Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


бет22/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

IV. Одағай сөз  
 
Кей  сөздер  басқа  сөздерден  оңаша,  одағай  айтылады.  Мәселен, 
апырым-ай,  шошып  кеттім  ғой.  Ай-қай-қай!  Жаным  жаңа  райыс  тапты 
ғой. Ай-қай! Менің өз үйім, кең сарайым боз үйім. Әлди-әлди! Ақ бөпем. 
Пай-пай! Қалай аяңдайды? Ау-қау! деп дауыстап еді, сиыр мөңіреді. Тарс-
тұрс  еткен  мылтықтың  даусы  естіледі.  Сорап!  Сорап!  деген  дауыс 
құлағыма келді.  
Апрым-ай! Ай-қай-қай! Ай-қай! Әлди-әлди! Пай-пай! Ау-қау! Тарс-
тұрс! Сорап! Сорап! Осылай айтылатын сөздерді одағай сөздер дейміз. 
Одағай сөз қазақ тілінде көп. Қуаныш, реніш, күйініш, уайым, қайғы 
жан күйзелгенде, тән күйзелгенде, жан рахат тапқанда, тән рахат тапқанда 
шығатын  дыбыстар,  дауыстар,  айтылатын  сөздер,  жанды  һәм  сөздер, 
хайуандарға  айтатын  сөздер,  дауыстар,  шақырулар  бәрі  одағай  табына 
кіреді. Мәселен: әһ! Ах! Ой-бай-ай! Жаным-ай! Құдайым-ай! Апырым-ай! 
Ау!  Отағасы-ау!  Апырым-ау!  Ай-қай!  Е-е-е!  Ой  тәңірім-ай!  Ойбай-ай! 
Күс-күс!  Құр-құр!  Хош!  Қош,  қош!  Қош!  Құру!  Шөре-шөре!  Ау-қау! 
Сорап!  айт-айт!  Тарс-тұрс,  дүңк-дүңк,  сықыр-сықыр,  тырс-тырс,  сарт-
сұрт, қаңқ, пыс-пыс. 
Сынау.  Төмендегі  сөйлемдерді  көшіріп  ішіндегі  одағай  сөздердің 
астын сызып көрсетіңдер.  
Алақай!  Әкем  кітап  әкеп  берді.  Ойбай!  Көзі  аларып  кетті.  Бұ 
қорлыққа  қалай  шыдармын,  ойбай!  Уһ!  Жаңа  адам  болдым  ғой. 
Жарықтық-ау!  Не  істе  дейсің?  Ой  тәңірі-ай!  Жоқ  сөзді  айтқаны  несі. 
Апырым-ау!  Мына бала таласады. Ойбай-ау!  Құдай-ау!  Мынасы кім еді?  
Е-е-е!  Манағы көрген адамым сол екен ғой. Қой! Жай отыршы. Күс-күс! 
Жануар.  «Әукім-әукім»  деп  еді,  сиыр  тыпырлағанын  қойды.  «Сорап-
сорап» деген дауысты естіп түйелер құдыққа келді. Арбаға сиыр сүйкеліп 
жатыр «Өк!» деші. Түйе тұрып кетер, «шөк-шөк!» деп тұрғайсың. Қамыс 
ішінен  «тарс-тұрс»  еткен  мылтық  даусы  шықты.  «Күмп-күмп»  пісіп 
сабадан қымыз құйды.  
Күлдір-күлдір кісінетіп күрең мінген бар ма екен? Ал, келдік жаман 
жерге енді сақтан. Айқай! Менің өз үйім. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет