Сөз тудыру дегеніміз — жаңадан сөз жасау заңдары мен ережелерінің жинағы.
Сөз тудыру жайындағы қағидалардың бір үшығы лек- сикологиямен, бір үшығы грамматикамен ұштас болады. Өйткені сөз тудыру тәсілдері аркылы жасалған жана сөздер я жаңа үғымдарды, я белгілі-белгілі ұғымдардын әр қилы ерекшеліктерін білдіреді де жаңа лексикалык түлға (единица) ретінде қызмет етеді. Мысалы: қон, trouble, ңонақ, қонағуар; түт, тұтқа, тұтңыш, түтқыр деген сөздердің әрқайсысы — өз алдарына дербес лексикалын
78
түлғалар. Егер осы сөздерді лексикология тұрғысынан емес, грамматика тұрғысынан талдай бастасақ, олардың әрқайсысы белгілі сөз таптарына телулі болады. Осы се- бептен грамматика жаңа сөзді қандай тәсіл арқылы, қай жұрнак арқылы туды және қай сөз табына тән қасиетке ие болады деген сияқты мақсаттарды анықтау үшін ар- найы объект (нысана) етіп тексереді. Онан қала берді, жаңа сөздің түлға-тұрпаты қандай да болса, әйтеуір, бір өзгеріске үшырайтындыктан, сол өзгерісті қарастыру да, әрине, грамматиканын (морфологияның) міндеті болады. Сөздердің бірігуі, тіркесуі арқылы туған олардың қүрам- дарындағы компоненттер, бір жағынан, синтаксистік қа- тынастардың үлгі-нүсқалары бойынша құрылатыныи, екінші жағынан, күрделі сөздердің қызметі сөз тіркесте- рімен де азды-көпті құрылымдас болатынын ескерсек, жаңа сөз тудырудың бұл тәсілдері синтаксиспен де сы- байласып жататынын көреміз. Ендеше, туынды сөздер бұл жағынан да грамматикадан аулақтана алмайды.
Грамматикалық заңдар сияқты, жалқыдан жалпыға, нақтыдан таныкқа (абстрактілікке) қарай жинақтау, абстракциялау қасиеттері — сөз тудыру зандарына да тән, өйткені, грамматикалық өзге зандар тәрізді, сөз ту- дыру заңдары да лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді жалпы формалары мен жалпы семантикалық ерекшеліктеріне қарай топ-топқа үйірмелеп отырады. Мысалы: білгіш, көргіш, нанғыш, тапқыиі, жазғыш, бай- ңағыш деген сөздерді алайық. Бұлар — басқа-басқа тү- бірлерге -ғыш (-кыш, -кіш, -гіш) жұрнағын косу арқылы туған сөздер. Өзге жүрнақтар сияқты, бұл жұрнақ арқы- лы туған сөздер де қосымша арқылы сез тудыру тәсіліне жатады, өйткені ол — көптеген жүрнақтың біреуі ғана. Бул жүрнақ сол (білгіш) туынды сөздерді бір топқа үйірмелеуге сыртқы белгі (көрсеткіш) болып тұр. Соны- мен қатар, сол сөздердің бастапқы түбірлерінің де, сон- дай-ақ, туынды формаларының да лексикалық мағынала- Ры басқа баска бола тұрса да, осы жүрнақ (-ғыш) олар- Дың бәрін де мазмұн жағынан шумақтап, бірыңғай жалпы семантикалық реңк берген. Ол семантикалык ренк сол формадағы туынды сөздердің бәріне де бірдей ішкі жалпы мағына болады. Бұл мағына белгілі бір істі я әре- кетті істеуге бейімдікті, қабілеттілікті білдіреді. Мысалы, сөйлегіш дегеннен жалпы сөйлеуге аса бейім, сөйлеу қа- білеті бар деген мағына аңғарылады.
Ауызба-ауыз, сөзбе-сөз, қолма-ңол, бетпе-бет, қарсы-
79
ма-ңарсы деген қос сөздерді алайык. Бұл сөздер негі- зінде бір түбірді екі рет қайталау арқылы жасалған. Bi- pan; олар, тау-тау, арба-арба, бау-бау деген сияқты жалан қайталау түрінде емес, қосарланған сөздің алғашқысына -ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) бөлшегін тіркеп барып қайта- лау арқылы туған. Ендеше, бұл форма да қосарлау аркы- лы сөз жасайтын негізгі тәсілге жатады және соның бір түрі ғана болып саналады. Бұл форма да (-ма, -ме...) осы сөздерді сырттай бір топқа шумақтауға белгі (көр- сеткіш) болып түр. Сонымен қатар, бүл сездердін лекси- калық мағыналары басқа-басқа бола түрса да, олардын туынды формаларының бәріне де ортақ бір жалпы семан- тикалық мағына бар. Бұл жалпы семантикалық мағына іс-әрекеттің (өзге біреуі аркылы емес) тікелей жүзеге асырылуын аңғартады.
Алдыңғы сөздерді (білгіш, көргіш...) де, соңғы сөздер- ді де (ауызба-ауыз, сөзбе-сөз...) өз алдарына топтап тұр- ған формалар сол сөздерді белгілі сөз таптарына теліп (алдыңғы сөздерді — сығі есімге, соңғы сөздерді — үстеу- ге), олардың грамматикалық сипатын да, қызметін де өз- гертіп тұр.
Қазақ тілінің сөз тудыру жүйесі үлкен-үлкен негізгі екі саладан түрады. Оғіыц бірі -—морфологиялық тәсіл де, екіншісі — синтаксистік тәсіл.
Морфологиялық тәсіл деп түбір сөзге я туынды сөзге қосымшалар қосу арқылы жаңа сөз тудыру тәсілін айта- мыз да, синтаксистік тәсіл деп түбір (я туығіды) сөздер- дің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі аркылы сөз тудыру тә- сілін айтамыз. Бүл екі тәсіл бір-бірімен өзара байлағіыс- ты, олардың өздеріне тән формалық та, семантикалық та құрылымдары, ерекшеліктері бар.
III т a р а у
СӨЗ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАСАЛУ ТӘСІЛДЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |