"Агробиология" факультеті


Жамбыл облысы, Тараз қаласының ауа райы және топырақ-климаттық жағдай



бет9/18
Дата07.01.2022
өлшемі2,68 Mb.
#17058
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Дәуірбаева Дана өндірістік есебі 2 (автовосстановление)

2.3 Жамбыл облысы, Тараз қаласының ауа райы және топырақ-климаттық жағдай
Жамбыл облысы, Тараз қаласының агрометеорологиялық жағдайлары. 2017-2019 жылдарында жүгері дақылының өсіп-даму кезеңінде айлар және онкүндіктер бойынша ауа райы жағдайлары әр түрлі болып қалыптасты.

Шаруашылықтың орналасқан жері Қазақстанның батыс аймағы. соның ішінде Шалқар өңірінің топырақ-климат жағдайлары қарастырылады.

Көп жылдық деректерге қарағанда Жамбыл облысы ең суық айы қаңтардың орташа температурасы - 20 - 18 °С, ең төменгі температура - 30 градус, жекелеген жылдары - 45 - 50 градусқа дейін төмендейді. Көктемде жылу тез көтеріледі. Аймақтың солтүстігінде сәуірдің сонында, ал оңтүстігінде оның ортасында тәуліктік орташа температура + 5 градустан асады, ал күндізгі сағаттарда + 10 - 12 градусқа дейін көтеріледі. Жекелеген жағдайда кенеттен жылынғанда ең жоғары температура осы кезде + 30 градусқа дейін көтеріледі. Ал кейде кенеттен суытқанда орташа температура сәуірде - 10 градусқа дейін төмендейді, мамырда 0 градус, ал ең төменгі температура - тиісінше - 15 градус және -5 градус. Ашық жерлерде үсіксіз кезең 3,5 айдың шамасында. Ең жылы, шілде айындағы ауаның орташа жылылығы + 19-24 градус, түс кезіне қарай +24-26 градус, ал жекелеген жағдайларда + 40 градусқа дейін көтеріледі.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы жағдайында температураның күрт өзгермелілігі біздің бағалы дақылымыз - жүгері дақылын өсіруге және одан тұрақты және сапалы өнім алуға мүмкіндік бермейді, егер ғылыми жетістікті және озат тәжірибені жергілікті жерге бейіімдеп, әрі дақылдың биологаялық ерекшеліктеріне сай технологияны дайындамасақ. Жамбыл облысы, Тараз қаласы жағдайында Жауын-шашын мөлшері (орташа көп жылдық және соңғы 3 жылда), жыл бойы олардың бөлінуі, күзгі және көктемгі пайдалы ылғал қоры. Пайдалы ылғал қорын толықтыру мүмкіндігін бағалау.

Шаруашылық ауданында орналасқандықтан климаты шұғыл континентальды құрғақшылықты. Жамбыл облысы, Тараз қаласы жағдайында жауын шашынның он жыл ішіндегі орташа мөлшері 250 - 300 мм шамасында ауытқыды. Жауын - шашынның көп мөлшері шілде айына келеді. Соңғы жылдары қысы қатаң, қар мол түсуде. Вегетация кезеңінің үзақтығы 120 -130 күн. Жылына орташа температура + 0,6°С қүрайды. Жел жыл бойы соғады деп айтуға болады. Желдің орташа жылдамдығы 4,4 м/с тең.

Төмендегі кестелерден 2017-2019 жылдар аралығындағы Жамбыл облысы, Тараз қаласының климаттық және метеорологиялық жағдайы көрсетілген.



Жауын - шашынның жылдар бойы түсу мөлшері төмендегі кесте бойынша 2017 -2019 жылдардағы жауын шашынның көп жылдық орташа көрсеткіштерімен салыстырғандағы мөлшері, мм:
Кесте 1 - 2018-2020 жылдар аралығындағы жауын-шашын мөлшері (мм)

Жамбыл облысы, Тараз қаласы жағдайында жыл бойы жауған жауын-шашын біркелкі болған жоқ. Жауын-шашынның ең көп мөлшері көктемгі-жазғы айларға келеді. Осы жылда жауын - шашын мөлшері бір жылда 286 мм құрады. Бұл орташа көп жылдық мәліметтерден 10 мм төмен жауын шашынның ең көп мөлшері шілде айына келеді. Өткен екі жылмен (2017 – 2020 жыл) салыстырғанда бұл көрсеткіш орташа 7 мм - ге жоғарылады (1-кесте).

Жамбыл облысы ең жоғарғы жауған жауын - шашын шілде - тамыз айларында бодцы. Жауын-шашыннын осылай жаууы өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы өсерін тигізеді, әсіресе астық дақылдарына. Күзде, яғни тамыз айының соңында жауын-шашыннын көп жауғанынын әсерінен егістікті жинауға көптеген қолайсыз жағдайлар туғызды.Шаруашылық аумағында ылғал тапшылығы жиі байқалатындыктап, оны жинауға, сақтауға және үнемді пайдалануға болашақта басты көңіл бөлген жөн.

2-кестеден 2020 жылдың жылы кезеңіңдегі ауаның тәуліктік орташа температурасы жайында толық және көп жылдық орташа температурамен салыстырғанда оның ауытқуы туралы мәлімет беріледі.

Кесте 2 - 2018-2020 жылдың жылы кезеніңдегі ауаның тәуліктік орташа температурасы, °С



Көктемгі соңғы бозқырау 18 сәуірде байқалды -3,6 °С. Күзгі алғашқы бозқырау қыркүйек айының 27 жүлдызында байқалған болатын, оның көрсеткіші -3,4 °С болды.

Бозқыраусыз (аязсыз) кезең, бидай өсірген кездегі белсенді температура жиынтығы, өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы, өсіп-жетілуінің басталу және аяқталу мерзімдері. Қарастырылып отырған аймақтың негізгі ауыл шаруашылықты аудандарда алғашқы күзгі бозқырау тамыздың 19-25 жұлдыздарында түсуі ықтимал, бірақта алғашқы бозқыраудың орташа түсу мезгілі қазан айының 16 -20 жұлдыздарынын аралығында. Үсіксіз кезеңнің орташа түсу ұзақтығы 117 -135 күн болса дағы, жекелеген жылдары 78 - 88 күнге дейін қысқарады. ал алғашқы суық түскенге дейінгі белсенді температура жиынтығы 2100 - ден 2500 С - дан аспайды.

Бұл температуралық жиынтық бидайдың орташа және ортадан ерте мерзімде пісетін сүрыптарының толық пісуіне жеткілікті деуге болады.



Көпжылдык зерттеулер көрсеткендей төмендегі кестеден алғашқы және соңғы бозқыраудың түсу мезгілі мен үсіксіз кезеңнің ұзақтығы туралы мәлімет алуға болады. Белсенді температура жиынтығын бағалағанда күзгі алғашкы бозқыраудың түсу мезгіліне де көңіл аудару қажет, өйткені олар бидайдың жекелеген сұрыптарына көктемгі бозқырауға қарағанда анағұрлым көп зиян келтіреді (3-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет