Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


бет4/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Сөз мүшелері 
Сөйлеу һәм сөйлем
 
 
1)  Жер  жұтуға  тоймайды;  От  отынға  тоймайды;  Құлақ  естуге 
тоймайды; Кісі ойға тоймайды; Бөрі қойға тоймайды. 
Бұл сөйлеуде бес сөйлем сөз бар. 
2)  Еділ  бойы  тоғай  бар,  тоғай  толған  ноғай  бар;  Бурыл  атта  бұғау 
бар, оны да кесер егеу бар, сом темірге, балға бар, сом-сынғанға Алла  бар. 
Бұл сөйлеуде алты сөйлем сөз бар. 
Жоғарыда  жазылған  екі  сөйлеуден  көрінеді:  бір  сөйлеудің  ішінде 
бірнеше сөйлем болатындығы. Алайық тағы да басқа бір сөйлеу, мәселен, 
«Аш  бала  тоқ  баладай  ойнамайды,  тоқ  бала  аш    болам  деп  ойламайды» 
деген мақалды.  
Бұл  сөйлеудің  ішінде  екі  сөйлем  сөз  бар.  Оның  бірі:  «Аш  бала  тоқ 
баладай ойнамайды». Екіншісі: «Тоқ бала аш  болам деп ойламайды». 
Дағдыландыру.  Төмендегі  жазылған  сөйлеулердің  һәр  қайсысының 
ішінде неше сөйлемнен барын айыртып, балаларды дағдыландыру керек. 
Ақыл  жастан  шығады,  асыл  тастан  шығады.  Жоқтық  ұят  емес, 
байлық  мұрат  емес.  Мал  —  жаным  садағасы,  жан  —  арым  садағасы. 
Жалғыз  ағаш  үй  болмас,  жалғыз  жігіт  би  болмас.  Тура  биде  туған  жоқ, 
туғанды  биде  иман  жоқ.  Сай  сайға  құяды,  бай  байға  құяды,  өзен  өзенге 
құяды. Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ. Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа 
ақыл қос. Сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар 



 
ұятқа.  Шалқайғанға  шалқай,  пайғамбардың  ұлы  емес,  еңкейгенге  еңкей, 
атаңнан қалған құл емес. Атаң жаман кісі еді: ат бергеннің құлы еді, енең 
жаман  кісі  еді:  Мәскеудің  қара  күңі  еді.  Іш  қазандай  қайнайды,  күресуге 
дәрмен жоқ, қоян қолтық алысып, жығылсаң да арман жоқ. 
  

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет