II. Негізгі бөлім
2. Балалардың тілдік естуін және тілдік-қимыл апаратының қозғалмалығын дамыту
Тіл – қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы, қоғамдағы өндірістің, ғ ылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім.
Тілдің қоғамдағы алатын орны туралы Жүсіпбек Аймауытов «…ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі десе, Ахмет Байтұрсынов: «…өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек… Өз алдына ел болмаққа, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» дейді.
Баланың тілін дамтыу әдістері: баламен әңгімелесу; күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу; көрген-білген туралы әңгімелеп беруге үйретіп отыру; сөздік тапсырмалар орындату; әңгімелесуден соң балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып беріп тыңдату; түсінгені бойынша оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру
Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:
Достарыңызбен бөлісу: |