Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


бет16/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

 
II. 
Сын есім 
 
Сөздің  кейбіреулері  нәрсенің  сынын  атайды.  Мәселен:  жақсы, 
жаман,  биік,  зор,  аласа,  ұзын,  қысқа,  терең,  тайыз,  қатты,  жұмсақ,  қою, 
сұйық,  бай,  жарлы,  жақын,  алыс,  аш,  тоқ  арзан,  қымбат,  қалың,  жұқа, 
зерек, кешше, өткір, топас, семіз, арық, қараңғы, жарық, тұнық, лай, кәрі, 
жас, қиын, оңай, ауыр, жеңіл, сау, ауру, ақылды, ақымақ, есті, есалаң, ескі, 
жаңа, ұсақ, ірі, таза, тентек, жуас, сараң, жомарт, мырза, жылы, суық, тар, 
кең, бұзыр, тегіс.  
Осындай  нәрселердің  сынын  көрсететін  сөздер  сын  есімдер  деп 
аталады.  Сын  есімнің  сұрауы:  қандай?  Мәселен,  жаман  төре  жан  алар. 


26 
 
Арық  атқа  қамшы  жүк.  Қандай  атқа  қамшы  жүк?  —  Арық  атқа  қамшы 
жүк.  «Жаман»,  «арық»  деген  сөздер  «қандай»  деп  сұрағанға  жауап  һәм 
өздері нәрсенің сынын көрсетеді. Осындай «қандай?» деп сұрағанға жауап 
болатын сөздердің бәрі де сын есім болады. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерді  айырту:  қайсысы  зат  есім, 
қайсысы сын есім?   
Жақсы кісі, жаман мал, биік тау, аласа ағаш, ұзын арқан, қысқа жіп, 
терең  теңіз,  тайыз  кел,  қатты  құрт,  жұмсақ  нан,  қою  ауыл,  өткір  пышақ, 
топас кісі, семіз қой, арық ат, қараңғы қора, жарық түн, тұнық су, лай қақ, 
кәрі  түйе,  жас  айғыр,  қиын  күй,  оңай  өлең,  ауыр  жүк,  жеңіл  сандық,  сау 
жылқы, ауру сиыр, ақылды бала, ақымақ жігіт, ескі етік, жаңа шапан, ұсақ 
құм,  ірі  тары,  таза  жұрт,  лас  қора,  сақ  ит,  салақ  қатын,  сұм  бала,  аңқау 
қойшы, жуан қарағай, жіңішке тал, жылы жаз, суық қыс, тар шалбар, кең 
жаға, бұдыр жер, тегіс дала. 
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, сын есім сөздердің астын сызып 
керсетіңдер. 
Аш  бала  тоқ  баладай  ойнамайды.  Қатты  жерге  қақ  тұрар,  қайратты 
ерге  мал  тұрар.  Жаман  сайға  су  түссе,  өткел  бермес  кешуге.  Бай  кісі 
балпаң  келер;  жарлы  кісі  қалтаң  келер.  Жақсы  кеңес  жарты  ырыс.  Ұзын 
көсеу қол күйдірмес. Тура биде туған жоқ. Ауру күлкі сүймес. Жүйрік итті 
түлкі  сүймес.  Қысқа  жіп  күрмеуге  келмес.  Құтты  қонақ  келсе,  қой  егіз 
табар.  Өткір  пышақ  қынға  қас;  өтірік  сөз  жанға  қас.  Арық  малды 
асырасаң,  аузы-мұрның  май  етер.  Қараңғы  үйде  қабан  күркүрейді.  Кәрі 
түйе ойнақтаса, жұт болады. Арық атқа ауыр қамшы да жүк. Жыртық үйге 
тамшы  ойнар.  Шабан  үйрек  бұрын  ұшар.  Құрғақ  қасық  ауыз  жыртар. 
Қуыс үйден құр шықпа. Аз асқа жасауыл болма. Көп асқа бөкеуіл болма! 
Жақын жолдың алысы жаман. Тез қасында қисық ағаш жатпас. 
 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет