Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет36/179
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#16121
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   179
ЖАЛАҢ СӨЗДЕР ^

§ 26. ТҮБІР СӨЗ

СөздІң өз алдына түрып мағына бере алатын, әрі қа- рай бөлшектеуге келмейтін түпкі мағыналы бөлшегі. әдетте, түбір немесе негізгі түбір, немесе түбір сөз деп аталады. Мысалы, бас, бастың, басшы, басқар, басқарма дегендердің бәрі бірдей түбір сөздер емес,— түбірлес сөз- дер. Олардың ішінен тек бас деген форма ғана түбір сөз

86

болады. Бұл сез осьшдағы өзге сездердің бәріне форма жағынан да, мағына жағынан да төркін ретінде кызмет етеді. Осы ортақ төркінді әр қарай тек дыбыстарға бел- шектеуге (мысалы: ба-с; б-ас; б-а-с) болады, бірак ол жасанды бөлшектерден ешкандай мағына шықпайды.

Қазақ тіліндегі түбір сөз форма жағынан да, мағына ясағынан да ез алдына жеке сөз ретінде қолданылатын дербес сөз болуы шарт. Мысалы: ал, біл, айт, сөз, ес, іс, мал, ңат, тас, көп сияқты сөздердің әркайсысынан өз алдына әлденеше туынды сөздер жасай беруге болады. Мысалы: біл, білім, білгір, білгіш, білін, білдір, біліс, бі- лімп&з т. б. Бұл сөздер — бір түбірден өрбіген туынды сөздер. Бір түбірден туған, осындай туынды сөздер, әдет- те, түбірлес сөздер деп аталады.

Бірақ тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей, жоғарыдағы- дай, түбірге және қосымша бөлшектерге оп-оңай, мүше- лене бермейді. Олардын ішінде, туынды сөздердің мағы- насына ұйтқы болғанымен, формасы жағынан дербес сөз ретінде колданылмайтын түбірлер де кездеседі. Мысалы, момын, момақан, момыш; іиалқаң, шалқасынан, шалңаң, шалңалау, шалңалақтау, шалқалаңдау деген сөздерді алайық. Әрине, бұлар да — өзара түбірлес я төркіндес сөздер. Олардың да бастапкы түбірі қайсы екенін тұлға- лық жағыиан ажыратуға әбден болады: мұндағы бірінші топтағы түбірлес үш сездің бөлшектеуге келмейтін ең түпкі бөлшегі — мом — деген морфема да, екінші топтағы түбірлес алты сөздін ең түпкі бөлшегі — шалқ — деген морфема. Бірақ бұл морфемалардың қайсысы болса да, сол қалыптарында қазіргі тілімізде дербес сөз ретінде қолданылмайды; олар тек сол қосымшалы формаларда тұрғанда ғана жеке-дара сез ретінде жұмсалады. Жалаң түбір сөз ретінде жұмсалмайтын, тек белгілі формалар- да ғана колданылатын мұндай түбірлер, әдетте, өздері- мен түбірлес сөздердіц формаларын салыстыру арқылы анықталады. Грамматикада мүндай түбірлер (мом, иіалқ- сияқтылар) өлі түбірлер я көнерген негіздер деп аталады. Ал, осыған орай, сөз етілген алғашқы түбірлер (бас, ал, айт, ас, іс тәрізділер) тірі түбірлер деп аталады.

Е с к е р т у: Сөздердің түбірін я онын, морфологиялык Қүрылымын айқындау үшін, анықталатын морфема тіл- Дегі басқа сөздерде ұшырайтыны я ұшырамайтыны еске- рілуі қажет; егерде бір морфема (түбір ме, қосымша



87


ма — бәрі бір) талданатын сөзден басқа ең кем болған- да, бір я брінеше сөздің құрамында сбл мағынада, сол қызметте жұмсалатын болса, онда олардыд төркіні бір болғаны. Мысалы: үлкен және үлкейген, өксі
және өкір, жой және жоц, той және тоң сияқты сөздерді бір-бірімен салыстырыңыздар. Сонымен бірге, сөздің морфология- лық құрамы мен этимологиялық құрамы үнемі аумай, дәлме-дәл шыға бермейтіндігі де есте болуы керек. Өйт- кені морфемалардың аралығындағы мағыналық және грамматикалық қатынастар мен байланыстар біржолата жойылғандықтан, ол сөз өзінің бастапқы төркінінен ада- күде қол үзіп кетуі мүмкін (мысалы: тын және тыныс, тыным; түп және түбір; сөз және сөйле; ту және тула; құр және құрғадьі; жап және жабыс; бол және болыс; қат және ңатыс (катынас) сөздерін салыстырып қа,. і- ңыздар).

Қазіргі түбірлердің бәрі де — лексикалық, граммати- калық және дыбыстық жақтарынан тұрақты бір бүтін тұлғалар. Ол түбірлер практикалық тілде жеке-дара сөз ретінде де, жаңадан әр алуан сөздер тудыратын негіз ре- тінде де жұмсала береді. Мысалы: ол, бұл, кел, кет, ас, ат, шаш, ңас, бас, тас, соз, мен, сен, біз, сіз, үміт, үйрет, ояу, оят, жан, жац, жальін, жалаң, жалңы, жалғыз, қайт, ңайыр сөздерінде осы қасиеттердің бәрі де бар. Бірақ тарихи тұрғыдан қарағанда, түбір бірте-бірте мағына жағынан да, дыбыстық (фонетикалық және морфология- лық) жағынан да дамып қалыптасады. Мысалы, қазіргі кез тұрғысынан алғанда, жоғарыдағы жақ, жан, жалын, жалаң, жалңы, ңайт, ңайыр сөздері — түбір сөздер. Ал, тарихи тұрғыдан алсақ, осылардың бәрі де — туынды сөздер; өйткені жаң, жан, жалын сөздері -қ, -н, -л + ын қосымшалары арқылы бастапқы жа деген түбірден, жа- лаң, жалңы, жалғыз сөздері -аң, -ңы, -ғыз қосымшалары арқылы әуелгі жал деген түбірден, қайт қайыр сөздері -т, -ыр жұрнақтары арқылы қай деген түбірден туған. Демек, ерте замандарда түбір есебінде кызмет еткен бұл морфемалар кейінгі замандарда көнеріп, туынды сөздер- дің құрамына еніп, ол құрамнан бөлінбейтіндей күйге жеткен де, жанадан сөз тудырарлықтай түбірге айнал- ған. Осындай көнеленген сөздер көнеленген түбір деп аталады.

Ал, осы жақ, жан, жалын сияқты сөздерді қазір біз туынды сөздер ретінде емес, түбір сөздер есебінде қа-

88

былдаймыз. Өйткені осы күнгі қазақтар жа деген сияқты сөздерді білмейді және оларды сөз деп қабылдамайды.

Сөйтіп, түбір сөз және түбірлік сөз дегн ұғымдардың арасында елеулі айырмашылық бар: түбір деген ұғым — динамикалық ұғым да, түбрілік сөз деген ұғым — стати- калық үғым. Бұл екі ұғымның шегін ажырату (дефини- ция) мәселесі тілдің динамикалық және статистикалық күй-жайын анықтау, тексеру үшін аса қажет.

Түбір сөздердің ішінде айтылуы (дыбысталуы) бір болғанымен, мағыналары басқа-басқа болып келетін омонимдер де бар. Мысалы: ат, ас, аз, бас, баң, жақ, той, ой, кір, тіл, ңап, тап, көш, жылы, тоң т. б. алсақ, олардың әрқайсысы әрі түбір есім, әрі түбір етістік ретінде жұм- сала береді. Бұлар дыбысталуы мен жазылуы жақтары- най қазіргі кезде дәл осындай бірдей болғандарымен, та- рихи жағынан, яғни бастапкы шығу төркіндері басқа-бас- қа сөздер болған. Олар, біріншіден, сөздің мағынасының дамуы нәтижесінде, екіншіден, дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде, үшіншіден, тиісті қосымшалар қосылуы нә- тижесінде омоним сөздерге айналған. Омонимдердің ішінде де басқа тілдерден енген сөздер болады. Әдетте, олар да байырғы омонимдерше түлға-түрпат жағынан тілдің заңына орайласып кетеді. Мысалы, орыс тілінен енген волость сөзі болыс деген етістікпен, араб тілінен енген ғайт сөзі айт деген етістікпен ұқсасып кеткен. Ал, болыс етістігі әуелгі бол деген түбірден және -ыс косым- шасынан, айт деген етістік бастапқы ай деген түбірден және -т қосымшасынан біріккен.

Сонымен, түбір деп, әрі қарай бөлшектенбейтін, мор- фемаларға мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я қүбылыс жайындағы немесе я әрекет жайындағы үғымды білдіре- тін (я атау үшін қолданылатын) белгілі бір дыбысты я дыбыстык қүрамды айтамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет