"Агробиология" факультеті



бет1/18
Дата07.01.2022
өлшемі2,68 Mb.
#17058
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дәуірбаева Дана өндірістік есебі 2 (автовосстановление)


Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

“Агробиология” факультеті

“Өсімдік қорғау және карантин” кафедрасы

Өндірістік практика есебі

Білім алушы: Дәуірбаева Дана

Тобы: ЗР-412

Кафедрадағы практика жетекшісі: Хидиров К. Р

Өндірістегі практика жетекшісі: Биконурова А.О

Алматы,2020

Мазмұны:


І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Мекеме орнымен танысу

2.2.Қауіпсіздік техникасымен танысу

2.3. Жамбыл облысының табиғи-географиялық және климаттық жағдайы туралы қысқаша сипаттама

2.4 Жамбыл облысының шаруашылығындағы дақылды өсіру технологиясы

2.5 Зерттеу материалдары мен оны жүргізу әдістемелері

2.6. Жамбыл облысының ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерді есептеу үшін жүргізілген мониторинг жұмыстарының есептерін әкелу

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Кіріспе

Агроөнеркәсіп комплексі халық шаруашылыгының ең басты салаларының бірі болып табылады, сондықтан да елімізде, әсіресе Қазақстан республикасында оны әрі қарай дамыту мәселесіне зор назар аударылып келді және келе де бермек.



Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, ал мал шаруашылығына тиісті жем-шөп қорын мол жинап жасау болып табылады.

Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерденколорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан – үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден – сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты – республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті “Өсімдіктер карантині туралы” заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.. Біліктілік – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры.Оқыту мерзімі – 4 жыл. Білімді қолдану аумағы-мамандық ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісіне шаруашылық және экономикалық нұқсан келтіретін зиянды ағзалардан (зиянкестер, өсімдік аурулары және арамшөптер) өсімдіктерді қорғаумен байланысты мәселелерді зерттеуге бағытталған. Мамандықты жақсы меңгеру үшін студенттер ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды және карантинді ағзаларының биологиясы, экологиясы, түрлік құрамы мен олармен күресу шаралары жөнінде терең білім алады.Кәсіби дағдылар-Бакалавриат курсын аяқтағаннан кейін мамандар ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды ағзаларына фитосанитарлық мониторинг пен олардан  кешенді қорғау шараларын, сонымен қатар кедендік бекеттерде карантиндік тексерістің барлық кезеңдерін жүргізу бойынша кәсіби дағдыларын қалыптастырады. Түлектер келесі бағыттарда жұмыс істей алады: өсімдік қорғау жəне карантиннің мемлекеттік қызметтерінде, ҚР АШМ ғылыми-өндірістік құрылымдарында, фитосанитарлық диагностика жəне болжамдар орталықтарында, өсімдіктер карантині орталығында, бақылау-токсиологиялық зертханаларында, шекаралық карантиндік бекеттерде.Білім беру бағдарламасы:мамандықтың білім беру бағдарламасының негізін келесі курстар құрайды: жалпы және ауылшаруашылық энтомологиясы; жалпы және ауылшаруашылық фитопотологиясы; зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер; өсімдіктерді химиялық және биологиялық қорғау; өсімдіктер карантині; өсімдіктер иммунитеті және т.б. Студенттер жыл сайын ЖОО арасында өтетін Республикалық және Халықаралық олимпиадаларға қатысуға, сонымен қатар бір семестр барысында еліміздің және шет елдің алдыңғы қатарлы ЖОО–да академиялық ұтқырлықпен оқуға мүмкіндікке ие.

5В081100 - Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін өндірістік іс-тәжірибе арнайы оқу бағдарламасына сәйкес жоспарланған. Студенттер үшін өндірістік іс-тәжірибеден өту, болашақ бакалавр ретінде аса маңызды. Өндірістік іс-тәжірибе студенттер арнайы мамандық пәндерін оқып аяқтағаннан кейін, өткізіледі. Іс-тәжірибе басталар алдында студенттер жалпы және ауыл шаруашылық энтомологиясы; жалпы және ауыл шаруашылық фитопатологиясы; зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер; өсімдіктерді химиялық жолмен қорғау; өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғау; зиянды және аса қауіпті зиянды және карантинді ағзаларға фитосанитарлық мониторинг жүргізу және олардың таралуын болжау секілді мамандықты оқытуға арналған арнайы пәндер бойынша теориялық білім алады. Алған білімін студенттер өндірістік тәжірибеде практика жүзінде іске асыру қажет. Студент іс-тәжірибе өту барысында ЖОО-да алған білімдерін бекітеді және кеңейтеді, ауыл шаруашылығына қатысты барлық жүйелерді меңгере алады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет