Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 55. ЕСШДЕРДЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМДІ ЖҮРНАҚТАР



бет75/179
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#16121
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   179
§ 55. ЕСШДЕРДЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМДІ ЖҮРНАҚТАР

  1. -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнағы аркылы кейбір зат есім- дерден, есімдіктерден, үстеулерден, сондай-ақ, жатыс септік формасындағы сөздер мен әредік шығыс септІкте- гі сөздерден туынды сын есімдер жасалады. Ондай туын- ды сын есімдер және олардың мағыналары мынадай:

  1. Мекендік ұғым білдіретін кейбір зат есімдерге, үстеулерге, сондай-ақ, жатыс және"шығыс (сирек) сеп-

172

гік формаларындағы есімдерге қосылып, мағыналары солардың лексикалық мазмұидарьша катысты туынды катыстык сын есім жасайды. Мысалы: ауызғы, төргі, түпкі, ішкі, төменгі, жоғарғы, соңғы, артқы, баладағы, кітаптағы, сөйлегендегі, ортальщтағы, заводтағы, цехта- ғы, үюлі, түрулі, санаулы, бүктеулі т. б.

  1. Мезгілдік ұғым білдіретін кейбір зат есімдер мен есімдіктерге, мезгілдік үстеулерге жалғанып, мазмұнда- ры солардың нақтылы лексикалык. мағыналарына қа- тысты туынды сын есімдер жасалады. Мысалы: кешкі, түскі, күзгі, жазғы, көктемгі, түнгі, күндізгі.

  1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті косымшасы арқылы мы- надай туынды сөздер жасалады:

  1. Негізгі және туынды зат есімдерден, олардың нак- тылы лексикалық мағынасына қарай (соған байланыс- ты), белгілі бір заттыц я басқа бір құбылыстың бар еке- ніи (барлығын) я мол екенін (молдығын) білдіретін туынды сын есімдер жасалды. Мысалы: арлы, атақты, әдепті, әсерлі, байыпты, икемді, инабатты, пайдалы, шөпті, ағашты, сулы гүлді, сиырлы, балалы т. б.

  2. Қосарланған зат есімнен де, сын есімнен де, сан есімнен де, үстеуден де мағына жағынан әрі қосарлан- ған сол екі сөздің де мазмұндарымен тікелей байланыс- ты. әрі екеуінің де мазмұндарын қоса қамтитын күрделі сын есімдер жасалады. Мысалы: ағалы-інілі, ойлы- қырлы, таулы-тастьі, өзенді-сулы, үлкенді-кішілі, бүрын- ды-соңды, жоғарылы-төменді т. б.

  3. Екі-үш сөзден қүралып, суреттеме атаулар есебін- де кызмет ететін әр алуан тіркестерден де күрделі сын есімдер жасалады. Мысалы: ак, басты, қаз мойынды, ай қабақтьі, теке сақалды т. б.

  1. -сыз (-сіз)— есім сөздерден болымсыздық мағына білдіретін туынды сын есім жасайтын өте өнімді жұр- нақтын бірі. Осы қосымша арқылы туатын сын есімнің мағынасы жоғарыдағы (-лы, -ты, -ті, -ды, -ді) формасы тіркесіп жасалатын сын есімнін мазмұнына карама-қар- сы, демек, заттың жоқтығын білдіретін сын есім (таусыз, сусыз, баласыз, ақылсыз, білімсіз т. б.) жасайды. Соны- мен қатар бұл қосымша конкретті, абстракт зат есімдерге, есімдіктерге, жалпы атау сөздерге жалғана бе- реді. Мысалы: баласыз, кітапсыз, көліксіз, білімсіз, мүң- сыз, түйсіксіз, ашусыз, ақылсыз, даусыз, сенсіз бізсіз т. б.

  2. -шыл, -шіл қосымшасы зат есім, есімдік, әр тарап-

173




ты сөздерге жалғанып, олардыц лексикалық мағынасына сәйкес, белгілі бір іс-әрекетке бейімділікті, икемді- лікті, құмарлықты білдіретін катыстык сын есім жасай- ды. Мысалы: ұйқышыл, сауықшыл, күлкішіл, шайшыл, зорлықшыл, ұйымшыл, өзімшіл, турашыл, ойшыл т. б.

  1. -дай (-дей, -тай, -тей) негізінде өзі жалғанған сөз- ден салыстыру, ұқсату мәні бар туынды сын есім жа- сайтын қосымша бола тұрса да, бүл форма бір алуан сөздерге жалғанып туьшды үстеулер де жасайды.

  1. Зат есімдерге жалғанады. Мысалы: аттай, экедей, таудай, үйдей, судай, кісідей, самолёттей т. б.

  2. Есімдіктерге жалғанады. Мысалы: мендей, сен- дей, ондай, біздей, өздеріндей, анадай, мынадаи т. б.

  3. Сан есімдерге жалғанады. Мьтсалы: жүздей, мың- дай, елудей, қырықтай, отыздай т. б.

  4. Есімше формаларына жалғанады: жабысқандай, болжағандай, жылардай, өлердей, баратындай, оқитын- дай т. б.

  1. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік.

  1. Зат есімдерге жалғанып, олардан әр сөздің нақ- тылы мағынасына қатысты қасиеттерді білдіретін туын- ды сын есімдер жасайды. Мысалы: орталық, қоғамдық, қалалық, азаматтық, жолдастық т. б.

  2. Мезгіл атаулары мен әр қилы бүйым атауларына жалғанып, олардан мезгіл, өлшеу мөлшерімен байла- нысты туынды сын есімдер жасайды Мысалы: айлық, жылдық, апталық, тәуліктік, көйлектік, пальтолың, 61- pep қайнатымдықекі-үш асымдық т. б.

  3. Есімдіктерге жалғанып, олардан белгілі бір жақ- қа қатыстықты білдіретін туынды есімдер жасайды. Мы- салы: өздік, сендік, мендік, қандайлық, қанишлық т. б.

  1. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес екі морфемадан (-да+с) қүралған осы күранды қосымшалар бірде күра- мындағы компоненттері (бөлшектері) жеке-жеке бөл- шектенетін жүрнақтардьщ тіркесі есебінде жүмсалса, бірде ондай компоненттерге бөлшектенбейтін бір түтас күрделі жүрнақ ретінде колданылады. Мысалы: аралас, ыңғайлас, қадірлес, сыйлас сияқты сөздердегі -лас (-лес) қосымшасын іштей жеке-жеке бөлуге болады: ал, ңурбылас, дәмдес, пікірлес, көмектес, елдес, муңдас де- гендердегі -лас (-лес) формасын олай етіп ажыратуға болмайды.

Бүл омоним жүрнақтың я есімге тән, я етістікке тән екендігі сөйлем ішінде (контексте) колданылу орньтна,

174

атқаратын қызметі мен беретін мағынасына қарай ажы- ратылады. Мысалы, Қунанбайдың көп уақыттан бергі сыйласы да, қудасы да, досы да осы кісі еді
(М. Әуезов); Бір ананың егізіндей екеуміз жуп жазбадық, тату бол- дық, сырластық (Ә. Ахметов) деген сөйлемдердегі ал- ғашқы сыйласы деген сөз — есім де, соңғы сырластық деген сөз — етістік, осыған сәйкес, олардың морфология- лык түлғалары да басқаша түрленген, демек, алғашқы сыйлас деген сөзге тәуелдік жалғау қосылып түрса, сонғы сырлас деген сөзге етістіктіц өткен шақ формасы (-ты) мен жіктік жалғаудың қосымшасы қосылып тұр.

-лас (-лес) жүрнағы арқылы жасалатын туынды сын есімдердің мағыиалары жүрнақ жалғанатын негіздер- дің мазмұндарына сәйкес бірлестікті, теңдестікті, үлас- тьтқты, қарымдастьтқты, мерзімдестікті білдіреді. Олар- дың негізгі түрлері төмендегідей:

  1. Адамның алуан түрлі сыр-мінездерімен байланыс- ты абстракт мағыналы зат есімдерге жалғанып, ондай сипаттардыц басқа адамдармен әріптес екендігін білді- реді. Мысалы: ниеттес, сырлас, тілеулес, пікірлес, көңіл- дес, щадірлес, ақылдас т. б.

  2. Адамзат, жан-жануарлардың төркін-тегімен бай- ланысты үғымды білдіретін зат есімдерге жалғанып, олардың түкым-туысы бір екендігін білдіретін сын есім- дер жасайды. Мысалы: туыстас, аталас, тумалас, бауыр- лас, қарындас т. б.

  3. Мекен атауларына жалғанады да, олардың нак- тылы мағыналарына орай, мекен-орын, жай, қоныс ас- тастығын білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мы- салы: ауылдос, көріиілес, жерлес, елдес, тумалас, уялас, жапсарлас, іргелес т. б.

  4. Қейбір зат есімдерге жалғанып, олардың накты- лы лексикалық магыналарына карай, түрлі қарым-қа- тынас, мерзім-мөлшер жағынан сыбайлас келетін сындық үғымдарды білдіреді. Мысалы: жолдас, замандас, са- бақтас, кэсіптес, қызметтес, мэжілістес, дәмдес, өкіие- лес, үзеңгілес, серіктес, істес, сөздес т. б.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет