Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


бет7/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   127
Буын һәм дыбыс 
 
Бір  буынның  ішінде  бірнеше  дыбыс  болады.  Мәселен,  не?»  «же!», 
«мә!»,  «ат»,  «аш»  деген  сөздердің  ішінде  бір-бір  буыннан  бар.  Мұндағы 
һәр  буында  екі-екі  дыбыстан  бар.  «Н-е?»  (бірінші  дыбыс  «н»,  екінші 
дыбыс  «е»),  «ж-е!»  (бірінші  дыбыс  «ж»,  екінші  дыбыс  «е»),  «м-ә!»  (1-ші 
дыбыс «м», 2-нші дыбыс «ә»), «а-т» (1-інші дыбыс «а», 2-нші дыбыс «т»), 
«а-ш» (1-нші дыбыс «а», 2-нші дыбыс «ш»). 
Қап, бас, жел, күл, мес, сор, бай, жау деген сөздер бір буынды, бірақ 
бұлардың  һәр  буынында  екіден  емес,  үш-үштен  дыбыс  бар:  қ-а-п,  б-а-с,  
ж-е-л, к-ү-л, м-е-с, с-о-р, б-а-й, ж-а-у. 
Бір дыбысты буындар да болады. Мәселен, а-ра, а-та, а-ғу, а-су, а-зу, 
а-сы  деген  сөздердің  бірінші  буындарында  бір-бір  дыбыстан,  екінші 
буындарында екі-екі дыбыстан бар.  


11 
 
Дыбыс  таңбасын  харіф  деп  атаймыз.  Сондықтан  жазған  сөз  ішінде 
пәлен харіф бар дейміз; айтқан сөз ішінде пәлен дыбыс бар дейміз. Дыбыс 
һәм харіф – екеуі екі басқа нәрсе. Біріне-бірін қатыстырып шатастырмасқа 
тиіс.  Дыбыс  естілетін,  көрінбейтін  нәрсе,  харіф  көрінетін,  естілмейтін 
нәрсе. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздердің  буындарында  неше  харіфтен 
бар екенін айырту.  
Ақ, тоқ, саз, бет, қүн, ай, бай, сай, тау, бау, ана, ара, жала, шана, азы, 
аты, асы, жасы, саны, жаны, аран, ажар, сараң, салақ, сарай, солай, бұлай, 
асау,  жалау,  тонау,  ұзау,  бұрау,  арзан,  шортан,  бұршақ,  қармақ,  салмақ, 
алмалы, салмағы, тармағы, шарбағы, атпаған, жатпаған, қалмаған. 
Сынау.  Төмендегі  сөздерді  буынға  бөлу,  һәр  буындағы  харіфтің 
санын буын үстіне сипрмен қою керек.  
Жарлы  болсаң,  арлы  болма.  Бар  болсаң  таспа,  жоқ  болсаң  саспа. 
Барымен базар, жоқты қайдан табар. Пайдасыз болса, байдан без, панасыз 
болса,  сайдан  без.  Бар  мақтанса,  табылар,  жоқ  мақтанса,  шабылар. 
Талтаңдасаң,  талтаңда!  Ақшаң  болса  қалтаңда.  Күлме  досыңа,  келер 
басыңа.  Досқа  күлкі,  дұшпанға  таба  болма.  Ақшаны  жолда  тапсаң  да 
санап ал. Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер. Ақыл жас ұланнан, жүйрік тай 
құнаннан.  Сыйыр  сыйпағанды  білмес,  жаман  сыйлағанды  білмес.  Кеше 
білмес  жамандар,  көшсе  көлік  өлтірер,  сөйлей  білмес  жамандар,  сөзді 
өзіне келтірер.  
 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет