Агроэкологиядағы далалық және зертханалық зерттеулер Үшінші басылым



Pdf көрінісі
бет7/135
Дата19.05.2022
өлшемі2,96 Mb.
#35042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   135
 
Есеп форматы 
Ғылыми мақалалар ақпаратты нақты және қисынды түрде ұсынуға 
арналған базалық форматқа негізделеді. Келесі диаграммада әдетте ғылыми 
мақалаға кіретін бөлімдердің тақырыптары көрсетілген және әдетте әрбір 
бөлімде не қамтылатыны жөнінде сипатталған.
Атауы: 
Зерттеу не туралы екенін толық сипаттайтын,
бірақ қысқа берілген он бес немесе одан да аз сөздер 
Аннотация 
Зерттеудің мақсаттары, пайдаланылатын әдістер мен
жүргізілген өлшемдер, нәтижелер мен қорытындылар қысқаша сипатталатын 
бір абзацтан тұратын көлемі бір тармақ жиынтық ақпарат. 
Алғыс 
Тобыңызда кімнің не жасағанын, Сіз алған кез келген 
көмекті баяндауға арналған тармақ. 
Кіріспе 
Зерттеудің мақсатын немесе тексерілген не зерттелген 
тұстарын сипаттайтын қысқа бөлім, әдетте оқырманның зерттеу мәнмәтіні мен мәнін 
түсінуге көмектесетін кейбір жалпы мәліметтерді қамтиды. 
Материалдар мен әдістер
Жазбаша процедурадан ауытқуларды, Сіз қолданған статистикалық тесттерді қоса 
алғанда, Сіздің не жасағаныңыздың, қалай жасағаныңыздың қысқаша сипаттамасы.
Зертханалық қол процедурасын қолданған сәттерде оны қайталаудың қажеті жоқ 
.Нәтижелері 
Нақты белгіленген кестелермен және/немесе графиктермен 


18 
қоса берілетін деректерді ұсыну (оларды түсіндіру емес). Егер қажет болса, жеке 
нәтижелердің статистикалық маңызың көрсетіңіз; графиктер мен кестедегі мәндерді 
түсіндіріңіз; үрдістерді, заңдылықтарды және маңызды нәтижелерді бөліп көрсетіңіз. 
Талқылау және қорытындылар 
Нәтижелерді түсіндіру, олар нені білдіретініне назар салу. Мақсатқа қол жеткізілуін 
не жеткізілмеуін, сондай-ақ болжамның теріске шығарылуын не расталуын көрсетіңіз;
іс-әрекет механизмдері мен себеп-салдарлық байланыстар туралы ойланыңыз; өз 
әдістеріңізді сыни талдап, ықтимал қателер көздері туралы ойланыңыз; өз 
болжамдарыңыз бен зерттеудің шектеулерімен келісіңіз; жалпы қорытынды жасаңыз; 
нәтижелерді одан әрі зерделеу немесе қолдану үшін идеяларды ұсыныңыз; және 
нәтижелер агроэкожүйелерді жобалау және басқару үшін экологиялық негізді 
пайдаланудың маңыздылығына көрсететінін түсіндіріңіз. 
Қолданылатын әдебиет Есептерде көрсетілген кез келген көздерді атаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет