Агентство республики казахстан по статистике



Pdf көрінісі
бет115/143
Дата13.09.2022
өлшемі3,57 Mb.
#38999
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   143
Қолданылған әдебиеттер: 
1. ГОСТ РИСО 9000-2001. Системы менеджмента качества. Требования. М.: ИПК. Издательство стандар- 
тов, 2001.
2. http://www.chelt.ru/2006/12-06/ov4inikov_12-6.html.
Резюме:
Мақалада банк сферасындағы сапа менеджменті стандартының ерекшеліктері мен ролі қарастырылған. Автор 
стандарттауды қолдану процесінде коммерциялық банктердің қол жеткізетін мүмкіндіктерін анықтаған.
В статье рассматриваются особенности и роль стандарта менеджмента качества в банковской сфере. Автором 
определены возможности, которые получают коммерческие банки в процессе применения стандартизации. 
This article describes the characteristics and role of quality management standards in banking. The author identifies 
opportunities that are commercial banks in the process of standardization.
Автор туралы деректер:
Хамитхан Назгуль – «Қаржы академиясы» Акционерлік қоғамының аға оқытушысы.


84
«Экономика и статистика» №2, 2010
Государственное регулирование
Осылайша, өз қызметтерінің тиімділігін арттыру 
үшін сапа жүйесін пайдаланудың ішкі қажеттілігін 
талап етпейтін кәсіпорындардың қызметкерлері осы 
жүйені сертификаттауға дайындау барысында тек 
тексерушілерге қажет нәрсені ғана жасайды, демек, 
іс-әрекеттерді құжаттайды, ал өз жұмысының сапасы 
мен оның нәтижелерін жақсарту артқа ысырылып 
қалады. 9000:2000 сериясының ИСО стандарттарын 
іс-әрекетке енгізудің бұл маңызды көзқарасы әлі тағы 
қарастырылмақ. 
Төртінші қауіп:
- сапа жүйесінің көптеген зерттеушілерінің 
(әзірлеушілердің) TQM философияның негізін, мәнін 
түсінбеумен, олардың сол қағидаларды тәжірибеде 
қолдануға даярсыздығымен;
- сертификация және эксперт жөніндегі орган-
дар мамандарының, сондай-ақ ИСО 9000 сериясы 
стандарттарының жаңа болжамы бойынша жұмысқа 
тексерулер жүргізетін кәсіпорын мамандарының 
әлсіз дайындығымен, оларда бұл стандарттардағы 
жаңалықтарды объективті бағалау үшін қажет білім-
нің болмауымен. Осының бәрі – жаңа қадамдар, 
қағидалар мен талаптарды (процестік қадам, тұрақты 
жақсарту, тұтынушылардың қанағаттылығы, жүйелік 
қадам және т.б.) жүзеге асырудың тура жолы; 
- елімізде жүйелік сапа менеджментінің мәсе-
лелері бойынша білікті кеңес берушілердің жеткілікті 
санының болмауымен;
- жоғарыда айтылып кеткендей, ИСО 9000:2000 
сериясының стандарттарын енгізу жұмыстарының 
әдістемелік қамтамасыз етілмеуімен ескертіледі. [1].
TQM философияны игеру мен осы философия 
көрініс табатын ИСО 9000:2000 сериясының стандарт-
тарын енгізу қажеттілігі мемлекеттік болуы тиіс. 
Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына 
қосылуы сыртқы нарыққа жұмыс істейтін көптеген 
кәсіпорындарды жаңа басқару амалдарын қолдануға 
итермелейді. Импортпен жақсы бәсекелесу үшін 
шығындарды азайтып, өндірісті айтарлықтай тиімді 
және ISO 9001:2000 стандартының ережелеріне 
негізделген қазіргі заманға сай логистикаға толы 
жүргізу қажет. Ол үшін айтарлықтай қаржы ресурстары 
қажет болады. Қазірдің өзінде басқару шығындары- 
ның тиімділігін арттыру мақсатында отандық маман-
дардың орнына кейбір орташа және ірі компаниялар- 
ға батыстың менеджерлері тартыла бастауда.
Бәсекеге қабілетті өнім шығаратын кез-
келген бизнес үшін негізгі сұрақтардың бірі – аз 
шығын шығаратын, тәуекелі аз қаржылық ресур-
старды алу жолы. Үкіметтің және орталық банктің 
(Қазақстанда - Ұлттық банктің) негізгі саясаты 
инфляцияны азайтып, қарызды төлеу резервтерін 
жинақтау екені түсінікті. Бірақ ондай саясат бизнесті
ішкі қаржы нарығындағы несие құнын арттырып, 
шетелдерден ресурс іздеуге итермелейді. 
Соның 
кесірінен 
мемлекеттегі 
қарыз 
алушылардың шетелдік кредиторлар алдындағы 
қарызы өсе түседі. Арзан бағалы қаржы ресурс-
тарын іздеудегі шеңберден шығу қиынға соғады. 
Отандық кәсіпкерлерге не әкімшілік кедергілер- 
ден өтуге, не ішкі нарықта өнімнің бәсекелестік 
қабілетін азайтатын көп шығынмен келісуге тура 
келеді. 
Банк мәселесін шешу ерікті қарыз алушыларға 
бірыңғай реестр құру мәселесін де шешіп берер еді. 
Бұл бәсекеге қабілетті өнім дайындауға және өндіру- 
ге салынған қаражаттарды қайтарумен байланысты 
бизнесті жүргізудің маңызды факторы болып табы-
лады. Егер қарыз алушылар өнім сапасын жалпы 
әлемдік деңгейге (оның ішінде ISO 9001:2000 жүйелік 
стандартының талаптарына сай келетін менеджментті 
жетілдіру негізінде) жақындатуға күш салмаса, банктер 
несие тәуекелдерін арттыру салдарынан пайыздық 
ставкаларды ары қарай көбейтуге мәжбүр болады. 
Қаржы ресурстарымен «бір-бірден» жұмыс 
істегеннен шығындар мен тәуекелдерді азайтып, ре- 
сурстарды жеткізудің бағдарламалық-мақсаттық жос-
парлаудың индустриалдық әдістеріне көшу керек. 
Жаһандық бәсекелестік қабілетті арттыру 
мәселелері жүйелі болып табылады. Сондықтан 
қандай бір факторларды мүлдем қарастырмау 
керек. 
Кеңестік мемлекеттік жоспарлау экономика-
сында қосылған құнды тиімді активтерден тиімсіз 
активтерге қайта бөлудің шығынды механизмі басым 
болды. Қазір Қазақстанда бәсекелестік қабілет үшін 
мүдделер мен күштердің әлі де қауіптірек конфи-
гурациясы қалыптасуда. Оны экономикалық пайда 
әкелетін, жеке мақсатқа қолданылатын активтерді 
қайта бөлу моделі ретінде қарастыруға болады. 
Мұнда жобаны орындаушылар біліктілік қағидасы 
бойынша емес, олардың жұмыс істеу мүмкіндігі бой-
ынша тартылады. 
Нәтижесінде бұл конфигурация елді дамыған 
елдерде қалыптасқан тиімділік деңгейінен қалдырып 
отырады, басқарудағы бос орындар мақсатты түрде 
кадрлармен толықтыралады, олардың басты міндеті 
– қаржылық ағымдарды қайта бөлу есебінен жеке 
табыс табу болып табылады. Бұл конфигурацияны 
Қазақстандағы жағдай толығымен қанағаттанды- 
рады деуге болады. Осыған байланысты елдегі 
әкімшілік реформада өзгерістер болып отырады. 
Сонымен қатар барлық іскер әлем аутсорсингке 
өтуде. Жаңа идеялар мен технологиялардың бірігуі 
шартпен жұмыс істейтін компаниялардың үлесі болып 
қалуда. Шартпен жұмыс жасайтын компаниялардың 
кейбіреулері тапсырыс берушілер рецептілері бой-
ынша өз күштері жететін өндірістік жинастырумен
айналысады. Бірақ менеджмент сапасын және 
экспортқа шығатын өнімді сертификаттай отырып, 
толық қызмет көрсететіндері де бар. 
Мәселе өз территориясына алдыңғы қатар- 
лы аутсорсингтік компаниялар тартып, басқа елдер-
дегі шартпен жұмыс істейтін компаниялар қатары-
нан табылғысы келетін ел оның кәсіпорындары- 
ның ISO 900:2000 (менеджмент сапасы) және басқа-
дай сапа стандарттарына сәйкес сертификаттал- 
ғанын және жеткілікті өндірістік потенциалдары бар 
екенін дәлелдеу керек. Бұрын жоспарлы экономи- 
каны бастан кешкен бірқатар елдерде бұл процес- 
тер өте баяу жүрілуде. Мысалы, ойламаған жер-
ден әртүрлі бұйымдар жасайтын орталықтар құры- 
лып, көптеген өндірістік процестер басқадай кәсі-
порындарға беріледі. Бірақ менеджмент деңгейін 
және өнім сапасын стандарттаудың бірыңғай жүйесі- 
нің болмауы ол құрылымдарды қаражаты шектеулі, 
демек, сапасы жоғары өнім сатып алу мүмкіндігі 
жоқ сатып алушылармен жұмыс істеуге мәжбүр 
етеді. Әрине, ондай ұйымдар халықаралық нарықта 
бәсекелесе алмайды. [1]
57
«Экономика и статистика» №2, 2010


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет