305
Мектеп керектері
Өткен нөмірде қазаққа қандай бастауыш мектептер керегін жазып
едік,
енді ол мектептерге не керек, сол жайынан жазбақшымыз.
Қазақ балаларын ана тілінде төте жолмен, қолайлы құралдармен
оқыту жайын жақсы білетін мұғалімдер үш жыл оқытқанда бірталай білім
үйретуге болады. Ана тілінде жазылған кітаптар, газеталар, журналдар о
ғайри ана тіліндегі жазу-сызу бастауыш мектептен шыққандардың
мүлкінде болады, иағни солардың бәрінен де пайдалануға
қолынан келетін
болады. Біздің қазіргі ел ішіндегі мектептерімізде жоғарғы айтылған
шарттардың біреуі-ақ бар, ол бар дегеніміз – ана тілімен оқыту. Басқа
шарттары орнына келмеген соң, үйренерлік білімнің көбін білмей, балалар
азын ғана біліп шығады. Бізде қазірінде төте оқу жолымен оқыта білетін
педагогика, методикадан қабардар мұғалімдеріміз жоқ қасында. Бастауыш
мектепке керек құралдарымыз сайлы емес. Кесіп пішкен проғырамма жоқ.
Сондықтан қазаққа қандай мектеп керектігін сөйлегенде, ол мектепке не
керек екендігін де айту тиіс.
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі әм сондай
болмақшы, иағни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете
білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай
болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика,
методикадан
қабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар
қолайлы әм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді әм құрал қандай болса,
істеген іс те сондай болмақшы. Істің толық жақсы болуына, құралдар
сайлы әм жақсы болуы шарт. Үшінші, мектепке керегі белгіленген
проғырамма. Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі иә мерзімді
өлшеуі боларға керек. Үлгісіз иә мерзімді өлшеусіз істелген іс олпы-
солпы, иә артық, иә кем шықпақшы. Керексіз нәрселерді үйретіп,
балалардың өмірін босқаөткізбек үшін, үйретерге тиісті білімді кем
үйретпес үшін, бастауыш мектепке үйрететін нәрселердің кесімі-пішімі
болуға тиіс. Сол пішім проғырамма деп аталады.
Өткен нөмірде біз айтып өттік, қазақ үшін ашылған орыс
школаларының мұғалімдері, оқу құралдары сайлы деп. Біздің ана тілімізде
оқылатын мектептеріміздің құралдары, мұғалімі сондай сайлы болуға тиіс.
Сонда мектеп проғыраммасын үлгеріп, орнына келтіре алады. Мектепке
керек нәрсенің бәрі сайлы болмаса да мектеп ақсайды, проғырамма
бойынша үстіне артқан жүкті дұрыс алып жүріп, мерзімді жеріне
мезгілінде жеткізе алмайды. Сондықтан мектеп керек болса, мектепке
нәрселері де сайлы болуы керек.