Екіниііден, кейбір жалғаулықтар белгілі бір түбір сөздорге қосылып қолданылатын әр қилы қосымшалар- мен үнемі жұмсала-жұмсала келіп, сол формаларда әбден тұрақталып, көнелену аркылы әрі түлғасы өзгер- мейтіндей халге жетіп, әрі мағынасы солғындап делекси- каланып, бірте-бірте жалғаулықтарға айналған. Мыса- лы, дегенмен (де-ген-мен), болмаса (бол-ма-са), немесе (не-ме-се), себебі (себеп + і), сондықтан. (сон + дық+ тан), бірде (бір+де), демек (де+мек) секілді жалғау- лықтар бастапқы де, бол, не себеп, сол, бір, де Деген түбірлерге көрсетілген қосымша формалардың дәйім қо- сылып айтылуы аркылы, яғни сол формаларда тұракта- луы арқылы қалыптасудан пайда болған. Қсйбір жалғаулықтар жеке сөздердің бірігуі немесе кірігуі арқылы да пайда болған. Мысалы, бірақ (бір-ақ), біресе (бір — ерсе) жалғаулықтары әуелгі бірдеген сан есімге ак, демеулік шылауы және осы күнгі еді көмекші етістігінің бастапқы ерсе формасынын. бірігіп қалыпта- суы арқылы жасалган. Ал өйткені (өйт + кен + і), өйткен- мен (өйт+кен + мен), әйтпесе (әйт + пе+се) деген жал- ғаулықтар әуелгі олай және ет деген сөздердің әрі тиісті фонетикалық өзгерістерге үшырап ықшамдалып бірігуі? нен, әрі бірікксн формаға — кен+і, кен+мен, -пе+се қосымшаларының үстемеленіп түрақталуынан қалып- таскан. Кейбір жалғаулықтардың қазіргі мүсін-кескіндері өздерінің алғашқы формалары тиісті өзгеріске үшырап, кейбір дыбыстарының түсіріліп айтылып, мүжіліп, ка- лыптасқандары да байқалады. Мысалы: та (те, да, де) шылауы әуелгі тағы (тағын) формасынан, мен жалғау- лығы менен (әуелде бірлән) формасынан ықшамдалып қалыптасқан. Жалғаулықтар өзге тілдерден де ауысып келеді. Мы- салы: әм, әлде, я, яки, егер, яғни сияқты жалғаулық шы- лаулар араб және иран тілдерінен ауысып келген бол- са, қүй жалғаулығы орыс тілінен енген. Ксйбір жалғаулықтар аналитикалық тәсіл бойыншз екі түрлі шылаудан құралып та жасалған. Мысалы: олай, бірақ, өйтсе, әйтсе, сүйтсе шылаулары да шыла' уымен тіркесіп, олай да, бірақ та, өйтсе де, әйтсе де, сүйтсе де тәрізді күрделі шылаулар калыптасқан. Морфологиялық қүрылысы тұрғысынан алсак, жаЛ'
364 ғаулық шылаулар дара да, күрделі де болып, екі жікке бөлінеді. Дара жалғаулыктар тобына лсксикалық не синтетикалық жолмен жасалған әр қилы формадағы же- ке сөздер жатады да, күрделі жалғаулықтар тобына сөз тіркестері арқылы жасалған күрделі сөздер жатады. Жалғаулықтардын мағыналары мен функцияларын (кызметтерін) бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Өйт- кені олардын, сөйлемде қолданылуына байланысты ма- ғыналары әрбір жалғаулықтын, функциялық кызметіне орай және соған сәикес саралаиып отырады. Соидықтан жалғаулықтарды өзара жіктегенде, түпкі тірек етіліп олардың функциялық қызметі нсгізге алынады. Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағы- нан, олар: а) салаластырғыш жалғаулықтар және ә) са- бактастырғыш жалғаулықтар деген екі топка белінеді. а) Салаластырғыш жалғаулықтар.Салаластырғыш жалғаулықтар бірыңғай жеке сөздер мен сөз тіркестерін және бірыңғай сөйлемдерді байланыстырады да, солар- дың өзара байланысу жолдары мен катынастарын көр- сетеді. Осындай байланысу жолдары мен қатынастарын көрсететін салаластырушы жалғаулықтар іштей ыңғай- ластық және талғаулықты болып екі салаға бөлінеді.