АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер


 Ауылшаруашылығында агрометеорологиялық қамтамасыз ету тиiмдiлiгi



бет77/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
5. Ауылшаруашылығында агрометеорологиялық қамтамасыз ету тиiмдiлiгi
Агрометеорологиялық ақпараттарды ауылшаруашылығында пайдалану экономикалық қатынастарға анағұрлым тиiмдiлiктi бередi. Бұршаққа қарсы өсiмдiктердi қорғап қалу тиiмдiлiгi әр жыл сайын 40 млн. теңге екендiгi есептелiнген.
Үсiктiң болуын алдын-ала есептеу анағұрлым тиiмдi, көкөнiстердiң көшеттерiнiң құны (қырыққабат, қызанақ, бұрыш, баклажан) және техникалық дақылдар (темекi және т/б) 1-2 мың. тенге құрайды. Бiр ғана табысты болжам бiрнеше мың теңге шығындардың алдын алады.
1977 жылы көктемде солтүстiк Қазақстанда ылғалдылықтың қорын болжауда қолайсыз құбылыстарды анықтаған. Соның салдарынан себу мөлшерi гектарына 20 кг азайған, 100 мың тонна тұқым үнемденген. Бұл пайдаға әсер еткен – жасалынған дұрыс болжау.
Ауа-райы шартын дұрыс есепке алмау шаруашылықтарға үлкен шығын әкеледi. Мысалы: Алматы облысының кейбiр аймақтарында ауа-райы шартын дұрыс болжамағанның сандарынан 200-ге жуық қойдың өлуiне соқтырды. Себебi: Үсiктiң болуы туралы ескертiлмегеннен, төлдердi шомылдырған. Ал шын мәнiнде болжам дұрыс едi.
Тура осындай жағдай 1985 ж өте күрделi нәтижелермен болған. Мамыр айына болжам бойынша температура 00-30 дейiн (жауын-шашын, сулы қар) болуы ықтимал болған. Қазақстанның оңтүстiк-шығысында 13-14 мамырда температура 10,50 төмендеген (теңiз деңгейiнiң биiктiгiнде 1550 м) – 30 дейiн (650м). Осы кезде бау-бақша, жүзiмдiктер, жемiс-жидектер, темекi толығымен зиянданды. Ал бұрынғы Талдықорған, Жамбыл, оңтүстiк Қазақстан облыстарында шығын салыстырмалы түрде аз болды. Әсiресе таулы аймақтарда мал шаруашылығы анағұрлым жоғары шығынға ұшырады.
Үсiктiң жүру нәтижесiнде ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестермен зақымдалынып, аурулардың мөлшерi өстi.
Ауылшаруашлық маманы ауа-райы шартын, климатты мұқият талдауға мiндеттi. Әрi ең бастысы ауылшаруашылық дақылдарын жағымсыз метеорологиялық құбылыстардан сақтау үшiн сәйкес шара қабылдауы тиiс.

Бақылау сұрақтары
1. Агрометеорологияның ауылшаруашылығын қамтамасыз етудегi мақсаты
2. Ауылшаруашылығын қамтамасыз етудiң негiзгi түрлерi
3. Агрометеорология ауылшаруашылығының қандай салаларын, қалай қамтамасыз етедi
4. Қандай агрометеорологиялық бақылаулар жүргiзiледi
5. Агрометеорологиялық бақылауларды қалай пайдаланамыз
6. Агрометеорология жұмыстарының экономикалық тиiмдiлiгi


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет