оның баяндауышы, әдетте, үшінші жағында түрады (мы- салы: Ол отыр — бала отыр; ол келді — бала келді; ол көрсін — бала көрсін; ол оңыпты — бала жазыптыт. б.).
Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлі- ніп, төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі:
Бірінші топқа отыр, түр, жүр, жатыретістіктері, есім- шелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады.
Екінші топқа -а, -е, -й (бара, келе, сөйлей)формалы және -п, -ып, -іп (қарап, айтып, келіп)формалы көсем- шелер жатады; олар екінші үлгі бойынша жіктеледі
Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы (бар-ды, кел-ді)мен шартты рай формасы (барса, кел- се)жатады; бүлар үшінші үлгі бойынша жіктеледі.
Тертінші топқа етістіктік бұйрық рай формасы (бар, кел)жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі. Бірінші топқа тән сөздер сөйлемде баяндауыш болса, жіктік жалғау оларға жекеше түрде де, көпше түрде де барлық жақтарда бірдей, бір ізбен қосылады. Бұл топқа тән сөздердің жуан я жіңішкелігін қамти оты- рып, бір-бір мысал алып, жіктеп көрсек, мынадай үлгі туады: а) түр, жүр.