Райлар
Етістікте 14 рай бар; 1) Тұйық рай. 2) Билік рай. 3) Ашық рай.
4) Шартты рай. 5) Ереуіл рай. 6) Реніш рай. 7) Қалау рай. 8) Сенімді рай.
9) Сенімсіз рай. 10) Мұң рай. 11) Көніс рай. 12) Қайрау рай. 13) Азалы
рай. 14) Теріс рай.
Тұйық рай
Тұйық рай дейміз – істің беті белгісіз тұйық күйінде тұрғандағы
айтылатын сөз түрін. Мәселен: қарамақ, саумақ, бармақ, жазбақ, атпақ,
ермек, үймек, жүрмек, тізбек, кетпек дегенде кім? қашан? Қалай? істегені
мәлім емес. Осындай сөздер тұйық рай болады.
Тұйық рай етістіктің бейтарап, жалпы түрі, сондықтан жалпы етістік
жайынан сөйлегенде осы тұйық райдағы түрі алынады. Тұйық райдан әрі
етістік өзгереді. Өзгергенде һәр райдың жалғауы өзінше басқа болады.
Райларда үш жақ болады: 1-ші жақ (айтушы), 2-ші жақ (тыңдаушы),
3-ші жақ (бөгделік). Екі айырыс бар: 1) Жекелік айырыс. 2) Көптік
айырыс. Үш шақ бар: 1) Осы шақ. 2) Өткен шақ. 3) Келер шақ. Осы үш
жақ, екі айырыс, үш жақ бойынша сөз түбірінің аяқ дыбысына қарай
84
етістік өзгереді. Етістік өзгеруі тұрасында дыбыстар екі-ақ тапқа бөлінеді:
1) Дауысты дыбыс. 2) Басқа дыбыстар (дауыссыз һәм жарты дауысты
дыбыстар). Сөз түбірінің аяғы дауысты дыбыс болса, жалғау мен түбір
арасына «и» дәнекер болады; дауыссыз, яки жарты дауысты дыбыс болса
«а», «е» дәнекер болады.
Етістіктер райлармен өзгергенде екі түрлі айтылады: 1) Дара түрде.
2) Қосар түрде. Қосар түрде сөйлегенде көмекші етістіктер қосыла
айтылады. Көмекші етістіктер дегеніміз; тұрмақ, жүрмек, отырмақ,
жатпақ, бармақ, болмақ, алмақ, бермек, келмек, кетпек, көрмек, өтпек,
тастамақ, қоймақ, қалмақ, имек. Мұнан басқа жай етістік болады.
Қосар түрде сөйлегенде, жай етістіктер мағына беруші болып, алда
жүреді; көмекші етістіктер өзгеруші болып, сонда жүреді. Қосар түрін қоя
тұрып, қазір де дара түрін көрсетеміз. Қосар түрі етістіктің көсемше һәм
есімше түрлері жайынан сөйлегенде көрсетілмекші.
Етістіктің түпкі түрі салт етіс пен сабақты етіс; өзгелері туынды
етістер. Сондықтан бастапқы екеуі екі-ақ мүшелі 1) Түбір. 2) Жалғау.
Басқа етістер үш мүшелі 1) Түбір. 2) Жұрнақ. 3) Жалғау. Түбір мен
жұрнақ екеуін жалғаудан айырып сөйлегенде, тұқыл дейміз. Сүйтіп
жалғау түпкі етістердің түбіріне жалғанады; туынды етістердің тұқылына
жалғанады. Етістік жалғаулары есім жалғауларынан өзгеше болғандықтан,
һәм һәр заттың ісінің жігін айырып айтатын болғандықтан жалғау орнына
жіктеу дейміз.
Билік рай
Билік рай дейміз – істі істеуге-істемеуге кесіп айтқандағы сөз түрін.
Һәр етістіктен түбірі мен тұқылын алып, билік рай түрінде жіктеп айтып
көрейік. Болымды түрде: жазбақ (сабақты етіс), жыламақ (салт етіс),
күреспек (ортақ етіс), жуынбақ (өздік етіс), жатқызбақ (өзгелік етіс),
қаздырмақ (беделді етіс), жегілмек (ырықсыз етіс), атыстырмақ (шағысты
етіс), шапқыламақ (дүркінді етіс), алыңқырамақ (өсіңкі етіс); Болымсыз
түрде: жазбасқа, жыламасқа, күреспеске, жуынбасқа, қаздырмасқа,
жатқызбасқа, жегілмеске, атыстырмасқа, шапқыламасқа, алыңқырамасқа.
Жіктеу
Болымды түрлері
Жекеше:
1-ші жақ
2-ші жақ
3-ші жақ
Жаз
Жазайын
Жаз
Жазсын
Жыла
Жылайын
Жыла
Жыласын
85
Күрес
Күресейін
Күрес
Күрессін
Жуын
Жуынайын
Жуын
Жуынсын
Қаздыр
Қаздырайын
Қаздыр
Қаздырсын
Жатқыз
Жатқызайын
Жатқыз
Жатқызсын
Жегіл
Жегілейін
Жегіл
Жегілсін
Атыстыр
Атыстырайын Атыстыр
Атыстырсын
Шапқыла
Шапқылайын
Шапқыла
Шапқыласын
Алыңқыра
Алыңқырайын Алыңқыра
Алыңқырасын
Көпше:
Жаз
Жазайық
Жазыңдар
Жазсын
Жыла
Жылайық
Жылаңдар
Жыласын
Күрес
Күресейік
Күресіңдер
Күрессін
Жуын
Жуынайық
Жуыныңдар
Жуынсын
Қаздыр
Қаздырайық
Қаздырыңдар
Қаздырсын
Жатқыз
Жатқызайық
Жатқызыңдар
Жатқызсын
Жегіл
Жегілейік
Жегіліңдер
Жегілсін
Атыстыр
Атыстырайық Атыстырыңдар
Атыстырсын
Шапқыла
Шапқылайық
Шапқылаңдар
Шапқыласын
Алыңқыра
Алыңқырайық Алыңқыраңдар
Алыңқырасын
Болымсыз түрлері
Жекеше:
1-ші жақ
2-ші жақ
3-ші жақ
Жазба
Жазбайын
Жазба
Жазбасын
Жылама
Жыламайын
Жылама
Жыламасын
Күреспе
Күреспейін
Күреспе
Күреспесін
Жуынба
Жуынбайын
Жуынба
Жуынбасын
Қаздырма
Қаздырмайын
Қаздырма
Қаздырмасын
Жатқызба
Жатқызбайын
Жатқызба
Жатқызбасын
Жегілме
Жегілмейін
Жегілме
Жегілмесін
Атыстырма
Атыстырмайын
Атыстырма
Атыстырмасын
Шапқылама
Шапқыламайын Шапқылама
Шапқыламасын
Алыңқырама
Алыңқырамайын Алыңқырама
Алыңқырамасын
Көпше:
Жазба
Жазбайық
Жазбаңдар
Жазбасын
Жылама
Жыламайық
Жыламаңдар
Жыламасын
Күреспе
Күреспейік
Күреспеңдер
Күреспесін
Жуынба
Жуынбайық
Жуынбаңдар
Жуынбасын
Қаздырма
Қаздырмайық
Қаздырмаңдар
Қаздырмасын
86
Жатқызба
Жатқызбайық
Жатқызбаңдар
Жатқызбасын
Жегілме
Жегілмейік
Жегілмеңдер
Жегілмесін
Атыстырма
Атыстырмайық
Атыстырмаңдар
Атыстырмасын
Шапқылама
Шапқыламайық Шапқыламаңдар Шапқыламасын
Алыңқырама
Алыңқырамайық Алыңқырамаңдар Алыңқырамасын
Дағдыландыру. Һәр істен һәр түрлі сөздер алып, билік раймен
жіктету.
Ашық рай
Ашық рай дейміз – істі ашық баяндайтын сөздің түрін. Ашық
райдағы сөздер билік райдағы айырыс, үш жақтан бас үш мезгілмен
сөйленіп өзгереді.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |