-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары етістіктен зат есім тудыру жағынан қандай енімді болса, сын есім тудыру жағынан да сондайлықты қабілетті. Оның бұл ерекшелігі осы жұрнақтың, жоғарыда айтылғандай, зат есімге де, сын есімге де ортақ (омонимдес) қосымша бо- луына байланысты. Сондай-ақ, бұл жүрнақ аркылы жа- салған туынды сездердің әрі зат есім, әрі сын есім кыз- метін атқаруы да оның (қосымшаның) осы ерекшелігіне тікелей қатысы бар құбылыс екені күмәнсыз.
-ма (-ме...) жұрнағы арқылы жасалған сын есімдер тікелей өздері туған негіздерінің (түбірлерінің) лексика- лық мағыналарына байланысты сындық ұғымдарды біл- діреді. Мысалы: қызба (адам), бөспе (сөз), бояма (мі- нез), жалдама (ақы), қынама (бел), жайылма (сөйлем), құрама (нәрсе), сырма (пенжек), аспа (шам), көшпе (құм) т. б.
§ 58. ЕТІСТІКТЕРДЕН СЫН ЕСШ ТУДЫРАТЫН ӨНІМСІЗ ЖҮРНАҚТАР -ыс, -іс, -с жұрнактары кейбір етістіктерден нақ- тылы лексикалық мазмұнына орай туынды есім жасай- ды. Мысалы: ұқсас, таныс, талас, жалғас, тіркес, келіс, кетіс т. б.
-қыр, -ғыр, -кір, -гір косымшалары өнімсіз болса да әрі туынды етістік (ысқыр, пысқыр, ощыр, түшкір, үшкір, қышқыр) әрі туынды сын есім (ушцыр, өткір, білгір) жасайтын омоним жұрнақтар.
-қыр, -ғыр, -кір, -гір жұрнактары аркылы етістіктер- ден туатын сын есімдердің мағыналары жалғанатын сө- зінің лексикалық мазмұнына орай, белгілі бір іс-әрекет- ке бейімділікті, кабілеттілікті, жеткілікті білдіреді. Бұл Жағдайда -қыр жүрнағының мағынасы -қыш жұрнағы- Мен синонимдес болып келеді. Мысалы: алғыр, білгір, е1'йр, уищыр дегендерді алғыш, білгіш, ушқыш деп те айтуға болады.
; Сонымен қатар, бұл жұрнақ әрі экспрессивті, әрі эмо- Чиялы я тілек, я қарғыс ренін білдіретін жалаң және
179
күрделі формалар да тудырады Мысалы: қүрғыр, өртен- гір, қадалғыр, арам қатқыр, сеспей қатқыр, көсегең кө- гергір, өркенің өскір т б. -мыс (-мыш) формасы кейбір етістіктерден сын- дық ұғым тудыратын көне форма есебінде кызмет етеді Мысалы: жасамыс, айтылмыш, тарамыс, жазылмыш, жаралмыш т. б.
-ымтал (-імтал)формасы. Бастапқы жалаң -ым және -тал қосымшаларынан қүралған күрделі жұрнақ. Оның сөз тудыру кабілеті тіпті аз, өзі жалғанған етіс- тіктерден, олардың мағыналарына орай, белгілі бір әре- кетке бейімділікті, қабілеттілікті білдіретін туынды сын есім жасайды. Мысалы: ұғымтал, өсімтал, сезімталт б
-қы (-кі, -ғы, -гі) жұрнағы кейбір ётістіктерге жалғаиып, олардан сол сөздердің мағыналарына байла- нысты туған сындық үғымнын атауларын жасайды. Мы- салы: бүралқы, оралғы, жинақы, күлдіргі т. б.
-ыр, -ір, -ар, -ер. -ыр (-ір, -р.-) формасы кейбір негіздерге жалға- нып, олардың лексикалық мағынасына катысты туған сындық ұғымның атауларын білдіреді. Мысалы: жүмыр, иір, обыр, қыңыр, тықыр, шымыр, қүзар, былжыр т. б.
-ыр (-ір, -ар, -ер...) қосыміиасы кейбір еліктеу сөздерден де туынды сын есім жасайды. Мысалы: жал- тыр, жылтыр, сылбыр, былбыр т. т. -у жұрнағы кейбір етістіктерге жалғанып, лекси- калық мағынасына қатысты сын есімдер жасайды. Мы- салы: жарау, қызу, тақау, жадау, жабырқау, түзу, таяу, бітеу, баяу, көлбеу, қату т б.
-аған (-еген) жүрнағы кейбір салт және сабақты етістіктерге жалғанып, олардан мазмұнына сәйкес, бел- гілі бір іс-әрекетке бейімділікті білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: тебеген, қабаған, сүзеген, қашаған, береген, алаған, безеген, көреген т. б.
-ын (-ін, -н) жүрнағы кейбір етістіктен және кей- бір көне негіздерден туынды сын есім жасайтын өнімсіз қосымшаның бірі. -ын (-ін, -н) қосымшасы өзінің жал- ғанатын сөзінің лексикалық мағынасына қатыстық сын есімге тән мағына жамайды. Мысалы: ортан, бүтін, ер- кін, үзын, жайын т. б.
-қалақ (-келек, -ғалақ, -гелек)жұрнағы кейбір етістіктерге жалғанып, солардың лексикалық мағынасы-' на сәйкес, белгілі бір іс-әрекетке бой ұратындықты біЛ'
180 діретіндей сындық ұғымның атауын жасайды. Мысалы: үшқалақ, сасқалақ, қозғалақ т. б. -алақ (-елек) жүрнағы негізінен, еліктеу сөздерге * жалғанып, олардың бейнелеу ұғымына катысты туынды
сын есім жасаиды. Мысалы: еңкелек, қаңғалақ, бүлта- лақ, шыжалақ, жалталақ т. б. -анақ жұрнағының туынды сөз жасаудағы үлесі тіпті аз да, өнімі тіпті жоқтың қасы деуге болады. Өйт- кені бұл жұрнақ арқылы тек суқ, шүқы, иіық сияқты 61- pep етістіктен ғана олардың нақтылы лексикалык ма- ғынасына қатысты сындық ұғымды білдіретін туынды сөздер жасалады. Мысалы: сүғанақ, иіүқанақ, шығанақ т. б.
-ғылықты (-гілікті, -қылықты, -кілікті) жүрнағы -қы, -лық, -ты компоненттерінен қүралған; бүл қосым- ша кейбір салт және сабақты етістіктерге және мекен атауын білдіретін кейбір зат есімдерге жалғанып, косы- латын сөзінің мағынасына байланысты туынды сын есім- дер жасайды. Мысалы: жеткілікті, түрғылықты, жергі- лікті, тыңғылықты т. б.
-мсақ, (-мсек, -ымсақ, -імсек)жұрнағы -м және -сақ (-сек) қосымшаларынан жасалған. Бүл форма кей- бір салт және сабақты етістіктерге жалғанып, іс-әрекет адамның әдетіне, қалыпты үйреншігіне айналған қасие- тінің сипатын білдіретін сын есім жасайды. Мысалы: сүрамсақ, тілемсек, жарамсақ, берімсек, өлімсек, алым- сақ, сатымсак; т. б.