«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе



бет30/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
Байланысты:
Агроэкология лекции

Адамның экожүйедегі орны. Басқа биологиялық организмдер сияқты адамдар да қоршаған ортамен тығыз байланыста болады, онсыз күн көруге мүмкін емес. Сондықтан олар табиғат заңдарына бағынып, онда өтіп жатқан заттар айналымына қатысады.
Табиғатта болатын заттар айналымына тоқтала келіп Ф.Энгельс былай деп көрсеткен болатын: Өмір деген белокты дененің күн көріс түрі, оның ішінде қоршаған орта мен болып жататын заттар айналымына қатысуы; егер бұл айналым тоқтап қалса онда өмірде тоқтайды.
Дене құрлысы мен түрі бойынша адамдар омыртқалылар типіне, сүтқоректілер класына, маймылдар отрядына, оның ішінде ескі дүние маймылдары бөлігіне, гоминидтер тұқымдастығына жататыны белгілі. (Гоминид – қазіргі заманның және мұнан 3,5 миллион жыл бұрын болған адамдардың жалпы атауы.)
Басқа тірі организмдер сияқты адамдарға да оттек, су, қоретік заттар керек, олар маусымдық және тәуліктік табиғат құбылыстарына көндігіп, үйренеді, температура мен күн сәулесі жарығы өзгеруіне байланысты, қорғану әрекеттерін жасайды. Аталған нышандар мен қасиеттер адамдардың биологиялық организмдер қатарына жататынын дәлелдеп, олардың табиғатқа бағынышты екенін көрсетеді. Әрине, мұнан адамдардың жануарлар мен өсімдіктерден айырмашылығы жоқ деген қорытынды тумайды. Керісінше, адамда басқа тірі организмдерде жоқ ақыл мен парасат бар, олар үнемі пайдалы іс-әрекетпен айналысуға, өзара келісіп, бірлесіп өмір сүруге, организмдер де болмайтын ерекше әлеуметік орта – қоғам құруға тырысады.
Олар құрған қоғамдық арақатынас қисынды, дәйекті, мақсатты және әділ болып, басқалардың арақатынасынан анағұрлым жоғары тұрады.
Табиғи ортаны өздерінің қажеттеріне жарату үшін адамдар бірлесіп, одақ құрып, ұжым ұйымдастырылып, қоғамдықтың ерекше түрін құрып, онда өмір сүрудің заңдары мен ережелерін бекітеді және қоғам мүшелерінің оның орындалуын талап етеді. Сөйтіп адамдардың өмір сүруі тек биологиялық факторлармен шектелмей, әлеуметтік мәселелеріне, қоғам заңдары мен ережелеріне де байланысты болады.
Сондықтан адамдар экологиясы адамдардың табиғатпен тығыз байланысты, онсыз күні жоқ екенін, олардың ақыл-парасаты басқа организмдерден артық екенін ескере отырып табиғат пен қоғамның арақатынасын зерттегенде биологиялық факторлармен қатар әлеуметтік факторларды қамтиды.
Адамдардың жыл сайын күшейіп келе жатқан іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін, әсерін, пайда-зиянын, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланып, қалпына келтіріп отыру жолдары мен әдістерін адамдар экологиясы зерттейді. Оның негізгі тақырыбы – адамдар мен табиғаттың арақатынасы, олардың іс-әрекетінің қоршаған ортаға пайдасы мен зияны.
Демек, экология тек биология мәселелерімен айналыспай, әлеуметтік мәселелерді, адамдардың өзара қатынастарын, олардың қоршаған ортаға жасайтын әсерін зерттейтін болғандықтан оны тек биология саласында ғылымға жатқызуға болмайды.
Экология өзіне тән тақырыбы, ғылымда бөлек орны бар, әлеуметтік мәселелерді табиғатты пайдалану проблемаларымен ұштастырып тексеретін ғылым.
Адамдар экологиясы жаңа ғылым саласы – экологияның үлкен бір бөлімі болып есептеледі.
Дүние жүзінднгі ғылыми әдебиттерде әлі тұрақты анықтамасы жоқ адамдар экологиясына әртүрлі сипаттамалар айтылып жүр. Кейбір авторлардың адамдарды тек жалпы биологиялық тұрғыдан қарап, қоғамның әлеуметтік заңдарын биологиялық заңдармен алмастырғылары келеді.
Қоғамның органикалық теориясының негізін қалаушы Герберт Спенсер адамдарды екі топқа бөліп, біреуін қоғамның «ақылы», олар басқарушы болулары керек дейді. Оның айтуынша былай бөліну әркім ынтасына, алдына қойған мақсатына, қайсарлығына байланысты нақтылы күресте қоғамдағы тиісті орнын алады.
Р.Парк пен Э.Бюргес (АҚШ) осы ғасырлардың 20-шы жылдары ғылымға «адамдар (әлеуметтік) экологиясы» деген ұғым енгізді. Олардың айтуынша адамдардың қоғамдағы орны тек өмір сүру үшін тартысу (күресу), арақатынастарының негізгі түрі – биологиялық байланыстық көрінеді.
70-шы жылдары адамдар экологиясына мұндай көз қарастар өзгеріп, оны тек биологиялық тұрғыдан қарамай, жаратылыстану, экономикалық, әлеуметтік ғылымдар жиынтығы ретінде танитын еңбектер жарық көрді.
Ю.П.Лисицын (1973), А.В.Кацура, И.В.Новак, А.Г.Воронов (1974), О.В.Бароян (1975), Н.Ф.Реймерс т.б. авторлар өмір сүруге қолайлы жағдайларды зерттегенде адамдар экологиясы мәселенің екі жағында ескеруі қажет екенін атап көрсетті. Бірінші биологиялық факторлар (климат, жер беті айырмашылықтары, ғарыштағы құбылыстар т.б.) болуы керек.
Сонымен адамдар экологиясы табиғаттың, ондағы құбылыстар мен өзгерістердің адамдарға жасайтын әсерін, ықпалын зерттеумен қатар адмдардың қоршаған ортаға, бүкіл табиғатқа тигізетін әсерін, пайда-зиянын үнемі тексеріп, қажетті шаралар ұсынып отыруға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет