Агентство республики казахстан по статистике



Pdf көрінісі
бет118/143
Дата13.09.2022
өлшемі3,57 Mb.
#38999
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   143
принципі);
- статистикалық ақпаратты дайындау үшін 
статистикалық ведомстволар жинайтын жеке дерек-
тер, олар жеке немесе заңды тұлғаларға жататы-
нына қарамастан, қатаң құпиялы сипатта болуы 
және тек статистикалық мақсатта қолданылуы керек 
(құпиялылық принципі);
- шеңберінде статистикалық жүйелер жұмыс 
істейтін заңдар, нормалар және шаралар жариялық 
сипатта болуы керек (заңнама принципі);
- статистикалық жүйеде келісушілікті және 
тиімділікті қамтамасыз ету үшін елдер деңгейінде 
статистикалық ведомстволардың қызметін үйлестіруін 
жүзеге асыру керек (ұлттық үйлестіру принципі);
- әр елде статистикалық ведомстволардың 
халықаралық тұжырымдамаларды, жіктемелерді 
және әдістерді қолдану барлық ресми деңгейлерде 
келісушілікті және тиімділікті қамтамасыз етуге 
әсер етеді (халықаралық стандарттарды қолдану 
принципі);
- статистика саласындағы екіжақты және көп-
жақты ынтымақтастық барлық елдерде ресми ста-
тистика жүйелерін жақсартуға мүмкіндік тудырады 
(халықаралық ынтымақтастық принципі).
Бұл принциптер қызметтік этика, ресми статис-
тикалық ақпаратқа деген қоғамның сенімі, жиналатын 
деректердің құпия болуы, т.с.с. статистикалық орган-
дар әрекеттерінің негізгі қағидаларын қамтиды. 
Статистикалық мәліметтермен жұмыс істеудің 
теориялық және практикалық базасын мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес толық 
меңгерген мамандар экономиканың кез-келген 
саласында әр түрлі лауазымды қызметтерді атқара 
алады. Мұндай мамандарды даярлауды 2005 жылға 
дейін Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық 
университетінің «Статистика» кафедрасы жүзеге 
асырды.
«Статистика» кафедрасы – университеттің 
байырғы кафедраларының бірі. Кафедра 1963 жылы 
ұйымдастырылды. «Статистика» мамандығына алғаш 
рет студенттер 1978 жылы қабылданды. 1978-2005 
жылдар аралығында 700-ге жуық статистик маман-
дары даярланды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі 
Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, Мәскеу 
мемлекеттік университетінің аспирантурасын атақты 
статистик-демограф А.Я. Боярский жетекшілігімен 
тәмамдаған, э.ғ.к., доцент Ө.К. Кесікбаев болды. 
Одан кейін әр жылдары кафедраны э.ғ.к., доцент П.К. 
Парахин э.ғ.д., профессор Н.С Есипов., э.ғ.к., доцент 
О.М. Елистратов., э.ғ.д., профессор Ұ.М. Искаков., 
э.ғ.к., доцент В.К. Бекбосынов, э.ғ.к., доцент А.М. 
Елемесова басқарды. Кафедра меңгерушісі қызметін 
атқара жүріп, э.ғ.к., доцент А.М. Елемесова БҰҰ-
ның демография саласы бойынша ұлттық сарап-
шысы ретінде көптеген мемлекеттік деңгейдегі 
бағдарламаларды даярлауға қатысты. Ол «Елді 
демографиялық тұрғыдан бағалау», «Мемлекеттік 
демографиялық концепция», «Көші-қон саясатының 
концепциясы», «Халықтың өсімпаз денсаулығы», т.б. 
Қазақстан Республикасы үкіметінің демография- 
лық жобаларын талқылауға қатысып, сарапшылық 
қызмет көрсетті. Сол сияқты А.М. Елемесованың 
Ұлттық шоттар жүйесін жүзеге асыру бойынша 
Қазақстан Республикасы үкіметі мен Халықаралық 
валюта 
қорының 
баяндамасын, 
БҰҰ-ның 
Қазақстандағы Даму бағдарламасына сәйкес «Адам 
дамуы» ұлттық есебін даярлауға атсалысқанын 
ерекше атауға болады.
2000 жылы республиканың және орталық Азия 
аймағының мамандарын оқыту үшін э.ғ.к., доцент 
А.М. Елемесованың басшылығымен және БҰҰ-
ның халықтың қоныстануы саласындағы қоры-
ның (ЮНФПА) демеушілік етуімен Т.Рысқұлов 
атындағы Қазақ экономикалық университетінің жа- 
нында Демографиялық орталық ашылды. Кафедра 
меңгерушісі қызметін атқарып жүргенде кенеттен 
қайтыс болған э.ғ.к., доцент А.М. Елемесованың 
демография саласындағы, статистикалық есептің 
халықаралық стандарты болып саналатын ұлттық 
шоттар жүйесін оқу процесіне енгізудегі орасан зор 
еңбегін әріптестері ұмытпайды. 
2005 жылы «Статистика» кафедрасын «Бағалау 
және тауартану» кафедрасымен біріктірді. Жаңадан 
құрылған «Статистика және бағалау» кафедрасы- 
ның меңгерушісі болып э.ғ.д., профессор Ондасынова 
А.И. тағайындалды. 2009 жылдан бастап кафедраны 
э.ғ.к., доцент Бохаев Д.Т. басқарады. 
Кафедра өзінің білікті мамандарын мақтан тұта- 
ды. Әр жылдары кафедрада жұмыс істеген э.ғ.д. 
Искаков Ұ.М., Мандель И,Д., э.ғ.к. Церульникова 
Т.П., Киіков Е.М., Әміреев Ы.А., Дәуренбеков Ә.К., 
Ахментаева М.С., Омарбеков Б.Х., Белгібаева К.К., 
Молдакұлова Г.М., Мурсалимова Т.М., Акпарова А.А., 
т.б. статистик мамандарды даярлауға, кафедраның 
мәртебесін көтеруге өз үлестерін қосты. 
Кафедра мүшелері БҰҰ-ның Даму Бағдарла-
масымен (БҰҰДБ), БҰҰ-ның халықтың қоныстануы 
саласындағы қорымен (ЮНФПА), Прагадағы Карлов 
университетімен, Санкт-Петербург мемлекеттік эко-
номика және қаржы университетімен ынтымақтық 
қарымқатынасты жалғастыруда. Кафедра доценттері 
Елемесова А.М., Мананов Б.Б., Молдакұлова Г.М., 
Мұханбетова С.М. БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму 
Бағдарламасының ғылыми жобасына қатысты. Осы 
халықаралық ұйыммен бірлесіп жұмыс істеудің нәти-
жесінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық 
университетінде «Адам дамуы» атты жаңа пән оқу 
бағдарламасына енгізілді. Адам дамуы концепциясы 
оқу бағдарламасы ретінде алғаш рет М.Ломоносов 
атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде 
қабылданды. Біз БҰҰ-ның Даму Бағдарламасының 
қызметкерлерімен бірлесе отырып, Ресейден кейін 
бұл жобаны Қазақстанда іске асырғанымызды мақтан 
етеміз. 
83
«Экономика и статистика» №2, 2010


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет