Сын есімдер морфологиялық (синтетикалық), син- таксистік (аналитикалық), морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсілдер аркылы жасалады.
Морфологиялык (синтетикалық) тәсіл бойынша туа- тын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады.
Синтаксистік (аналитикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер. жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі аркылы (ақ сары, қызыл сары; қара көк, ал щра көк; ақ қүба, ақ сүр, ақ іиабдар, ақ шубар, ақ көк т. б.), не- гізгі сындар мен туынды сындардың бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ көйлекті, цара пальтолы т. б.), зат есім мен туынды сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы (көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы, қосарлануы арқы- лы (үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз, елді-күнді) жасалады.
Морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің семантикалык жағынан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі аркылы (мысалы: басқа, өзге, шала-жансар т. б.) жасалады.
Бұл тәсілдің ең негізгісі, әрине, синтетикалық және аналптикалық тәсілдер, ал семантикалық тәсіл тіпті өнімсіз.