ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Мекеме орнымен танысу.
ҚР АШМ АӨК МИК «Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облыстық филиалы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1999 жылғы 21 ақпандағы № 88 қаулысын іске асыру жөніндегі жеке шаралар туралы бұйрығына сәйкес, РФД және БӘО мемлекеттік мекемесінің 2000 жылғы 15 наурыздағы № 05 бұйрығымен құрылған. Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы құрамына 6 аудан бөлімінде жұмыс жасайтын мекеме кіреді.
Аудандық аумақтық инспекцияның мақсаты өсімдіктердің зиянды, ерекше қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына мониторингті жүзеге асыру және карантиндік объектілердің таралуы ошақтарын анықтап, таралу шекараларын облыс бойынша айқындау болып табылады және шет елден келген өнімнің сапсы мен сыртқа жіберілетін өнімнің сапасына аса мән беру және оның кауіпсіздігіне мән беру.
Облыстық инспекция облыс орталығында Тараз қаласынды орналасқан. Филиалдың штаттық саны 85- 90 қызметкерден тұрады, мекеменің орналасқан мекен жайы: Пушкин көшесі , 140Б
Достарыңызбен бөлісу: |