«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Стенобионттық және эврибионттық организмдер



бет11/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62
Байланысты:
Агроэкология лекции

Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
Мекен ету ортасында тірі ағзаға әсер ететін экологиялық факторлардың көптүрлілігіне қарамай,олардың ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауап ретінде беретін реакциялары бойынша бірқатар жалпы заңдылықтарды көрсетуге болады. Тірі ағзаларға экологиялық фактордың әсерінің қолайлы немесе қолайсыз болуы ең алдымен оның әсер ету күшіне байланысты. Фактордың жетіспеуі немесе шектен тыс көп болуы ағзалардың тіршілігіне қолайсыз әсер етеді.
Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық фактордың интенсивтілігін оптимум деп атайды. Көптеген түрлердің гүлденуі көбеюі үшін оптималды температуралар белгілі.
Түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандайда бір ауытқу диапазонына бейімделуге қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды.
Әр түрдің өкілдері оптимум шамасына және экологиялық валенттілігіне қарай ерекшеленеді.
Экологиялық валенттілігі төмен түрлерді стенобионтты ( грек тілінен аударғанда stenos-тар), ал төзімділігі жоғары түрлер – эврибионтты (грек тілінен аударғанда eyoros- кең) деп атайды. Стенобионттылық пен эврибионттылық ағзада өзінің тіршілігін сақтауда пайда болатын әр түрлі бейімделу типтерін сипаттайды. Мысалы, температураға қатысты эври және стенотермді ағзалар тұздардың концентрациясына байланысты эври және стеногалилі жарыққа - эври стенофотты тамақ түріне байланысты эври және стенофагты ағзаларды бөліп көрсетуге болады.

  • Стенобионттар ( грекше stenos –тар) – тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын (ортаның шамалы ғана ауытқуларына төзе алатын) организмдер.

  • стенотермді түрлер тек температураның аз ғана ауытқуына ғана шыдамды организмдер (теңіз маржандары, бахтах(форель)

  • стеногалинді түрлер – су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтын организмдер (ұлу).

  • стенобатты түрлер қысымның ауытқуына шыдай алмайтын организмдер (риф түзетін маржандар 40-50 метр тереңдіктен төмен тіршілік ете алмайды, теңіз жұздызы тек 4500-5100 тереңдікте ғана тіршілік ете алады ).

  • Cтенофагтар - азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді (жұмыртқа жегіш жыландар).

  • Стенотоптар - тек белгілі бір тіршілік орталарында ғана өмір сүре алады (мысалы, құмды шөлдегі ақ сексеуіл, құм жыланы немесе тек тұзды топырақта өсетін қара сексеуіл).

  • Эврибионттар (грекше eurus - кең) –факторлардың кең диапазонында (әртүрлі айырмашылығы бар орталарда) тіршілік ете алатын организмдер.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет