Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


бет6/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Сөз һәм буындар 
 
Бір сөздің ішінде бірнеше буын болады. Мәселен, ат  деген сөзде бір-
ақ буын бар. А-та дегенде екі буын, а-та-лар дегенде үш буын; а-та-лар-ға 


10 
 
дегенде  төрт  буын;  а-та-ла-ры-ма  дегенде  бес  буын.  Сөз  буын  санына 
қарай  бір  буынды,  екі  буынды,  үш  буынды,  төрт  буынды,  онан  көбі  көп 
буынды сөз деп аталады. 
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің буындарын айырту. 
Бал,  бала,  балалар,  сау,  саулық,  саусақ,  сауда,  саудагер,  тай,  тайау, 
тайғақ,  тайлақ,  тайғанақ,  тайсалу,  тайпалу,  тайану,  аш,  ашық,  ашқыш, 
ашқан,  ашқарақ,  ашқылтым,  жан,  дене,  самай,  сақал,  мойын,  кеуде, 
алақан,  шеміршек,  апа,  қарындас,  немере,  нағашы,  құдаша,  қаз,  қарға, 
қарақұс,  қарлығаш,  жапалақ,  балықшы,  жағалтай,  күйкентай,  безгелдек, 
қызғаншақ,  қарғануға,  сақтануға,  аударуға,  құлатуға,  сескенуге,  өстіруге, 
солқылдауға, сандырақтауға, шашыратуға, аударыстыруға, ұшыратуға. 
Сынау.  Төмендегі  сөздерді  буынға  бөліңдер.  Буындар  арасына 
сызықша (-) қойыңдар. 
Үлгі:  сау-да,  са-йақ,  асық,  тұш-қыл-тым,  са-рым-сақ,  мақ-та-ну-ға, 
жал-пыл-дау-ға, а-тыс-ты-ру-ға.  
Ел құлағы елу. Бұлт ала, жер шола. Дауыл болмай, жауын болмас, ит 
баласы  сауын  болмас.  Жақсы  келсе  құт,  жаман  келсе  жұт.  Тисе  терекке, 
тимесе бұтаққа. Ер туған жеріне, ит тойған жеріне. Көп қорқытады, терең 
батырады. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алар. Арзанның сорпасы татымас. 
Бақыр  қазан  піскені  баршамызға  пайдалы.  Көшсе,  көш  қасындамыз, 
отырса,  от  басындамыз.  Үйге  келгенде,  үйдей  өкпеңді  айтпа.  Ас  қадірін 
білмесең,  ашаршылық  берер  сазаңды,  ат  қадірін  білмесең  жайаушылық 
берер  сазаңды.  Шақырғандарға  бар,  шаққандардан  қаш.  Шақырғандарды 
шақырармын, шақырмағандарға қақырармын. 
 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет