«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


В. Шелфордтың толеранттық заңы. Толеранттық диапазоны



бет10/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
Байланысты:
Агроэкология лекции

В. Шелфордтың толеранттық заңы. Толеранттық диапазоны.
Тірі организмдер әрдайым экологиялық ең аз шама мен экологиялық ең көп шама аралығында өмір сүреді. Осы аралық (ең аз бен ең көп арасы) мөлшерін ғылымда «толеранттық шек» деп атайды.
«Толеранттық шек» заңын 1913 жылы Б.Шелфорд (Shelford) ашты. Ол организмдер үшін экологиялық «ең аз шама» заңымен қатар экологиялық ең көп шама заңының да ықпалы бар екенін дәлелдеді, аз бен көптің мөлшерін өлшеп білуге мүмкіндік жасады. Сөйтіп бұл заңдардың шегін белгіледі, сол шектен не аз, не көп болса организмдердің өмір сүре алмайтыны анықталды.
Кейінірек «толеранттық шек» заңына төмендегідей қосымшалар енгізілді:
- организмдердің толерантық шегі кейбір заттарға соншама үлкен болып, кейбір заттарға тым аз болуы мүмкін;
- барлық факторларға толеранттық шегі үлкен организмдер көп тараған;
- организмге керекті зат түрі не аз, не көп болса, басқа заттарға да толеранттық шегі өзгеруі мүмкін. Мысалы: топырақта азот аз болса, өсімдік сарғаймас үшін суды бұрынғы мөлшерден көп құйяды, немесе азот аз болған соң суға деген толеранттық шегі өседі.
- тұқым қалдырар кез организмдер үшін жауапты кезең. Бұл кезде көптеген заттар шектеуші факторларға айналады. Өсімдіктер мен жануарлармен салыстырғанда аналықтардың, ұрықтардың, жұмыртқалардың, личинкалардың толеранттық шегі тым аз болады.
Шелфордтың толеранттылық заңы:
Экологиялық фактордың минимумы ғана емес оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы диапозоны толеранттық шамасын (латын тілінен аударғанда tolerantia- шыдау, төзім) яғни белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.
Б.Коммонердің экологиялық қағидалары
Көрнекті америкалық эколог Б.Комманердің экологиялық заңдарының қағидаларына сүйенеді.
1. "Барлығы да бір-бірі арқылы байланысқан". Бұл заң биосферадағы тірі организмдердің бірінде болған өзгеріс міндетті түрде басқаларына да әсерін тигізеді дегенді аңғартады.
2. "Барлығы да өз орнын табу керек". Бұл заң табиғаттағы барлық организмдердің өз орны бар, яғни, табиғатта қалдық деген болмайды деген ұғымды білдереді.
3. "Табиғат жақсы біледі". Бұл заң адам баласының табиғат заңдылықтарын әлі де толық білмейтінін аңғартады.
4. "Еш нәрсе бостан босқа берілмейді". Бұл заң табиғаттан алғаныңның орнын толтыруды ұмытпа деген ұғымды білдірді.
Б.Комманердің экологиялық заңдары табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты үйлесімді түрде жүргізе білудің басты шарты екендігін ескертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет