Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет10/98
Дата29.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53419
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98
Байланысты:
945831 1429633719

Атауыш сөздер 
I. 
Зат есім 
 
Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Мәселен, жер, тау, тас, су, 
ағаш, шөп, жапырақ, күн, ай, жұлдыз, бұлт, қар, жаңбыр, жел, су, сағым, 
кісі, мал, аң, құс, бақа, шаян, шыбын, шіркей, құрт, құмырсқа, қала, үй, 
төсек, орын, аяқ, табақ, киім, қазан, ошақ, арба, шана, ер, тоқым, қамыт, 
доға, арқан, жіп, тамақ, сусын, қалам, сия, астық, жеміс, бақан, сойыл, 
құрық, таяқ, асық, топай, доп, қобыз, домбыра, сыбызғы, ақша, кез, қадақ, 
мылтық, найза, қылыш, қанжар, оқ. 
Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз. Зат туралы 
кім? не? деп сұраймыз.Кім? деп сұраймыз адам туралы. Не? деп сұраймыз 
басқа заттар туралы.Мысалы:
1) «Ат ерінді келер, ер мұрынды келер». «Кім мұрында келер?» — «ер». 
«Не ерінді келер?» - «ат». 
2) «Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман». «Не жаман»? — «шаншу». 
«Не жаман? — «қаңқу». 
3) Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады; қатты-қатты сөйлесең, 
кәфір діннен шығады». «Не іннен шығады?» — «жылан». «Кім діннен 
шығады?» - «кәфір». 
4) «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне». «Не тойған жеріне?» — «ит». 
«Кім туған жеріне? - «ер». 
5) «Ас — адамның арқауы». «Адамның арқауы не?» - «ас». «Ас кімнің 
арқауы» — «адамның». 
6) «Ананың көңлі балада, баланың көңлі далада». «Кімнің көңлі балада?» 
— «ананың». Кімнің көңлі далада?» — «баланың». Ананың көңлі кімде? 
— «балада». «Баланың көңлі неде?» — «далада». 
Осындай кім? не? деп сұрауларға жауап болып айтылатын һәм 
нәрселердің атын көрсететін сөздерді зат есім дейміз. 


25 
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі зат есім сөздерді 
айырту. Аш кісі ұрысқақ, арық қой тырысқақ. Таспен ұрғанды аспен ұр. 
Еменнің иілгені - сынғаны, ердің ұялғаны - өлгені. Бұтаға қорғалаған 
торғай да қалады. Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді. Аюдан 
қорыққан тоғайға бармас. Мұртына қарай іскегі, сабасына қарай піспегі. 
Май сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер? Жел болмай, шөп қозғалмас. 
Жаз шанаңды сайла, қыс арбаңды сайла. Пышақ берсең қынымен, қынын 
берсең, шынымен бер. Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ. Қазыға тойса, 
қарта әлем сасиды. Оқ жетпес жерден қылыш суырма. Үйді қозғасаң, 
көшірерсің, отты қозғасаң, өшірерсің. Шоттың басын бассаң, сабы өзіне 
тиер. Айран сұрай келіп аяғыңды жасырма. Құр қасық ауыз жыртар. 
Тоқпағы зор болса, киіз қазық жерге кірер. Қалауын тапса қар жанар. Ет 
етке, сорпа бетке. 
Сынау. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі зат есім сөздердің астын 
сызып көрсетіңдер.
Бағың артқан шағында жапалақ салсаң, қаз ілер, бағың тайған 
шағыңда сұңқар салсаң, аз ілер. Мал басқа бітер, қына тасқа бітер. Нар 
жолында жүк қалмас. Таяқ тайға жеткізер, тай құнанға жеткізер, құнан 
атқа жеткізер. Ата даңқымен қыз өтеді, мата даңқымен бөз өтеді. Ағасы 
бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар. Кісі болған кісіні кісесінен 
танимын, кісі болмас кісіні мүшесінен танимын. Бұлт ала, жер шола. Ай 
мен күндей һәркімге бірдей. Би баласы биге ұқсар: биік-биік тауға ұқсар; 
хан баласы ханға ұқсар: қанатын жайған қазға ұқсар; бай баласы байға 
ұқсар: байланбаған тайға ұқсар. Қайырымсыз болса, ханнан без, өткелсіз 
болса судан без; асусыз болса таудан без, пайдасыз болса байдан без, 
панасыз болса сайдан без. Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, қой 
бағып, қойыртпақ ішкен озар. Үйеңкінің түбінен үйіріп алған қобызым, 
қарағайдың түбінен қайырып алған қобызым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет