Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


Лексика-семантикалық фактор



бет39/179
Дата09.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#33695
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   179
Байланысты:
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология (1)

Лексика-семантикалық фактор. Әуелгі жай сөз тіркес- терінің идиомалану, лексикалану, делексикалану кұбы- лыстарын лексика-семантикалың фактор деп атаймыз.

Егерде күрделі сөздің мағынасы өзінің құрамындағы компоненттерінің тура мағыналарынан кұралмай (ту- май), демек, олардың мағыналарының косындысы (жи- ынтығы) болып шықпай, өзге, тіпті басқа бір ұғымды (мазмұнды) білдіретіндей болса, ондай кұбылыс, әдет- те, идиомалану деп аталады. Мысалы, қырғи қабақ бо- ту, ат үсті ңарау, қас пен көздің арасында... деген тір- кестердің әрқайсысының мағыналары кұрамдарындағы жеке-жеке сөздердің мазмұндарынан тумайды, олардаь өзге үғымдарды білдіреді. Мұндай тіркестердің қүрам- дарындағы жеке сөздердің логикалық-семантикалық, грамматикалық байланыстары көмескіленіп, ездері іштей мүшеленбейтін тұрақты тіркеске (күрделі сөзге) айнала- дыРСөз тіркестерінін осылайша идиомалануына оларды әуелде бейнелеу (метафор) ретінде қолдану дағдысы не- гіз болады.

'Жай синтаксистік тіркестің тұрақты сөз тіркесіне тән қасиетке ие болып, бір үғымның атауы ретінде жұмсалу- ын лексикалану дейміз. .Лексикаланған тіркестің компо- неттері де дыбыстық және кұрылымдық жақтарынан өз- геріске ұшырамайды. Лексикаланған тіркестің кұрамын- дағы компоненттердің (сездердің) логика-семантикалык, грамматикалық байланыстары көмескіленбейді (күңгірт- тенбейді), олар өз орындарында түрып, бір тұтас лекси- калық мағынаны білдіреді. Сөз тіркестерінін лексикала- нуына кейбір жай сөз тіркестерін суреттеме жолмен кол- дану дағдысы негіз болады. Осы себептен лексикаланған тіркестен күрделі термин сөздер мен күрделі атау сөздер кеп туады. Мысалы: темір жол, қосаяқ, жукаяқ, сапты- аяқ, шыны аяқ, қолғап, аққу, сары ала ңаз, ит ала қаз, аққұтан, көкқүтан, алтыбақан, баспасөз, асқазан, бозба- ла, ақсақал, алаөкпе, қараөкпе, томар бояу, орынбасар, алты атар, атшабар, шаңбасар, қаптесер, қолкесер ! т. б.

Күрделі сөздін күрамындағы компоненттің дыбыстьік езгерістің нәтижесінде бастапқы өз мағынасынан ада-ку- де айрылуын делексикалану деп айтамыз. Мысалы, сои-



1 Күрделі сөздердін бірге я бөлек жазылуы —ез алдына карЗ' латын (орфографиялык) мәселе.

94

дай дыбыстық өзгеріске ұшыраудын, нәтижесінде түре- гел
(тұра кел), былтыр (бір жыл-дур), түнеугүні (тонау күні), ышқыр (іш құр) сияқты біріккен сөздердің кұрам- дарындағы компоненттердің бәрі де өздерінің әуелгі ма- ғыналарынан айрылса, күндіз (күн жүзі), аласабыр (ала шұбар) тәрізділердің бір сыңарлары әуелгі өз мағы- наларын жоғалтқан. Ал, кежегем кейін тартып тұр, та- уым қайтты (жығылды), көсегең көгерсін, міз баңпайды деген түрақты тіркестердегі кежегем (желке), тау (жүз, кыр), көсеге (белгісіз), міз (белгісіз) сездері өз мағына- ларынан айрылып, тек осы тіркестерде ғана қолданыла- тын «бос» сөзге айналған. Бірақ осы «бос» сөздерді алып тастаса, күрделі сөздердің өздері ыдырап, мағыналары кожырап кетеді. Сондай-ақ, компоненттерінің бірі делек- сикаланған тілазар, тілмәр, желінсау, алаңғасар тәрізді күрделі сөздерді мағыналары жоғалған я формалары өз- герген компоненттерсіз қолданса, олар күрделі сөздік касиеттерінен айрылады.

Белгілі грамматикалық категорияларға (сөз таптары- на) тән бір алуан сөздерден я қайталану, я қосарлану, я тіркесу арқылы күрделі сөз жасалады. Бірак ол сөздер- ден жана лексикалық мағына тумайды; олар тек қана грамматикалық мағына білдіреді. Мысалы: тау, қора де- ген сияқты зат есімдер тау-тау астың; қора-қора қой де- ген тіркестердегідей екі рет кайталанып жүмсала береді. Бірақ қайталану арқылы туған, осындай күрделі сөздің лексикалық мағынасы өзгермейді, тек әлденеше тау бо- лып үйілген астық, әлденеше қора болып бөлінген қой деген тәрізді топтау, бөлу үғымын білдіреді. Осылайша, сын есімдер де (жақсы-жақсы, үлкен-үлкен, қысқа- ңысңа), сан есімдер де (он-оннан, жеті-жетіден, бес-бес- тен), есімдіктер де (кімде-кім, қай-қайдағы), етістіктер де (келе-келе, айта->айта, сөйлеп-сөйлеп, қарап-қарап), үстеулер де (әрең-әрең, зорға-зорға), еліктеуіш сөздер де (сарт-сарт, жалаң-жалаң) қайталанып жұмсалып, күр- Делі сөздер жасалады.



Бір грамматикалык категорияға тән екі басқа сөзді ҚОсарлап жұмсап крүделі сөз жасау да уйреншікті қүбы- лыс. Мысалы, аяқ-табақ, азық-түлік, ңұрбы-қүрдас, ата- ана (зат есімдр), жақсы-жаман, үлкен-кіші, үзын-қысқа (сын есімдер), жеті-сегіз, жиырма-отыз, жетпіс-сексен (еан есімдер), әні-міні, ол-пұл, анау-мынау (есімдіктер), әРі-бері, ілгері-кейін, бүгін-ертең (үстеулер), келіп-кетіп, Ыатпай-тұрмай, келген-кеткен (етістіктер) сияқты күрде-

95


лі сөздер қосарлану арқылы жасалған. Бұл күрделі сөз- дердің мағыналары да жалпылау, жинақтау, болжалдау, мөлшерлеу сиякты тұтас ұғымдарды білдіреді, демек, бастапқы лексикалық мағыналары өзгермейді.

Сөйтіп, күрделі сөздердің лексикалық мағынасы өз- гермей, тек қана грамматикалық мағынасы өзгерсе, ол процесс грамматикалану деп аталады.

Грамматикалануға негіз болатын бірнеше үлгі бар. Олар мынадай:

  1. Белгілі бір сөз табына ғана тән екі я онан да ар- тық сөз ешбір дәнекерсіз (қосымшаларсыз) өзді-өзі тір- кесіп грамматикаланады да, күрделі сөздер жасалады. Мысалы: ақ сары, аң сұр, ңара торы, ңара көк, он ек; отыз бес, жүз отыз жеті, мың бес жүз отыз алт^і т. б.

  2. Белгілі бір сөз табына ғана тән екі немесе онан да көп сөздердің я бұрынғы, я соңғы компоненті немесе екеуі де бірдей бір-бірімен дәнекер (қосымша) арқылы тіркесіп грамматикаланады да, күрделі сөзге айналады. Әдетте, мұндай тіркестің соңғы сөзі лексикалық мағына- сы солғындаған я жоғалған көійекші сөз (не көмекші есім, не көмекші етістік) болып келеді.

Мысалы: үй іші, ауыл арасы, қора маңы, есік алды; шелдеп кеттім, шаріиап ңалдым, сөйлей берді, жығылып ңала жаздады т. б.

  1. Басқа-басқа екі түрлі сөз табына (мысалы, бірін- шісі есімге, екіншісі етістікке) тән сөздердің тіркесінен әрі лексикаланып, әрі грамматикаланып күрделі сөз туа- ды. Әдетте, ондай тіркестегі екінші көмекші етістік бірін- ші есім сөзді етістікке айналдырады. Мысалы: жәрдем ңыл (жәрдемдес), көмек қыл (көмектес) қүрмет ет (құр- метте), қанағат ет (қанағаттан, қанағат қыл), зн can (әндет), күш сал (күште), құлақ қой (тыңда) т. б.

  2. Белгілі бір сөз табына тән сөз түрленіп те, түрлен- бей қайталану арқылы да грамматикаланады, күрделі формаға (сөзге) айналады. Мысалы: арба-арба, ңора-қо- ра, ауызба-ауыз, көзбе-көз, үй-күй, шай-пұй, жақсы-жак,- сы, үлкен-үлкен, алты-алты, екі-екі т. б.

  3. Белгілі бір сөз табына қатысты бір формадағы екі басқа сөз қосарлану арқылы грамматикаланады да, күрделі сөзге айналады. Мысалы: аға-іні, ата-ана, ауыл- аймақ, әрі-бері, үлкен-кіші, жаманды-жаңсылы, асыңпай- саспай, келген-кеткен, жеті-сегіз, қырың-отыз, әне-міне, анау-мынау, елең-алаң, апыр-топыр т. б.

Сонымен, қазіргі тіліміздегі күрһелі зат есімдер, күР

96

целі сын есімдер, күрделі сан есімдер, күрделі есімдіктер, күрделі етістіктер, күрделі үстеулер, күрделі еліктеуіш сездер белгілі формалардың грамматикалануы арқасын- ца калыптасқан категориялар ретінде қаралады. Сөйтіп, грамматикалану процесі белгілі формалардың күрделе- нуіне әсер етсе, керісінше, күрделену процесі олардың грамматикалануына да себеп болады.

Күрделі сөз дегеніміз — сөздердің жай синтаксистік тіркесі емес, араларындағы синтаксистік катынастарын жоғалтып, семантикалық мағынасы жағынан да, грамма- тикалық қызметі жағынан да тұтас бір бүтін тұлға (еди- ница) ретінде қалыптасқан тіркес. Күрделі сөздердің кейбіреулері (мысалы, біріккен сөздер) синтаксистік тә- сіл мен морфологиялық тәсілдің комбинациялануынан, яғни екеуінің де ерекшеліктерінің тоқайласуынан (қона-
ғасы, ендігәрі) туса, кейбіреулері түтас сөз тіркесінің лексикалануынан (ата мекен, ер жеткен, жапан түз, күн тәртібі, ауыз бірлік), кейбіреулері тұтас сөз тіркесінің идиомалануы негізінде пайда болған т. б. Міне, осындай әр алуан жағдайда қалыптасқан күрделі сөздердің күра- мындағы компоненттерінің ара катынастары да, әрине, қосымша аркылы туатын туынды сөздердің құрамында- ғы морфемалардың құралуынан тіпті баскаша да және йлдеқайда күрделі де болады. Осы ерекшеліктеріне қа- ‘рай күрделі сөздердің құрамы, қүралу нұсқалары мен үлгілері басқаша болып келеді. Рас, күрделі сөздердің бір алуаны компоненттерінің салаласуы арқылы жасал- са (мысалы, ата-ана, із-түз, ңора-ңопсы), бір алуаны са- бақтасуы (біреуі жетектеп, біреуі жетектелуі) негізінде жасалады (мысалы, күншығыс, орынбасар, алыпсатар, киікоты, дүние жүзі т. б.).

Күрделі сөздер өздерінің бастапқы төркіндерінен, де- мек, әуелгі жай сөз тіркестерінен бөлінгенде, мағыналық күрамдары мен кұрылымдары я кеңёю негізінде (мыса- лы: бүгін, түрегел), я тарылу негізінде (мысалы: сары май, ит ала қаз), я Жинақталу негізінде (мысалы: ата- ана, бүгін-ертең, ңара ала, аң шұбар, он сегіз, сексен екі, ала көл,-айта отыр), я басқашалану негізінде (мысалы: Щртын балта иіаппайды, тонның ішкі бауындай, қас қаң- Қаниіа) оқшауланып қалыптасады.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер, сыртқы кескін-түрпа- ына қарай я біріккен, я қосарланған, я тіркескен (күра- Ма) сөздер түрінде кездеседі.

97




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет