Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет92/173
Дата02.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#78541
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

Біріншіден, бөлшектік сан есімдердін қүрамындағы сөздердін бірінші сыңары (компоненті) ілік септік фор- масында түрады да, екінші сьіңары (компоненті) тәуел- дік жалғаулы болып келеді. Яғни олар іліктесе, матаса байланысқан сөздердің тіркесі болады: үіитің бірі, төрт- тің екісі, онның үіиі, жиырманың алтысы, жүздің тоғызы т. б.
Екіншіден, бөлшектік сан есімдердін қүрамындағы сездердің бірінші сыңары шығыс септік формасында, ал екінші сыңары тәуелдік жалғаулы больіп келеді: екіден бірі, жиырмадан жетісі, жүзден бірі, мыңнан бірі т. б.
Үшініиіден, бөлшектік сан есімдердін. күрамындағы сөздердің бірінші сьіңары шығыс септік формасында, екінші сьін.ары атау түрінде қолданылады. Бірак. ондай- да «бөлігі» сөзін қосып айту кажет болады: еківен бір бөлігі, оннан бес бөлігі т. б.
Соңғы екі жағдайда бөлшектік сан есімдердін бірін- ші сьщарына тән ілік селтік жалғауы бөлшектік сан

206

есімдерден бүрынғы зат есімге жалғанады да, тәуелдік бөлшектің алымьін білдіретін сөзге жалғанады. Мысалы: Судың
үштен бірі қалғандсі, Қөлжүтардың үрты ғана суға толады (Қазақ ертегілері).
Белгілі бір заттын тиісті бөлшегін атау үшін, есептік сан есімдерге жарым сөзі тіркестіріліп те айтылады: Мысальі; Үш жарым мың жылқымыз, төрт жарым мың сиыр, жүз түйе бар (С. Мүқанов).
Бүдан басқа қазіргі қазақ тілінде жарты, ширек деген бөлшектік үғымдарды білдіретін сөздер де бар. Жарты сөзі екінің бірі (екіден бірі, ’/2, екі бөліктің бір бөлігі деген үғымда, ширек сөзі төрттің бірі (төрттен бір, 1/4) деген үғымда колданылады.

VII т a р а у

ЕСІМДІК
§ 68. ЕСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Есімдер тобына жататын сөз табының бірі — есімдік- тер. Есімдіктер заттын атын, сынын, санын, я олардың аттарьін білдірмейді, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жүмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтыльі мағыналары өздерінен бүрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғары- на қарай айқындалады. Мысалы: Ол Прутковтың
бар- лың афоризмін білетін (С Ерубаев); Сен қымсынба, ар- тыңда біз бармыз (М. Әуезов) дегендердегі есімдіктердің қайсысының болса да мағынасы нақтылы емес. Өйткені бірінші сөйлемдегі ол деген сөзден тек бір адамның Прутковтыц барлық афоризмін білетінін ғана аңғарға- нымыз болмаса, ол адам кім?— Бейсенбай ма, әлде Мү- рат па? Жок, тіпті біз білмейтін басқа бір адам ба? Әй- теуір, оньш кім екенін бірден айқын біле алмаймыз. Екінші сөйлемдегі сен, біз дегендердің де мағыйалары нақтылы емес, олар жалпылама түрде ғана айтылған. Ондай болатын себебі: Ол деген сөз мен және сен деген үғьімнан басқаның бәрін білдіреді, демек, кезбе-көз я бетпе-бет сөйлесіп гүрған екі адамнан басқаның бәрі

207


(адам ба, зат па — бәрі бір)— ол болады. Ал, мен тек бірінші жақ (сөйлеуші я айтушы) болады да, сен.— тыңцап (сөйлесіп) тұрған адам, демек, сөйлеушімен (менімен) әңгімелесіп отырған адам болып шығады. Со- нымен, жоғарыдағыдай дара тұрған сөйлемдердегі есім- діктердіц дәлді мағыналары бірден айкын болмайды


Есімдіктердін дәлді мағыналары, егер екі я онан да кеп адам сөйлесіп отырған жағдайда (диалогта) қолда- нылса, сол сөйлемдерден бұрын айтылып, я аталып өткен сөйлемдермен байланысты анғарылады. Ал егер ондай есійдГктер монолог түрінде айтьілған я жазылған сөйлем- дерде қолданылса, олардыц дәлді мағыналары, яғни олар туральі мәлімет, сол сөйлемдерден бұрын айтылған я жа- зьілған сөплемдермен байланысты тыңдаушы мен айту- шыға (оқушьіға) ғана белгілі болады. Демек, есімдік- тердің дәлді мағьіналары бұрьін айтылған я жазылған сөйлемдермен байланысты аныкталады. Мысалы: Мен жаратпаған атшыға қарап едім, ол «тек отыр» дегендей басын іиайщап, ернін тістей қойды (С. Көбеев) деген мысалды алсақ, сейлемдегі ол деген сездің дәл кім еке- нін бірінші сейлемдегі атіиы деген сөзден аңғарамыз. Сол сияқты; кімді айтса, сол келед/ деген мақалдағы кімді, сол деген есімдіктердің де кімді нақтылы білдіріп тұрғанын, яғни дәлді мағыналарын бұрынғы сөйлемде аталған адамға қарап барып анғарамыз. Шынында, ол, мен, деген есімдіктерді алсак, әркім я әр адам ол да, мен де бола алады.
Есімдіктердің мағыналары каншама жалпы болғаны- мен, олар (есімдіктер) қандай сөздердің орнына қолда- нылуына карай, сол сөздердің негізгі мағыналарына сәйкес (заттык, сындық, сандық т. б.) зат немесе заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып жатады. Мы- сал үшін сен, ол жіктеу есімдіктерін, бұл, сол сілтеу есімдіктерін, кім, не, қай сұрау есімдіктерін алайық. Егер осы есімдіктердің негізгі мағыналарын саралап ка- райтын болсақ, қандай сөздердің орнына қолданылуына. байланысты, біріншіден, заттық ұғымды білдіретін сез- дердің орнына қолданылатын есімдіктер, екіншіден, зат- тың белгісін білдіретін сөздердің орньша жұмсалатын есімдіктер болып іштей екі жікке бөлінеді. Сонда сен, ол кім? не? есімдіктері заттық ұғымды білдіретін сөз- дердің, бүл, сол, қай? есімдіктеірі белгі атауларынын орынбасарлары болып шығады. Осындай екі жік сөз- дерді, біріншіден, заттық үғымды білдіретін сөздердін

208

орынбгсарлары — субстантнвтік есімдіктер, скіншіден, заттын. белгісін білдіретін сездердің орьінбасарлары — аттрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөледі.
Морфологиялык. жағынан есімдіктер түрленетін сөз- дердін тобына косылады. Ал олардың түрленуінде, жал- пы алғанда, есімдерге ұқсастыктар болмағанымен, өзде- ріне тән ерекшеліктері де бар. Мысалы, субстантивтік есімдіктер колданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те кол- даныла беретін болса, аттрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында, нағыз сын есімдер ретінде қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді, демек, грамматикалык формаларынық ешбірін де кабылда- майды.
Есіыдіктердің бәріне де тән, бәріне де ортак деп есеп- терліктей я танырлықтай белгілі бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бүл ерекшелік негізінде есімдіктердін іштей субстантивтік және аттрибутивтік болып мағыналық екі жікке бөлінуімен байланысты.
* * $:

Есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топка бөлінеді: оның бір тобына өте ерте заманнан келе жаткан байыр- ғы (көне) түбір есімдіктер енеді де, екінші тобына тілі- міздін даму, жетілу процестерімен байлавысты, кейінгі замандарда пайда болған, демек, сонғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер жатады.
Алғашқьі топка жататын есімдіктер әрқашан негізгі түбір сездер сипатында болады. Бұған мен, сен, ол, біз, сіз, қай? кім? не? міне, бұл, осы, сол т. б. сияқты қазір- гі кезде белшектеп талдап жатудьі қажет етпейтін түбір тұлғалы сөздер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет