Ағзалық әлем деген не? Жерде тіршілік етіп, мекендейтін ағзалар (тіршілік иелері) жиынтығы ағзалық әлем


Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері



бет6/9
Дата07.05.2023
өлшемі133,95 Kb.
#90956
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
жаратылыс бойынша 1-тапсырма

Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері


Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқанжапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман-тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, субтропиктік өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді. Оларға геоботаникалық жағынан Еуразияның қылқан жапырақты орманы (Оңтүстік Алтай), Еуропа, Сібірдің орманды даласы (Солтүстік Қазақстан), Еуразия даласы ( Еділ- Жайық, Мұғалжар-Торғай, Есіл-Нұра, Қарағанды, Ұлытау- Сарысу, Жайсан бойы), Азияның шөлді аудандары (Тұран ойпаты, Солтүстік Тянь-Шань, Қаратау) кіреді.

Жануарлар дүниесі


Толық мақаласы: Қазақстан құстары

Жануарлар дүниесінің дамуы



Байқоңырдағы қоян.
Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.
Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі де сақталған. Оларға тундра кекілігі, жапалақ, т.б. жатады. Мұз дәуірінен кейін Қазақстанға Орталық Азия жануарлары мен құстары өткен. Оларға құртоқылдақ, самыр- құс, ор қоян жатады. Кейін олар дала және шөл зоналарына ауысқан.

Қазіргі жануарлар дүниесі


Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет