Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


бет18/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

ІV. Есімдік 
 
Кейбір  сөздерді  зат  есімнің,  сын  есімнің,  сан  есімнің  орнына 
жүргендіктен,  есімдік  дейміз.  Мәселен,  «Нұрман  отыр»  дегеннің  орнына 
«ол  отыр»  деп  айтамыз.  «Мұғалім»  дегеннің  орнына  «мен»  деймін, 


28 
 
«шәкірт»  дегеннің  орнына  «сен»  деймін.  Мұндай  сөздер  көбіне  өзге 
есімдердің орнына жүретін болғандықтан, есімдік деп аталады. 
Мәселен, есімдік сөздер:  Мен, сен, ол, біз, сіз, олар, кім, не, қайсы, 
қандай, өзім, өзің, өзі, бұл, ол, мынау, анау, бірі, бәрі, менікі, сенікі, оныкі, 
өзімдікі, өзінікі, өзімдікі, басқанікі. 
Сынау. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі есімдік сөздерді айырту. 
Әрі  жат,  бері  жат  демек  -  төсек  тарлығы,  сенікі,  менікі  демек  кеңіл 
тарлығы.  Өзімдікі  дегенде  өгіз  қара  күшім  бар,  өзгенікі  дегенде            
анау-мынау  ісім  бар.  Құлан  өз  қағынан  жерімес.  Сиыр  өз  тілінен 
қыршаңқы  болады.  Не  ексең,  соны  орарсың.  Кім  мықты,  кім  нашары 
мәлім  болар,  түскенде  той  томаға  белін  буып.  Үйдің  жылы-суығы  қыс 
келгенде  білінер,  кімнің  алыс-жуығы  іс  келгенде  білінер.  Аттың  бәрі 
тұлпар  емес,  құстың  бәрі  сұңқар  емес.  Сіз  деген  —  әдет,  біз  деген  — 
көмек.  Бүгін  айдың  нешесі?  Қара  қайсы?  Хан  қайсы?  Елді  ойлаған  жан 
қайсы?  Кімнің  жерін  жерлесең,  соның  жырын  жырлайсың.  Оны  тастап, 
мұны алдың, мұннан тағы құр қалдың. Өзі қандай болса, сөзі сондай. Сен 
сұңқарсың,  мең  қумын.  Саған  дұшпан,  маған  жау.  Жылқыда  тұлпар  сен 
едің, жігітте сұңқар мен едім. Сен астымда сау тұрсаң, қыдыра жалды қыл 
құйрық  сенен  озбас  деп  едім;  аяғы  екеу  бір  басты  менен  озбас  деп  едім. 
Бұл сөздің бәрі де рас, емес жалған. 
 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет