болғанымен, тарихи шығу төркіні жағынан басқа-басқа (екі я үш түрлі) формалар болған сияқты. Ал -шаң (-шең) жұрнағының сөз тудыру қабілеті мынадаи: Киім-кешек атауларына жалғанып, адамның бо- йындағы киімімен байланысты сыртқы бейне-көрінісін білдіретін сын есімдер жасайды. Мысалы: көйлекшең, етікшең, пальтошаң т. б.
Қейбір зат есімдерге жалғанып, адамға я затка тән белгілі бір ерекше қасиетті білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Бүл сын есімдер мағына жағынан -шыл (-шіл) жүрнағы арқылы туатын сын есімдермен синонимдес болып келеді. Мысалы: ашушаң, сөзшең, бойшаң, тершең, кіршең т. б.