Экономика факултеті



Дата14.02.2022
өлшемі25,02 Kb.
#25456
Байланысты:
Баяндама,Жартыбек А


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономика факултеті

Менеджмент кафедрасы


Баяндама
Тақырыбы :"Мемлекеттік басқаруда стратегиялық жоспарлаудың қажеттілігі"

Жартыбек Альбина

Мемлекеттік басқару-31

Нұр-Сұлтан 2021жыл



Стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта компания-лар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес, соны-мен қатар азаматтық қызмет пен бизнес саласында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.
Стратегиялық жоспар мәні – белгісіз болашақ және ішкі, сыртқы тұрақты өзгерістер жағдайында, ұтымды мүмкіндіктерді пайдалана жағымсыз құбылыс-тарды жеңе отырып нақты қойылған мақсатқа жетудің магистралды (басты) даму жолын, қызметтерін және іс-қимылдары жасау. Осы түсінікте бұл жоспарлау үкімет басқару, атқару органдарының экономиканы реттеу, оның макроэкономикалық, микроэкономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі басты құралдарының бірі десек қателеспейміз. Қазіргі заманғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «стратегия» бөлшектеніп нақтыланға, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететтін жоспар болып саналады. 

Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда.

Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі Агенттігі әзірлеген «Министрліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына» (1997 жылдың мамыр айы) сәйкес стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:


  1. саланың ағымдағы қал-күйіне баға беру;

  2. жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмысының мақсатын анықтау;

  3. басыңқылар;

  4. SWOT – мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;

  5. Мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;

  6. Стратегияларды жүзеге асыру кезеңдері, немесе аралық мақсаттар;

Жоспардың бірінші бөлімінде бастама кезеңге және саланың реформалануына баға беріледі. Бастапқы жәй-күйді әлемдік стандарттармен, ТМД елдерінің, дамыған және дамушы елдердің көрсеткіштерімен салыстыру қажет. Сонымен қатар, ағымдағы жәй-күйді бағалау саланың (министрліктің) алдында тұрған бірінші кезектегі мәселелерді де қамтуы шарт.

Министрліктердің алға қлһойған мақсаты барынша аз болуы тиіс және де үштен аспағаны жөн. Мақсаттардың сандық өлшемде болғаны дұрыс. Сандық индикаторларды қалыптастыру мүмкін болмаған жағдайда олар сапалық болуы тиіс. Бұндай жағдайда мақсат нақты, айқын бақылауға, тексеруге мүмкіндік беретіндей болуы шарт. Мақсаттар жалпымемлекеттік стратегиялық жоспарға, оның басыңқылары мен қорларына, Үкіметтің реформа жөніндегі бағдарламасы мен индикативті жоспарына сәйкес белгіленеді.

Жоспардың үшінші бөлімінде министрліктің іс-әрекеттерінің басыңқы бағыттары анықталынады. Басыңқылардың саны үш-бес, жекелеген ведомстволар үшін жеті болуы керек. Басыңқылар неғұрлым аз болса, стратегиялық жоспарды орындауда қолда бар қорлар мен мүмкіндіктер соғұрлым шашылмайды.

SWOT – талдау – жоспардың төртінші бөлімін құрайды.

SWOT – ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазақ тілінде күшті (ұтымды) және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын береді. Ол сыртқы және ішкі жағдайларды жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға жету стратегиясын жасау үшін қолданылады.

Күшті (ұтымды) жақтарға төмендешілер жатқызылуы мүмкін:



  • салада реформалардың жеткілікті жүргізілуі және олардың нәтижесі;

  • өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі, сыртқы ортаға тәуелділігінің төменділігі;

  • шығындар мен бағалардағы артықшылықтар (бұл мүмкіндіктерде де аталуы мүмкін);

  • сәйкес (барабар) құқықтық және нормативтік қамтамасыз етілгендігі;

  • барабар информациялық қамтамасыз етілгендігі;

  • прогрессивтік (перспективалық) технологиялар;

  • күшті (ұтымды) менеджмент;

  • жоғары профессионалды министрлік аппараты және оның жақсы ұйымдастырылуы;

  • ғылыми қамтамасыз етілуі және жақсы интеллектуалдық қорлар;

  • жеткілікті қорлар (жер, су, қаржылық және т.б.)

  • жақсы әлеуметтік қызметтер (салалық, ведомстволық және т.б.)

Бастапқы кезеңнің әлсіз жақтары төмендегілерді қамтиды:

  • нақты стратегиялар мен жоспарлардың болмауы;

  • іс-әрекеттердің бірімен-бірі байланыссыз жан-жаққа бағытталуы;

  • нашар реформалануы немесе реформалардың дұрыс нәтиже бермеуі;

  • Министрлік апаратының нашар ұйымдастырылуы;

  • нашар құқықтық кеңестік;

  • ақпаратпен нашар қамтамасыз етілуі;

  • нашар технологиялар;

  • экологиялық мәселелердің болмауы;

  • іс-әрекеттердің өзара байланысының нашарлығы;

  • көлік жолдары мен коммуникациялардың болмауы, т.б.

Егер күшті (ұтымды) және әлсіз жақтарды талдауда саланың ішкі факторлары қаралатын болса, онда мүмкіндіктер мен қатерлерді бағалауда сыртқы факторлар зерттеледі. Мүмкіндіктер сыртқы нарықтарда кездеспейтін, кездессе де айқын көрінбейтін белгілі бір факторлар түрінде болса, онда қауіп-қатерлер сыртқы нарықтың қатерлі бәсекелестік (осы сала үшін қауіпті басқа да жағдайлар) түрінде сипатталуы мүмкін. мысал ретінде мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлердің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады (бұл тізім түгел әрі міндетті бола алмайды).

Мүмкіндіктер:



  • табиғи байлықтардың болуы (жер, су, пайдалы қазбалар және т.б.)

  • жаңа сыртқы нарықтарды жаулап алуға жағдай жасайтын өндірістерді ұйымдастыру мүмкіншілігінің болуы;

  • жаңа технологияларды игеру;

  • халықаралық көлік байланыстары мен коммуникациялардың болуы;

  • басқа ұйымдармен, компаниялармен көлбеу интеграция жүргізу;

  • бәсекелестердің сыртқы нарықтардағы әлсіздігі;

  • баға мен шығындарды төмендетудегі ірі мүмкіндіктер;

  • мемлекет тарапынан қолдау және т.б.

Қауіп-қатерлер:

  • күшті бәсекелестер тарапынан қысымның болуы;

  • қорлардың жеткіліксіздігі (мүлдем болмауы);

  • сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндіктердің болмауы;

  • ішкі нарықты жоғалтып алу қаупі, т.б.

Барлық мүмкін жұп комбинациялар талданады, олардың ішінен тек стратегияны әзірлеуге ескерілетіндері зерттеледі. Мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлердің диалектикасын естен шығармау кекер. өйткені, пайдаланылмаған мүмкіндік, оны бәсекелестер дұрыс пайдаланған жағдайда, керісінше, қауіп-қатер болып шығуы мүмкін.Жоспардың келесі бөлімінде алға қойған мақсаттарға жету стратегиясы анықталынады. Әлемдік тәжірибе сәтті де, сәтсіз де стратегиялар

Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «стратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады. Тұнғыш президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегінде «Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер тәжірибесін басшылыққа ала отырып, бізге белгілі бір кезең ішінде Қазақстан экономикасының дамуына үкімет тарапынан тұрақты талдау мен бақылау жасау мақсатында индикативті сипаттағы қысқа-орта-ұзақ мерзімді жоспар-болжамдар практикасын енгізу қажет» - десе, «Қазақстан 2030: гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуінде «Біздерге кешіктірмей мемлекетіміздің ұзақ болашағына арналған даму стратегиясын жасауды бастауымыз және бес, оң жылдық даму жоспарларын әзірлеуіміз керек» - деген болатын.Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдер жүйесіндегі жоспарлау рөлінің өсу қажеттілігін және еліміз экономикасын дамытуда, шектеулі ресурстармен мүмкіндіктерді тиімді, ұтымды пайдалану үрдісіндегі стратегиялық жоспарлар қажеттілігін Қазақ ғалымдары Н.К. Мамыров, Ж. Ихданов төмендегіше анықтайды.

«Біріншіден, кез-келген басқару иерархиясында ұтымды шаруашылық жүргізу, егер макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді баланстылық болмаса мүмкін емес. Ал ондай жағдайға, егер экономика жалпы мемлекеттік деңгейде іске асырылатын, болашақтық және айналымдағы шешімдерге сай дамитын тұтас, кешенді обьект ретінде қарастырылатын болғанда ғана қол жеткізуге болады.

Екіншіден, жекеменшіктің басымдылық және нарық қатынастары аумағының кеңеюі жағдайында кәсіпкерлердің шаруашылықтық мүдделерін және мемлекетің макродеңгейлік, ішкі-сыртқы экономикалық мүдделерін бір ортақ арнада дамыту (оған бағыттау) мәселесі тұрады. Бұл мәселені біртіндеп, ұтымды шешу жолы – алдағы кезеңдегі макро-микроэкономикалық үрдістердің (процестердің) негізгі даму бағыттарын және ғылыми тұжырымдалған суреттемесін, кескінін алдын-ала анықтау.

Үшіншіден, территориялық еңбек бөлінісі үрдісінің үздіксіздігі, сонымен бірге табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу сұрақтары жалпы мемлекеттік деңгейдегі, әр уақытта болашақтық сипаты бар, өндіргіш күштерді ықшамды орналастыру және дамыту сұрақтарын көтереді. Өндіргіш күштер орналастырудағы жіберілген бүгінгі қателік ертеңгі күнде мемлекет экономикасының тиімділігіне үлкен кері ықпал жасауы мүмкін.»

Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар Президентіміздің 1997 жылғы «Қазақстан 2030: Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуіне сай 1998-2000 жылдар аралығына сай жасалынады.

«Қазақстан - 2030» стратегиясы  - бұл 1998 жылы тұнгыш президентті Нұрсұлтан Назарбаев баяндаған ұлттық стратегиялық даму жоспары. Барлық қазақстандықтардың гүлденуіне, қауіпсіздігіне және тіршілік деңгейін жоғарлатуға бағытталған «Қазақстан - 2030» стратегиясы жеті жекелеген даму cекторларына ерекше назар аударады: ұлттық қауіпсіздік, елдің ішіндегі саяси тұрақтылық, нарық механизміне негізделген орнықты экономикалық өсу, денсаулық және білім беру, энергоресурстар, көлік-коммуникациялық  инфрақұрылым, сонымен қатар кәсіби мемлекеттің дамуы.

Осынау он жылда Стратегияның негізінде біз өз дамуымызда сапалы секіріс жасай алдық. Көптеген елдер бірнеше онжылдық арнаған жұмыс көлемін атқардық. Бүгінде біз толық негізде “Қазақстан-2030” Стратегиясы өзінің өмірге қабілеттілігі мен тиімділігін толық қуаттай алды деп мәлімдей аламыз. Ол біздің дамуымыздың – аман қалу моделінен озық даму моделіне дейтін парадигмасын біржолата өзгертті. Бұл тұрғыда біз әзірлеген және бүкіл соңғы 10 жылда іс жүзіне асырып жатқан жеті ұзақ мерзімді басымдық өзекті болып табылады.

Қорытындылап айтқанда стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары «Стратегия өнері» атты кітап жазылған.

Қандай деңгейдегі экономика болмасын басты мақсат, міндет бұл іс-қимыл тобы, жиынтығының нақты жағдайға байланысты ғылыми негізделініп, тұжырымдалынып және цифрлар тілімен немесе сапалық, сандық көрсеткіштермен сипатталынуы. Бұл міндеттерді шешу, іске асыру кез-келген мемлекеттің (жоспарлауды экономиканы дамытудағы басты құралдардың бірі деп есептейтін) төл істерінің бірі.



Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «Стратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады.

Он жылдық уақыт аралығына жасалынатын аймақтық стратегиялық жоспарлар болашақ әлеуметтік-экономикалық міндеттерді ұтымды шешуге бағытталады. Бірде бір экономикалық субьектаның құқықтық шеңберіне енбей, экономикалық реттегіштер мен тікелей және жанама ықпалды ұштастыра отырып, барлық субьекталардың іс-қызметтерін ортақ мүддеге бағыштап, белгіленген уақыт аралығындағы мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет