Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


бет21/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

ІІ. Демеу 
 
Демеу  дегеніміз  –  екі  сөздің  арасын,  яки  екі  сөйлемнің  арасын 
жалғастыруға  демеу  болатын  сөздер.  Мәселен:  «Мен  де,  сен  де  сонда 
болдың». «Ол оқыды да, жазды да».  


31 
 
«Де»,  «да»  деген  сөздер  екі  сөздің  арасындағы  жүйесін  келтіріп, 
жалғастыруға демеу болып тұр. 
«Я ол тұрар, я мен тұрармын». «Бұл жұмыс я бітер, я бітпес, яки осы 
күйінде қалар».  
«Я», «яки» деген сөздер басқа сөздің арасындағы жүйелерін келтіріп, 
жалғастыруға демеу болып тұр.  
«Мен  саған  ұрыстым  ба?»  «Әйтпесе  сөктім  бе?»  «Немесе  соқтым 
ба?» «Балаң қазақша оқи ма, орысша оқи ма, әлде тіпті босқа жүр ме?». 
«Ба»,  «бе»,  «ма»,  «ме»,  «әлде»,  «әйтпесе»,  «немесе»  деген  сөздер 
басқа сөздердің арасындағы жүйесін келтіріп, жалғастыру үшін тұр.  
Демеу  сөздер  қазақ  тілінде  аз.  Оның  көбі  басқа  сөзден  шыққан 
туынды демеулер; мәселен, үйткені, сүйткені, үйтседе, бүйтседе, немесе – 
бәрі туынды демеулер.  
Сынау.  Төмендегі  сөйлемдерді  көшіріп,  ішіндегі  демеу  сөздердің 
астын сызып көрсетіңдер.  
Ол  соған  әлде  күйеу,  әлде  құда,  сүймейді  қой  атаулы  мені  жүдә,  я 
жиенің я нағашың – әйтеуір саған ұқсас еді ол да. Адам да, ұшқан құс та, 
жүрген аң да жұмыссыз тек тұрған жоқ һеш бір жан да. Мен бүгін сабаққа 
бара алғаным жоқ. Үйткені басым ауырған. Басың ауырған шығар, сүйтсе 
де  сабақтан  қалғаның  жарамаған  екен.  Әлде  мен  сылап-сипап  бақпадым 
ба? Болмаса, жемнен қысып сақтадым ба? Әйтпесе әбзелдерің сәнді емес 
пе? Жібектен тізгініңді тақпадым ба? Малдырып үзеңгіңді сары алтынға, 
тағаңды  шын  күмістен  қақпадым  ба?  Оқымадың,  қой  бақтың,  сүйткенде 
сен  не  таптың?  Қалаға  балаңды  жібер  немесе  өзің  барып  кел.  Үйтсе  де, 
бүйтсе  де  һеш  нәрсе  өнетін  емес.  Береді  деп  ойлаймын,  сүйтсе  де  сұрап 
көр. Бір мәнісі бар шығар, әйтпесе неге жазбасын. Ол саған ұрсар, әйтсе де 
бару, керек. Ол сенің арызыңды жазып бермес, үйкені жазбайтын адам. 
 
ІІІ. Жалғаулық 
 
 Кей  сөздер  жалғау  орнына  жүреді  һәм  жалғаулар  сияқты  басқа 
сөздердің  шылауында  тұрмаса,  өз  алдына  мағана  шықпайды.  Сондай 
сөздерді  жалғаулық  дейміз.  Жалғаулық  сөздер  қазақ  тілінде  тіпті  аз. 
Мәселен: менен, үшін, арқылы, тақырыпты, туралы. 
«Менен»  алдындағы  дыбыстың  түріне  қарай  «бенен»  болып  та 
айтылады, қысқа түрінде «мен», «бен» болып айтылады. 
Сынау. Төмендегі  сөйлемдерді  көшіріп, жалғаулық  сөздердің  астын 
сызып көрсетіңдер. 
Күштіменен  күреспе,  байменен  тіреспе.  Отпен  ойнама,  күйерсің, 
баламен  ойнама,  шаршарсың.  Бұлардың  дауы  жер  тақырыпты.  Олардың 


32 
 
дауы  жесір  тақырыпты.  Хабарды  телеграф  арқылы  алдым,  хатты  почта 
арқылы  алдым.  Мен  жазбаймын  өлеңді  ермек  үшін  жоқ-барды,  ертегіні 
термек  үшін,  Сезімді  көкірегі,  тілі  орамды  жастарға  жаздым  үлгі  бермек 
үшін.  Ат  туралы  сөзді  қысқарталық.  Қолымен  істегенді  мойынмен 
көтереді. Таспен ұрғанды аспен ұр. 
 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет