304
болса, әрине, балалар келіп оқуға болмайды, соның үшін школдың
жанынан балалар жатып оқитын үй (обшежитие) не болмаса интернат
ашылуы қажет. Интернат ашылғанда, бай балалары өз тамағымен келіп
жатып, шамасы келмейтін кедей балаларына елден азық-түлік жинап
беріп, сол үйде жатқызып оқыту керек. Мұндай интернат болмаса, кедей
балалары оқи алмайды. Жоғарыда айтылған бойынша школды бір
ауылнай не бір болыс ел болып ұйымдасып ашпаса, жеке бір кісі, иаки
бірнеше кісі болып ашуға болмайды. Себебі, ондай школдарды ашушылар
меншіктеніп, оқу-тәрбие жұмыстарын өздерінің дегенінше жүргізуге
тырысып, үкіметтің школдар қақында шығарған жобаларын, тәртіптерін
қолданбасқа мүмкін. Соның үшін жергілікті оқу бөлімдері бұл жұмысқа
өте шұғыл қарауы керек.
Екінші, айтылып өткен реттермен ел арасындағы каператіп әм басқа
ұйымдар школ ашуға кірісулері керек.
Осы жұмыстарды ілгері бастыруға елдегі сенімді азаматтар зор
міндетті әм қалықтың өзі де бұл жұмысқа салқын көзбен қарамай,
шығатын азын-аулақ шығынға көзді жұмып жіберіп кірісулері керек.
Достарыңызбен бөлісу: