Калау рай сөйлеушінің белгілі бір амалды я әре- кетті жүзеге асыруға бағытталатын ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдыц көрсеткіштері есе- бінде -ғы ( + м,+ң) сы кел; -са игі еді; -ғай еді; -са екен (аналитикалық) форманттары кызмет етеді.
Олар:
Менің бар-ғы-м келеді Сендердің бар-ғы-лары-ң келе- Сенің бар-ғы-ң келеді ді
Сіздің бар-ғы-ңыз келеді Сіздердің бар-ғы-лары-ңыз Оның бар-ғы-сы келеді келеді
Бұл форма мазмұны жағынан жүзеге асу я аспауы неғайбыл келер шақ мәнінде жұмсалумен катар, өткен шақ пен осы шак түрлерінде де қолданыла береді. Бірак олар нактылы амалдын жүзеге аскан я асып жаткаи иіағын емес, тек өткен шақта я қазіргі шақта сөйлеуші*
Д20 рін көкейінде болған арман-ынтаны ғана білдіреді. Мы- салы: менің барғым келді; сенің барғың келген еді; ме- цің барғым келген еді; оның барғысы келген екен; менің *барғым келіп түр (отыр, жүр); сенің барғың келіп отыр дй? Оның барғысы келіп жүр; оның барғысы келеді екен; барғысы келіп жүрген екен т. б.
Күрделі -ғай еді форманты арқылы сөйлеуші басқа (II, III) субъектінің белгілі бір амалды жасағанын я орындағанын аңсайды, іздейді, бірақ одан амалдың қа- лай тынғаны көрінбейді де, білінбейді де, мысалы: сен барғай едің; ол барғай еді т. б.
Күрделі (аналитикалық) -са игі едіформанты арқы- ды да сөйлеуші басқа (II, III жақ) субъектінің амалды орындауын тек тілек ретінде атайды. Бірақ амалдың нақтылы орындалатыны я орындалғаны аңғарылмайды: Мысалы: сендер барсаңдар игі еді; олар барса игі еді т. т. Бірақ сендер барса игі едіңдер дегеннен тілек я қа- лаудан гөрі күдік я күмән мағынасы күштірек білінеді.
• Күрделі -са еді форманты амалға тек арман мәнін устейді, бірақ онын. орындалуы я орындалмауы жөнінде ешқандай мәлімет білдірмейді. Мысалы: ол келсе еді; сіз барсаңыз еді т. т.
Күрделі -са екен форманты да болашакта істелінетін амалды тек аңсап тілейді, бірақ оның жүзеге асу я ас- іауы тіпті ескерілмейді я ілтипатқа алынбайды. Мыса- іы: сен ертең жүрсен, екен; ол пікірін айтса екен т. т.
Қалау райының арнаулы көрсеткіштерінің бәрі де — ібден орныққан күрделі (аналитикалық) формалар; шардын жеке компоненттері бір-бірінен ажырамайды кәне мағыналары да сол компоненттердің мағыналары- іан құралмайды. Олардың құрамдарындағы еді, екен [юрмалары шақтық мәннен әбден айырылып қалған да, ек бөлінбейтін белшек сияқтанып кеткен. Сондай -ақ, ғы, -ғай, -са, -игі тәрізді компоненттер де жеке-дара гүрғанда беретін мағыналарынан айырылып қалады.