Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


бет36/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127
 
 


71 
 
 
Есімдік 
 
Есімдік  дегеніміз  есімдердің  яғни,  зат  есімнің,  сын  есімнің,  сан 
есімнің орнына жүретін сөздер. Мәселен, мұғалім дегеннің орнына «мен» 
деймін,  саған  сөйлегенде  атыңды  атаудың  орнына  «Мен»,  «сен»,  «ол» 
деген сөздер зат есімнің орнына жүрген себептен есімдік болады. 
Есімдік қазақ тілінде бес тарау болады: 1) Жіктеу есімдігі. 2) Сілтеу 
есімдігі. 3) Сұрау есімдігі. 4) Жалпылау есімдігі. 5) Танықтық есімдігі. 
 
Жіктеу есімдігі 
 
Жіктеу есімдігі дегеніміз сөйлеген кезде сөйлеушінің, тыңдаушының 
һәм  бөгдедегілердің  жігін  ашатын  сөздер.  Сондықтан  жіктеу  есімдігі  үш 
жақты  болады:  1)  Сөйлеуші  үшін  «мен»  дейді,  бұл  бірінші  жақ.                 
2) Тыңдаушыға сөйлеуші «сен» дейді, бұл екінші жақ. 3) Сөйлеуші өзі мен 
тыңдаушыдан басқаны «ол» дейді, бұл үшінші жақ. 
Сыпайылап  сөйлегенде  сөйлеуші  өзін  «мен»  деудің  орнына  «біз» 
дейді, тыңдаушыға сен деудің орнына «сіз» дейді, бөгде кісіні «ол» деудің 
орнына «о кісі» (ол кісі) дейді. Сондықтан «біз» бірінші жақ болады, «сіз» 
екінші жақ болады, «о кісі» үшінші жақ болады. 
Жіктеу  есімдігінің  жалғыз  ғана  жалғаулары  емес,  өзі  де  азырақ 
өзгеріңкірейді. Мәселен: 
 
«Мен» деген сөз 
Жекеше 
Көпше 
Атау 
Кім? Мен 
Біз 
Ілік жалғау 
Кімнің? Менің          (меннің    орнына)  Біздің 
Барыс жалғау 
Кімге? Маған           (менге орнына) 
Бізге 
Табыс жалғау 
Кімді? Мені              (менді орнына) 
Бізді 
Жатыс жалғау 
Кімде? Менде 
Бізде 
Шығыс жалғау 
Кімнен? Менен         (меннен орнына) 
Бізден 
 
«Сен» деген сөз 
Жекеше 
Көпше 
Атау 
Кім? Сен  
Кімдер? Сендер 
Ілік жалғау 
Кімнің? Сенің               
(сеннің орнына) 
Кімдердің? 
Сендердің 
Барыс жалғау 
Кімге? Саған                  
(сенге орнына) 
Кімдерге? Сендерге 
Табыс жалғау 
Кімді? Сені                     
(Сенді орнына) 
Кімдерді? Сендерді 


72 
 
Жатыс жалғау 
Кімде? Сенде 
Кімдерде? Сендерде 
Шығыс жалғау 
Кімнен? Сенен                
(сеннен орнына) 
Кімдерден? 
Сендерден 
 
 
«Ол» деген сөз 
Жекеше 
Көпше 
Атау 
Кім? Ол 
Кімдер? Олар 
Ілік жалғау 
Кімнің? Оның               
(олдың орнына) 
Кімдердің? Олардың  
Барыс жалғау 
Кімге? Оған                  
(олға орнына) 
Кімдерге? Оларға 
Табыс жалғау 
Кімді? Оны                     
(Олды орнына) 
Кімдерді? Оларды 
Жатыс жалғау 
Кімде? Онда 
(олда орнына) 
Кімдерде? Оларда 
Шығыс жалғау 
Кімнен? Одан                
(олден орнына) 
Кімдерден? Олардан  
 
Жіктеу  есімдігінің  сыпайы  түрі  есімдіктерше  жалғауланады. 
Мәселен, «біз», «сіз», «о кісі» деген сөздер. 
 
Жекеше: Атау 
Жетеуіміз 
Жетеуіңіз 
Жетеуі 
Ілік жалғау 
Жетеуіміздің 
Жетеуіңіздің 
Жетеуінің 
Барыс жалғау 
Жетеуімізге 
Жетеуіңізге 
Жетеуіне 
Табыс жалғау 
Жетеуімізді 
Жетеуіңізді 
Жетеуін 
Жатыс жалғау 
Жетеуімізде 
Жетеуіңізде 
Жетеуінде 
Шығыс жалғау 
Жетеуімізден 
Жетеуіңізден 
Жетеуінен 
 
 
 
 
Көпше: Атау 
Жетеулеріміз 
Жетеулеріңіз 
Жетеулері 
Ілік жалғау 
Жетеулеріміздің  Жетеулеріңіздің  Жетеулерінің 
Барыс жалғау 
Жетеулерімізге  Жетеулеріңізге 
Жетеулеріне 
Табыс жалғау 
Жетеулерімізді 
Жетеулеріңізді 
Жетеулерін 
Жатыс жалғау 
Жетеулерімізде  Жетеулеріңізде 
Жетеулерінде 
Шығыс жалғау 
Жетеулерімізден  Жетеулеріңізден  Жетеулерінен 
 
Жекеше: Атау  Кім? 
Біз 
Сіз 
О кісі 
Ілік жалғау 
Кімнің? 
Біздің 
Сіздің 
О кісінің 
Барыс жалғау  Кімге?  
Бізге 
Сізге 
О кісіге 
Табыс жалғау  Кімді? 
Бізді 
Сізді 
О кісіні 
Жатыс жалғау  Кімде?  
Бізде 
Сізде 
О кісіде 


73 
 
Шығыс 
жалғау 
Кімнен? 
Бізден 
Сізден 
О кісіден 
 
 
 
 
 
Көпше: Атау 
Кімдер? 
Біздер 
Сіздер 
О кісілер 
Ілік жалғау 
Кімдердің?   Біздердің 
Сіздердің 
О кісілердің 
Барыс жалғау  Кімдерге?   Біздерге 
Сіздерге 
О кісілерге 
Табыс жалғау  Кімдерді?   Біздерді 
Сіздерді 
О кісілерді 
Жатыс жалғау  Кімдерде?   Біздерде 
Сіздерде 
О кісілерде 
Шығыс 
жалғау 
Кімдерден?   Біздерден 
Сіздерден 
О кісілерден 
 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет