Ағзаларды клондау



бет2/4
Дата06.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#113100
1   2   3   4

Клондаудың тәсілдері.

  • Аталып өткендей , клондау деп жыныссыз көбею арқылы біртипті ұрпақ алуды айтамыз. Неміс эмбриологы Г.Дриш ең алғашқы болып жасанды жолмен егіздерді алуға болатынын дәлелдеді. Теңіз кірпісінің клеткасын екіге бөліп, екі біртипті ағза алды.

Маккинелл өзінің бір жұмысында тышқандыклондау үшін әдістер бар, бірақ оларды неге осы уақытқа дейін клондаған жоқ деген сұрақты қойды. Бірақ Маккинеллдің болжауы іске аспады.
Тышқандарды клондау методикалық өте қиын болды. Өйткені сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасының көлемі 1000 есе аз болды.
ХІХ ғасырдың аяғында Г.Дриш түрліше тәжірибелер жасап (бөлшектенуші ұрықтың эктодерма және мезодерма жасушаларының ядроларын өзара алмастырғанда қалыпты дамудың бұзылмайтындығын) дәлелдеген. Яғни ұрықтың бөлшектенуі және одан кейінгі жіктелуі кейбір гендердің жойылуына не ядро материалдарының кері қайтпайтын өзгерістеріне алып келмейді. Ұрық жасушасы ядросының мұндай күйін тотипотенттілік деп атайды.
Ол өсімдіктерге және жануарларға тән. Мұны алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы Г.В.Лопашов (1946)
тритон жұмыртқа жасушасына дене жасушасының ядросын қондырып (трансплантациялап) дәлелдеген. Дегенмен, ядро трансплантациясы әдісін толық және кең көлемде, табысты жүргізген ағылшын генетигі Дж.Гердон болатын.
Жануарларды клондау
  • 1976 жылы Дж. Гердон клондаудың мүмкін екенін бақаларға тәжірибе жасау арқылы дәлелдеді. Бірақ тек 1983 жылы ғалымдар ересек бақалардың клондарын алды.
  • Дж. Гердон 1962 жылы Xenopia laevis бақасының итбалығының ішек эпителиі жасушасының ядросын ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасына енгізген. Ол үшін алғаш жұмыртқа жасушасының ядросын ультракүлгін сәулесінің үлкен дозасымен сәулелеп жойған (өлтірген), содан кейін итбалық ішегінің эпителий жасушасының ядросын микропипетка арқылы сорып алып, (бұл кезде жасуша қабықшасы бұзылып ядро бөлініп шығады) оны ядросыз (ядросы өлтірілген) жұмыртқа жасушасына енгізген. Содан кейін, жасанды жолмен пайда болған зиготаның дамуын инициациялаған. Нәтижесінде кейбір жұмыртқалар әрі қарай дамымай өліп қалған, екінші біреулері дамып, бөлшектеніп бластула сатысына жетіп, мутантты ұрық түзілген, ал 1% жұмыртқалар қалыпты дамып, алғаш итбалыққа, сосын ересек бақаларға айналған.Дж. Гердон тәжірибелері - қазіргі кезде қол жеткізген жоғары сатылы диплоидты ағзаларды клондаудың алғашқы қарлығаштары болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет