәл осылай барлығын 
көремін деп уақыт өткізіп алады. 5 жыл болды үйреніп жүргеніме әлі сөйлемеймін 
дегендерді естіген боларсыз. Бұл сол әр әдіске бір жүгіріп, өзіне ұнайтын әдіс таба 
алмағандықтан болады. Мысалы, маған кіттаппен үйренген ұнамайды. Мен жеңіл 
түрде кино не әндер арқылы үйренгенді ұнатамын, грамматикалық тақырыптарды 
кітаптан емес, арнайы видеолар арқылы жақсы түсінемін. Кітаппен үйренуді 
жалғастыра бергенде, мен бұндай нәтижеге жетпес едім. Себебі, тіл үйрену ‘’через не 
хочу’’ емес, сізге қуаныш сыйлайтын процесс болуы тиіс. Ал, біреуге кітап арқылы 
үйренген ыңғайлы болуы мүмкін. Өз әдісіңізді табу- сізден уақыт талап етеді. Осы 
жерде курсқа қатысудың бір плюсы, дайын әдіспен, тек берілген инструкцияларды 
орындап отырсаң болды. Уақытыңды, энергияңды үнемдейсің.
3. Жоспар құрыңыз. 
Әдіс таңдап алдық, енді тіл үйрену жоспарын жасайсыз. 
Жоспар құру мен әдіс таңдау бірге жүрсе де болады. Жоспарды қалай құрамыз. 
Аптаның қай күндері, қанша уақыт бөлесіз деген мәселе. Бұл жерде ең бастысы- 
тұрақтылықты сақтау керек. Жиі-жиі, аз уақыттан- осы ережені сақтасаң, көп ұзамай 
нәтиже аласың. Мен алғаш рет курсқа қатысқанда аптасына 2 рет 2 сағаттан оқытатын. 
Алғашқы бір сағаттан кейін жалығып кететінбіз де, ақпаратты қабылдау қиын болатын. 
Өйткені адамның миы алғашқы 25 минут жақсы қабылдайды да, ары қарай 
белсенділік 
төмендей 
бастайды. 
Сондықтан, 
аз- 
аздан, 
жиі-жиі 
болса, 
жалықтырмайды, нәтиже де бірден болады. Біз курсты осы әдіске негіздегенбіз. Бірақ 
жиілілік міндетті түрде сақталуы керек. Түк жасамағанның өзінде 10 минуттық қарасаң 
да, тұрақтылық сақталуы тиіс. Уақытыңды басқарып отыру үшін pomodoro 
қосымшасың пайдалансаң болады. 


Жоспар құрғанда тіл үйренудің барлық саласын алуыңыз керек. Грамматика, практика, 
сөз жаттау, тыңдалым барлығы бір- бірімен байланысты болуы керек. Мысалы, бір 
грамматикалық тақырып үйрендің бе, оны бірден практикаға саласың, практика жасау 
үшін жаттаған сөздеріңді пайдаланасың. Енді әр қайсысына жеке тоқталайық. 
4. Грамматика 
Грамматика бастапқы деңгейде маңызды. Бірақ, тек грамматиканы оқып қоюға 
болмайды. Практикамен бірге жүруі тиіс. Мысалы, осы шақты өттің бе, осы шақты 
пайдаланып, практика жасап автоматтандыру керексің. Автоматтандыру дегеніміз, 
мысалы, сізге қазақ тілінде сөйлеу керек болса, қазір етістік пе зат есім бе деп 
ойланып отырмайсыз ғой. Дәл сол сияқты ағылшын тілінде сөйлегенде қандай 
грамматика қоямын деп ойланбайтын деңгейге жетіуіңіз қажет. 
Маңызды: грамматика аса маңыздылық беріп қойма. Үйлесімді сақтау керек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет