Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 52. СЫН ЕС1МНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ



бет72/179
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#16121
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   179
Байланысты:
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

§ 52. СЫН ЕС1МНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ

Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен бел- гілерін тікелей де, басқа заттардың қатынастары аркы- лы да білдіреді. Осындай жалпы сипаттарымен байла- ныстьт, сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне карай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туьтнды) сын деп аталатын екі са- лаға бөлінеді. Бұл сындардың кай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.

Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағы- нан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сур т. б.), сыры мен са- пасын (жаусы, жаман, тәуір, нашар т. б ) көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауЪір, жеңіл т. б.), дәмі мён иісін (ащы, тәтті, күлімсі) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.

168

Әдетте, сапалық сын есімдерге ешбір косымша фор- цаларсыз тұрып-ақ, заттың әр қилы сыр-сипатын білді- ретін түбір сөздерді жатқызу салты бар. Бірақ бүл қа- ғиданы үнемі тапжылмайтын қағида деп карамау керек, өйткені қазіргі кезде түбір сез сияқтанып көрінетін көптеген формалар тарихи даму тұрғысынан карағанда, тиісті қосымшалар арқылы я басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып келеді. Мысалы, узын, улкен, қызыл, ащы, тущы, момын, аилыкжабық, жсілпақ
сияқты сапалық (негізгі) сын есімдердіц бәрі де ер- теректе туынды сөздер болған, демек, олар узақ, үлкей- ген, қызғылт, аиіыған, тушыды, момақан, аіиылды, жа- былды, жалпайған сөздерімен түбірлес болған. Солай болса, мағынасы жағынан сапалық сын есім деп, мор- фемалық құрылымы жағынан негізгі сын есім деп есеп- телетін сөздердің саны да, сапасы да үнемі бір аяда қалмай, бірте-бірте үдайы дамып отырады. Осыған сәй- кес, ертеректе туған сындарды ғана емес, кейінгі кез- дерде жұрнақ (я баска тәсіл) аркылы жасалған туын- ды есімдердің кейбіреулерінде де негізгі, сапалық сын- дардың грамматикалық касиет-сипаттары болып отыра- ды. (қараңғықараңғылау, қараңғырсіқ, қап-қараңғы; таныстаныстау, тсінысырақ, тап-таныс т. б.)

Сапальтқ сындар жалпы сын есім деп аталатыи сез табынын негізгі үйткысы есібенде қызмет етеді. Олай дейтін себебіміз — жалпы сын есімге тән негізгі катего- риялык ерекшеліктер мен сипаттардың бәрі де сапалық сындардың бойында болады. Осы ерекшеліктеріне қа- рай, демек, бүкіл сын есім категориясына өзек ретінде қызмет ететіндігіне карай, өзге сез таптарынан жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімдер де, семантика- лық даму процесі аркылы адъективтенген сөздер де бір- те-бірте сапалык сын есімдердің сыр-сипаттарына ие болып, сол топқа көшіп отырады. Ал, сапалық сындар- дыц сын есімдерге арқау болып қызмет ететін негізгі белгілері мыналар: бірікшіден, сапалык сындарға тән сөздердің бәріне де ұлғайту, кішірейту жүрнақтары жә- не әредік сынның әр қилы реңін білдіретін шырай кате- гориясының жұрнақтары қосыладьт; екіншіден, оларға сындық белгіні күшейте я өсіре түсу үшін қолданьтлатын үстеме буындар жамалады; үшіншіден, олар аттрибут- тық семантикалық ерекшелігіне қарай (жақсы оқуиіы), адвербиалдық (жақсы оқиды) қызмет атқарады. Міне, осы аталған негізгі үш белгі сапалық сын есімдердіь.

169




әрі қатыстық сындардан ерекшелінетін, әрі жалпы сың есім атаулыға тән категориялық белгілері болып есеп- теледі.

Сөйтіп, сапалық сын есімдерге -рақ (-рек, -ырақ, -ірек), -лау, (-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) жүрнактары тал- ғамай, жалғана беруімен (сарырақ, сарылау, жақсырақ, жацсылау, үлкенірек, үлкендеу
т. б.) қатар, белгінің жетімсіздігін я бәсеңдігін білдіретін -ғыш (-қыш, -гіш, -кіш), -шыл, (-шіл), -ша (-ше), -ң (-аң, -ең) тәрізді жұр- нақтар да бірен-сарандап (сарғыш, ақшыл, сүрша, қуаң т. б.) жалғанады; сондай-ақ, сапалық сындарға күшейт- кіш үстеме буын да іркілмей (ап-анық, түп-түзу, күп-кү- рең т. б.) үстеле береді. Бұл формалар аласа, биік, кіш- кене, арық, семіз, жуан, жіңішке, толық, нәзік, қалың, жұқа, кең, тар, қою, сұйық, ыстық, суық, ащы, тұщы, көк, қара, қоңыр, жақын, кәрі, жас, сынық, бүтін, сирек, қызық сияқты сапалык сын есімдерге (бәсеңдік реңін білдіретін жұрнақтан басқалары) жатырқамай жамала береді.

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың бел- гісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы біл- діретін сөздерді атаймыз. Осы ерекшелігіне карай, ка- тыстық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сыны- на, ішкі касиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және баска да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғым- дарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал) дегендегі балалы, баласыз деген туынды сын есімдер үйдің баласы барлығы мен жоқтығына қа- тысты белгілерді білдіреді. Сол сияқты, Шоңпардай ке- кілі бар (Абай); Бұлжа.зғы жайлы қоныс (М. Әуе- зов); Көтеріңкі күлкінің иіыққан жеріне жұрт топырлай бастады (Ғ. Сланов); Өткір пыиіақ ңол кесер (мақал) деген сөйлемдердегі іиоқпардай, жазғы. жайлы, көтерің- кі, өткір деген туынды сын есімдер іиоқпар, жаз, жай деген есімдерге, көтер, өт деген етістіктерге қатысты сындық белгілерді білдіреді. Ал, осы катыстық сындар-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет