Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет58/98
Дата29.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53419
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98
Байланысты:
945831 1429633719

 
 
 
-сам, -сем 
 
Нұсқа: аш – ашсам,
шеш - шешсем 
Жат - ....
айт - ............... 
Кет - ....
қара - ............. 
Іш - ..... 
кес - ............... 
Ойан - ...
тұр - .............. 
(«Әліп-би», 102-бет) 
Айтқаннан жазу. «Саулық заңының» «Істеу» деген бөлегін мұғалім 
айтқанынан жазу.
Жұмыс. Оқу бөлмесіндегі құлақ хаттардың аттарын жазу. 
Нұсқа: бөлмеміздегі құлақхаттар: 
1)пионер заңы 
2).................... 
3).................... 
(«Әліп-би», 103-бет) 
 
Көшіру. Кеше сызықшама жасадық. Менің жасаған сызықшамда
10 жастағы еркек бала мен қыз бала сызық басына бір-бірден келді.
9 жастағы, 8 жастағы еркек балалар сызық басына бес-бестен келді.
9 жастағы, 8 жастағы қыз балалар сызық басына алты-алтыдан келді. 
(«Әліп-би», 104-бет) 


206 
Жауап жазу. Қандай баланың үсті-басы бор-бор болады? 
Қандай шәкірттің бет-аузы сия-сия болады? 
Қандай қатынның үйі шаң-шаң болады? 
Қандай адамның беті-қолы күйе-күйе болады? 
 
§ 14 Тасымалдау 
 
Мына сөздер жолға сыймаса, қалай тасымалдайсыңдар?
Жазып көрсетіңдер. 
Күн-бақпамызды. Әйдігіндей. Өлеңдерімізді. Белгілерін. Сүгіреті. 
Нұсқа: күн – бақпамыз; 
күн бақ – памыз; 
күн бақпа – мыз 
Көшіру. Дәптерлеріңді сызықпен ортасынан қақ бөліп төмендегі әңгімені 
көшіріңдер. Сызықтың оң жағына жазғандарың сызықтан аспасын. Бос 
орын да қалмасын. Сыймаған сөзді алдыңғыша тасымалдап жазыңдар.
Нұсқа: 
Түн суып, жылы көрпе жамылып жатамыз. Таңертең суықтан қорынып
төсектен тұрғың келмейді. 
Апам да ертеңгілік тұрғанда бүрі сіңкіреп тұрады. Даладан келгенде, 
суықтан шіміркеніп келеді. От жағып алақанын отқа қақтап, «қылышын 
сүйретіп қыс келеді. Балалардың жылы киімі етігі жоқ» деп айта береді. 
От ала келген қатындар да соны айтады. 
Төмендегі «Күзем» деген әңгімені көшіріңдер, жазғанда жолдың 
аяғында бос орын қалдырмай жазыңдар. 
Күзем 
(«Әліп-би», 111-бет) 
 
Байдікі күзем алады десіп жүрді. Бір күні таңертең тұрсақ, байдың 
үйінің алдында қойлар көгендеулі тұр. Үлкендер белдеріне ескі шекпен, 
жаман-жұман киім байланып алған. Біреулері қырықтық қайрап отыр. 
Біреулері қой жығып жатыр. Біреулері қой қырқып отыр. 
Балалардың ересектері көгеннен қой әкеліп беріп жүр. 
Кішкентайлары жүн жинап жүр. Мен де келіп жүн жинастым. Қап толған 
соң қолдасып көтеріп, үйге апарып төгеміз. 


207 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет