Морфологиялық сипаттары жағынан да сан есімдер- дің өзіне тән, өзге сөз таптарына ұқсамайтын ерекше- ліктері бар. Сан есімнің негізгі функциясы анықтау қыз- меті болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сездерінен бұ- рын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі та-
192 биғи, әрі негізгі функциясы болып есептелетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір взгеріске түс- пейді.
Сан есімдер тек субстантивтенген жағдайда ғана түрленіп, әр алуан өзгеріске түседі, демек, көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те және жіктеліп те қолданыла береді.
Сан есімдердің тек өздеріне ғана тән кейбір форма- лары да бар. Мысалы, ондай формаға -ыншы (-інші), -ау (-еу)және -ер аффикстері жатады. Бұл аффикстер өзге сөз таптарынан жаңа, туынды сан есімдер жасай алмайды, тек негізгі сан есімдерге жалғанып, олардан туынды формалар ғана жасай алады. Бірақ сан есім- дердің басқа да сез таптарына ауысып отыру қабілеті күшті.
Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлі- неді. Негізгі сан есімдер катарына тек қана есептік сан- дар жатады да, туынды сан есімдер осы негізгі есептік сан атауларына жоғарыда аталған -ыншы, -ау, -ер, -тайқосымшалары қосылу аркылы жасалады. Мысалы: бір- бірінші, он-оныншы; екі-екеу, алты-алтау; бір-бірер, қы- рық-қырықтай, елу-елудей т. б.
Сан есімдер іштей дара can және к ү р д е л і сан болып белінеді. Дара сандардың атаулары аса- кеп емес, олардың бар болғаны — жиырма шақты ғана сөз: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқ- сан, жүз, мың.
Күрделі caff есімдер осы аталатын дара сан атаула- рының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және косарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрде- лі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі саи атаулары- ның (он сегіз, мың тоғыз, жүз алпыс үш т. б.), екінші- ден, негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы ар- Қылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, уиі-төрт, бес- алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.
Күрделі сан есімдердің дара сан атауларының тірке- сулері арқылы жасалатын жүйесінде негізгі тәсіл ретін- Де қалыптасатын мынадай екі түрлі жолы бар:
Біріншіден, дара сандардан жасалатын күрделі сан- Дардың қүрамы бір саннын үстіне басқа бір санды қосу Жолымен, яғни белгілі бір санға (қосылғышқа) келесі
7-622
193
бір кажетті санды (қосылғышты) қосып айту жолымен, жасалады. Ондай күрделі сан есімдер белгілі бір жүйе бойынша кұрастырылған жай (дара) қосылғыш сандар- дың косындысы есебінде қабылданады да, қосындысы есебінде танылады. Мысалы: он бір (11), жүз сегіз (108), тоғыз жүз тиқсан тогыз (999) дегеи күрделі сан есімдердін кұрамындағы жекс сак есімдер белгілі бір санға — он, жүз, тоғыз жүз сандарына — басқа бір сан- дарды — бір, сегіз, тоқсан тоғыз сандарын — косып (үс- темелеп) айту жолымен жасалған. Яғни бұл күрделі сандар он бір (11), жүз сегіз (108), тоғыз жүз тоқсан тоғыз (999) деген ұғымды аңғартады. Күрделі сан есім жасаудың бұл жолын қосылмалы жол деп атауға бо- лады.
Екіншіден, дара саидардан жасалатын күрделі сан- дардың құрамы бір санды (көбейгішті) баска бір санға (көбейткішке) көбейту жолымен, яғни белгілі бір санды (кебейткішті) келесі бір кажетті санға (кебейткішке) көбейту, еселеу жолымен жасалады. Ондай күрделі сан- дар белгілі бір көбейгіш сан мен көбейткіш сандардың көбсйтіндісі есебінде кабылданады және солай таиылу- ға да тиіс. Мысалы: екі жүз, тоғыз мың дегенде, бұл
күрделі сан есімдердін күрамыидағы жеке сандар бірі- не-бірін қосу емес, көбейту жолымен, яғни жүз, мың сандарын екі, тоғыз сандарына көбейту (еселеу) жолы- мен жасалған. Демек, мұндай күрделі сандар екіХжүз (200), тоғызХмың (9000) деген үғымдарды білдіреді. Күрделі сандарды жасаудың бүл жолын көбейтілмелі жол деп атауға болады
Бірак косьілмалы және көбейтілмелі күрделі сан есім- дердің жасалу амалдарының да өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, күрделі қосылмалы сандар тек он бір- ден басталады да, токсан тоғызға (99) дейін жетіп, одан жүз (100) санын аттап өтіп, жүз бірден қайта басталадьі да, тоғыз жүз токсан тоғызға дейін камтып, одан мың санын аттап өтеді де, ары карай созыла береді, екінші- ден, күрделі косылмалы сандар үнемі жоғары дәрежелі сандардан басталып, темен дәрежелі сандармен аяқта- лып отырады. Мысалы: он бір, отыз алты, елу тоғыз, жүз қырық бес, мың тоғыз жүз жиырма үш деген күрделі сан есімдердін құрамындағы жеке сандар ең соңында бірлік сандар (бір, алты, тоғыз. бес, үш), одан бұрын ондық сандар (он, отыз, елу, қырық, жиырма), одан бұ- рын жүздік сандар (жүз, тоғыз, жүз), одан бұрын мың-