Ескерту. 19-8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-9-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары.
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау осы үшiн арнайы арналған, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына, экологиялық талаптарға, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сай келетiн арнайы қоймалық үй-жайларда жүзеге асырылуға тиiс.
2. Қоймалар үрлейтiн және тартатын желдеткiштерiмен жабдықталады. Тартатын желдеткiш құрғақ сүзгiш элементтермен жабдықталады.
3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) қоймада сақтауға үй-жайды санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қызметiнiң органдары зерттеп болғаннан кейiн пестицидтердi (улы химикаттарды) алу және сақтау құқығына санитарлық паспорт жасалғаннан кейiн ғана жол берiледi.
4. Сақталынатын пестицидтердiң (улы химикаттардың) мөлшерi қойманың жобалық құжаттамасында көзделген қойма сыйымдылығынан аспауға тиiс.
5. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар әзiрлеудi, сондай-ақ аталған талаптардың сақталуын бақылауды мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |