Ағзалық әлем деген не? Жерде тіршілік етіп, мекендейтін ағзалар (тіршілік иелері) жиынтығы ағзалық әлем



бет9/9
Дата07.05.2023
өлшемі133,95 Kb.
#90956
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Омыртқасыз жәндіктер


Қазақстан далаларында омыртқасыз жәндіктер де көп кездеседі. Олардың ішінде зияндылары да аз емес. Шегіртке егін мен шабындық шөптерді жейді. Қарақұрт, бүйі, шаян, жылан, кененің түрлері адам өміріне қауіп туғызады. Көбелек құрттары ағаштар мен жеміс-жидекті сорады. Ағашты, сулы жерлер мен қалаларда маса ұрық таратады.

Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау


Қарқаралы Ұлттық паркі.
Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу - мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған. Олардың ішінде сүткоректілерден (қарақұйрық, арқар, қабылан, қар барысы, тянъ-шанъ қоңыр аюы, шағыл мысығы, күзен және т.б), кұстардан (қоқиқаз, бура және қызғылт бірқазан, қара және ақләйлек, тоқылдақ аққу, дала бүркіті, дуадақ, қырғауыл, ұлар және т.б.), жорғалаушылар, қосмекенділер мен балықтың бірнеше түрлері бар. Елімізде бұрын көп болған кұлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты аңдардың санын қалпына келтіру, сырттан әкелінген жануарларды жерсіндіру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Өзен бойларында ондатр, Алтай тауларында қара күзен мен балғын, Каспий жағалауында ит тәріздес жанат өсіру қолға алынған. Өзендер мен көлдерге балықтың жаңа тұқымдары жіберілуде.
Қазақстан табиғатының байлығы мен жануарларын қорғау максатында Ұлттық парктер (Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел, Ордабасы) мен қорықтар (Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Үстірт, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алакөл) ұйымдастырылған

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет