Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 28. КҮРДЕЛГ СӨЗДЕР ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ ТҮСГНІК



бет38/179
Дата09.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#33695
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   179
Байланысты:
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология (1)

§ 28. КҮРДЕЛГ СӨЗДЕР ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ ТҮСГНІК

Жалпы күрделі сөздер және олардың түр-түрлерімен байланысты теориялық, практикалық мәселелер әрі аса маңызды, әрі күрделі.

Күрделі сөз деп кемінде екі я онан көп дара сөзден (жалаң я туынды түбірлерден) қүралып, ритм ырғақ жа- ғынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан біртү- тас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға бо-

92

лып бірлесіп түрақталған құрама сөзді (я сөз тіркесіь) айтамыз.

Мысалы, бүгін, биыл, ағайын, ңолғанат, бүгін-ертең, кеиіелі-бүгінді, ағайын-туысңан, айта отыр, отыра тұр, еңбек ет, ңұрмет ңыл, ал ңызыл, ал ңара көк, сап-сары, ала жаздай, ала ңыстай, күні бүгін, жалаң аяқ, жалаң бас, ңұр қолшаң, қүр алаңан, темір жол, қоян жүрек, қырғи қабақ, темір қазық, жеті қараңшы, тау соғар, бас бүзар, ұр да жық, көр де қой, көз бояу, жан қию, арка сүйеу, таяң жеу, сол себепті, сөйте түра спяқты сөздердің бәрі де күрделі сөздерге жатады.

Күрделі сөздердің қай-қайсысы болса да әуел-баста- ғы жай сөз тіркесінен шыққан. Бұлардыц қалыптасула- рына әр қилы синтаксистік амал-тәсілдер негіз болған. Кейбір сөздер бастапқы синтаксистік жай сөз тіркестері- нін компоненттері бір-бірімен бірігу арқылы туса (бүгін, биыл, ағайын), кейбір күрделі сөздер жарыса, қабаттаса қолданылған компоненттердің қосарлануы арқылы жа- салған (ата-ана, жер-су, ел-жүрт). Ал, кейбір күрделі сөздер әуелгі еркін сөз тіркесінің тұрақты тіркеске айна- луы арқылы қалыптасқан (ала жаздай, күні бүгін, темір цазық).

Сөздің күрделену процесі бірден туа салатын және тез қалыптаса қоятын құбылыс емес, ұзақ сонар процестерді бастарынан кешіріп қалыптасатын тарихи құбылыс. Осындай процестер үстінде морфологиялық және синтак- систік тәсілдердің күрделі сөз тудырудағы ара қатынас- тарына әр алуан фонетикалық, лексика-семантикалық және грамматикалық факторлар да араласып, әрқайсы- сы өзінше әр қилы дәрежеде үлестерін қосып, сол қаты- настарының дамуына жәрдем етеді. Ол факторлардың сипаттары төмендегідей.

Фонетикалық фактор. Күрделі сөздердіц компоиент- терінін. әр қилы дыбыстық өзгерістерге ұшырауын фоне- тикалық фактор деп атаймыз. Мысалы: бүгін, биыл, аға- йын, ңайны, қайнаға, белбеу, шетік, әкел, зпер, зкет, түрегел, сөйт, өйткені тәрізді күрделі (біріккен) сөз- Дер осындағы көрсетілгендей күйге әр қилы дыбыстық өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен. Ол езгерістердің бо- лУЫна ассимиляция, диссимиляция,' үндесу (гармония), с*КІсу, ықшамдалу, сусу, агармоння (жекжат, жексурын), дауьіс екпіні сияқты әр алуан заңдар қатынаскан. Соның Нәтижесінде күрделі (біріккен) сөздердің компоненттері



93


дыбыстық жағынан әр түрлі өзгеріске ұшырап, түр-тұр- паты тіпті басқаша болып калыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет