Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 64. САН ЕСШНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНГИКАЛЫҚ ӨЗГЕШЕЛІГІ



бет87/179
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#16121
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   179
Байланысты:
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

§ 64. САН ЕСШНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНГИКАЛЫҚ ӨЗГЕШЕЛІГІ

Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркесті- рілмей жеке-дара айтылғанда, тек абстракт сандык үғым- дардың атаулары ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен (зат есімдермен) қарым-ка- тынасқа түсіп айтылғанда ғана айқындалып отырады. Мысалы: Төрт аяғым тең жорғамын (Қазак. эпосы); Өтегелді сегіз қанат үйдің кермесініц түсында тур< екен (М. Әуезов); Екі айдың алпыс күнде жүзі болар (Айман-Шолпан) деген сөйлемдерден төрт, сегіз, екі, алпыс деген сан есімдер аяқ, қанат, ай, күн сияқты зат есімдермен қарым-катынасқа түсіп, соларды сан жағы- нан анықтау үшін колданылған. Осындағы сан есімдер- ДІҢ нақтылы мағыналары да белгілі-белгілі ұғымдарға тіркесу арқасында ғана’ айқындалып, соның арқасында ғана аяқтың төртеу екендігі, канаттың сегіз екендігі, күннің алпыс екендігі нақтыланып тұр. Ал егер осы төрт, сегіз, екі, алпыс сездерін өзге сөздермен қарым-қаты-

191




насқа түсірмей, контекстсн тыс, жеке-дара айтатын бол- сак, олар ондай нақтылыктан айрылып, тек жалпылама түрде ғана берілетін абстракт мағьінаға ауысып кетер еді де, төрт
дегеннен, әйтеуір, бір төрт жайындағы ұғым, сегіз дегениен, әйтеуір, бір сегіз туралы ұғым, екі де- ғеннен, әйтеуір, бір екі жөніндегі ұғым, алпыс дегеннен, әйтеуір, бір алпыс жайындағы ұғым ғана аңғарылады.

Қазіргі қазақ тілінде can есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолдаиылатын бір алуан сөздер бар. Олар кұ- рамына қарай жеке-дара сөздер түрінде де, сез тіркес- тері түрінде де бола береді. Мысалы: жарым, жарты

сөздері белшектік үғымдардын, жалқы, жалғыз, сыңар, дара сездері бірлік үғымдардын, центнер, килограмм, тонна, қадақ, батпан сөздері салмак өлшемдерінін, гек- тар, кубометр сездері көлемдік өлшемдердің, адым, қа- рыс, кез, метр, шақырым, ат ишптырым, қозы көш (жер) сөздері аралық елшемдердің және ет асым, қас қаңқан- иш, ңас пен көздің арасында, әу дегешие сияқты уақьіт, мерзім өлшемдерінің атаулары есебінде қолданылады. Бірақ мүндай сөздер мен сөз тіркестері каншалыкты мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер ка- тарына жатпайды. Бұларды сан есімдерге жуықтасты- ратын таяныш — тек олардың біршама мөлшерлік мағьь нада қолданылатын семантикалық белғілері ғана. Шын- дығында, жоғарыда аталған сөздердін бәрі де — сан есімнен табиғаты мүлде басқа-баска сөздер. Олай дей- тін себебіміз: жарым, жсірты, жалқы, сыңар, дара, қос, егіз сөздері — сын есімдер, центнер, қадақ, батпан, ки- лограмм, тонна, гектар, кубометр, адым, қарыс, кез, метр, шақырым сөздері — зат есімдер; сол сияқты, ат иіаптырым, қозы көіи (жер), ет асым, қас қаққаниса, қас пен көздің арасында, әу дегенше — қызметіне қарай әр түрлі сез таптарына телінетін тұрақты фразалық тір- кестер; сондықтан бұлардың күрделі сан есімдермен еш- кандай жақындығы жок.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет