«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Рио-де-Жанейрода (1992) және Йоханнесбургте (2002) өткен Дүниежүзілік саммиттер. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг қаласы, Дания, 1994)



бет34/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62
Рио-де-Жанейрода (1992) және Йоханнесбургте (2002) өткен Дүниежүзілік саммиттер. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг қаласы, Дания, 1994). Қоршаған орта және оның дамуы туралы БҰҰ-ның конференциясы (Рио-де-Жанейро, 1992 ж). Онда 114 мемлекет басшылары, әртүрлі 1600 мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Бұл адамзат тарихындағы ең ірі экологиялық форум болды. Бірінші рет мемлекеттер басшылар мен әртүрлі елдер өкілдері ауқымды экологиялық проблемаларды шешу жолдары туралы келісім жасады. Соның ішінде экономикалық және социалды сферасының өзгеруі туралы шешімдер де болды. Алғаш рет адамзат экологиялық проблемаларды экономикалық проблемалардан жоғары қойды.
Конференцияда 5 негізгі құжаттар бекітілді: қоршаған орта мен оның дамуы туралы РИО декларациясы; XXI ғасырдың күн тәртібі; барлық түрдегі ормандардың тұрақты дамуы мен сақталуы; климаттың өзгеруі проблемалары бойынша Рамалық конвенция; биологиялық алуантүрлілік бойынша Конвенция.
Конференцияның негізгі қорытындыларының бірі тұрақты даму концепциясын қабылдауы. Тұрақты даму деп экономикалық мен экологиялық проблемаларды бір уақытта шешуді айтады. Оның мақсаты қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық бағдарламасын өзгертпей оған негізгі бағыттар беру.
Рио – де – Жанейрода жиналған мемлекеттер өкілдері жоғары деңгейде ұстанымдар жинағын қабылдады. Бұл ұстанымдар халықтардың даму құқұғын және олардың қоршаған ортаны қорғау бойынша міндеттерін анықтайды.
Қоршаған орта және даму бойынша Рио – де – Жанейро декларациясына келесідей негізгі талаптар кіреді:
- Адамдар табиғатпен үйлесе отырып, денсаулығын және ұрпағын жалғастырып өмір сүруге құқықты;
- Қазіргі таңдағы даму үстіміздегі және болашық ұрпақтың мүддесіне зиян келтірмеуі тиіс;
Конференцияда сондай-ақ БҰҰ климаттың өзгеруі туралы арнайы концепция қабылданды. Мұндай қауіптің негізгі себебі атмосферада дымқылды газдардың жинақталуы, кейін олардың дымқылды әсер етуі. Дымқылды әсер ету атмосферадағы су буының және басқа да кейбір газдардың күннің қысқа толқынды радиациясын өткізу мүмкіндігі, сондай-ақ кейбір газдардың жер ұзақ толқынды радиацияны жұтуы кезінде пайда болады. Жер мен космос арасындағы жылу және терең жылуды ұстап қалу нәтижесінде булы әсер ету пайда болады. Климаттың негізгі өзгерісі орташа температураның атмосферада және жер бетінде өсуіне әкеледі, соның нәтижесі адамдар мен экожүйеге кері әсерін тигізеді. Табиғат пен адамға кері әсерін тигізетін айрықша зардаптарға келесілер жатады:
арктика мұздарының толықтай және жартылай еруі;
дүниежүзілік мұхиттың мөлшерінің артуы;
өзендер мен көлдер деңгейінің өзгеруі;
ауыл шаруашылығы үшін зардаптар.
Осы пайда болған проблемаларды шешу барлық адамдардың өмірін өзгертумен байланысты болады: оларды жаңа жерлерге көшіру, жұмыс істеу орнын өзгерту және т.б. Сондықтан да бұл проблемалар ең қиын проблемалар болып есептеледі. Нәтижесінде көптеген елдер осы өзгерістерге байланысты алаңдатушылық білдіреді және де планетамыздың тез жылып кетуін болғызбау үшін шаралар ұйымдастыруға тырысады. Оның ішінде ең маңыздысы көмірқышқыл газының және басқа да дымқылды булардың атмосфераға өндірістік лақтырылысын реттеу.
Тұрақты даму факторлары: экологиялық фактор (өркениет дами алатын дәліз шекаралары), экономикалық фактор (нарық жүйесін қайта құру), әлеуметтік фактор (ауылшаруашылық өндірісі, адам құқықтары, демография). Әлеуметтік экожүйенің тұрақты дамуы қоғамның тұрақты даму мүмкіндігін анықтайды, яғни көптеген ұрпақтар өмірінде өмір сүретін қоғамның тұрақты даму мүмкіндігін анықтайды.
Әлеуметтік қатынаста тұрақты қоғамда халық саны, капитал қоры және технолгиялар барлығы үшін сақтандыру деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. Экономикалық қатынаста тұрақты қоғамда ресурстар мен энергияны қолдану келесі талаптарға сай жүруі тиіс:
қалпына келетін ресурстарды пайдалану қарқыны оларды қалпына келтіру қарқынынан асып түспеуі тиіс;
қалпына келмейтін ресурстарды пайдалану қарқыны оларды қалпына келтіруді игеру қарқынынан артпауы тиіс;
ластағыш заттардың лақтырылысы қарқыны қоршаған ортаның оларды жұту мүмкіндігінен артпуы тиіс.
Аграрлық революциямен салыстырғанда экологиялық революция – бұл Жер тұрғындары саны мен табиғи ресурстар арасындағы, социальды-экономикалық және экологиялық даму тепе-теңдікті қалпына келтіру болып табылады.
Бұрынғы екі революция да технологияның жетілуі нәтижесінде жүзеге асты, аграрлық революцияның жүзеге асуына жерді жырту себеп болса, бу қозғалтқышының пайда болуы өндірістік революцияның пайда болуына әкелді. Экологиялық революцияның негізгі қозғалтқыш күшіне информациялық технологияны қолдану қажеттілігі мен табиғаттың көптеген факторларының біріктіріп есепке алуға негізделген техника мен экономикада жаңалықтардың пайда болуы жатады.
Экологиялық революция тез қарқынмен жүруі тиіс. Егер аграрлық революция 10 мың жыл бұрын басталып, ал өндірістік революция екі жүзжылдық бойы жүріп жатса, онда экологиялық революцияның жүзеге асқанына тек қана бірнеше онжылдықтар болды
Ауыл шаруашылықтары облысында революция өнімдерді өндіру өндірісінің көлемінің өсуімен ғана өлшенді, артық қалғандарын жер иелері қала тұрғындарын асырауға жұмсады. Өндірістік революцияда да шикізат өндірісі мен өндірістік тауарлардың көлемінің өсуімен ғана өлшенді. Экологиялық революцияның жеңіске жетуін былай бағалауға болады, яғни ол адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының дені сау, тұрақты өмір сүру жағдайларымен сипатталатын қоғамның тұрақты дамуы қамтамасыз етуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет