Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет120/173
Дата02.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#78541
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

а) -йын деп қал форманты жетекші етістікке тірке- сіп, оған амалдың басталуының я аяқталуының соңғы шекке жеткенін (таяғанын) білдіретін реңк жамайды. Мысалы: жумыс бітейін деп қалды (жұмыс бітеііін дсп
қолғанда; йін деп қалған соң); шай таусылайын деп
қалды т. б.
ә) -йын деп барады форманты жетекші етістікке тір- кесіп, амалдың басталуға я аяқталуға бет алғанын, со- ған бірте-бірте көшкенін білдіретін реңк үстеііді (әре- кет статикалық қалыпта емес, динамикалык күйде көрінеді). Мысалы: су тасиын деп барады (бара жатыр); тойғаннан сиыр жарылайын деп барады (құла, тасы, тус, ол, бат, кет, суал, жазыл, сасы, жарыл, ері, жүр, тур...)
б) -йын деп келеді форманты жетекші етістікке тір- кесіп, амалдың бірте-бірте я үдегенін, я кемігенін білді- ретін реңк қосады. Мысальг кун суытайын деп келеді; мен шөлдейін деп келемін т. б.

  1. -йын де формантына -п тұр, -п отыр, -л жатыр, -п жүр форманттары қосылып, төрт түрлі күрделі формант жасайды. Бұлардың әрқайсысы жетекші етістікке өзін- ше реңк жамап, амалдың белгілі бір кезеңде бір қалып- та болатынын білдіреді. Ол ренктер мынадай:

а) -йын деп тұр форманты жетекші етістікке тіркесіп, амалдың басталу я аяқталу карсаңында екенін (түрға-

270

?

ньіи) білдіреді. Мысалы: оған осы ойымды айтайын деп турмын; істің сәті тусейін деп тур; жіп узілейін деп тур т. б.
о) -йын деп отыр форманты жетекші етістікке тірке- сіп, амалдыд басталу (болу) я аяқталу қарсаңында еке- нін (тұрғанын) білдіреді. Мысалы: мен жүрейін деп отырмын; осы жайды сізден сұрап алайын деп отырмын, т. б
б) -йын деп жатыр форманты өзі тіркесетін жетекші етістікке амалдың дереу болғалы жатқанын я жедеқа- был әзірлік жасалып жатқанын білдіретін реңк үстейді. Мысалы: ол Москваға жүрейін деп жатыр: Абзал мақа- ла (кат) жазайын деп жатыр т. б.
в) -йын деп жүр форманты жетекші етістікке тірке- сіп, амалды субъект жүзеге асыру камында екенін я жү- зеге асыру карсаңында жүргенін білдіреді. Мысалы: осы ойымды сізге айтып қояйын деп жүрмін; ол әуелі Москваға барып келейін деп жүр т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет