Ахмет Байтұрсынов тіл-білімнің атасы



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#131400
түріӨмірбаяны
  1   2   3
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынов тіл-білімнің атасы

Кіріспе 1.1<<Ұлт жанашыры>>

  • Зерттеу бөлімі
  • Ақынның өмірі мен шығармалары
  • Ахмет-Ыбырайдың ізбасары

Жобаның мақсаты:

  • Aхмет Байтұрсынов туралы кеңінен таныстыру.Өмір және еңбек жолын әңгімелеу,үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш ету.

<<Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы жоғалмайды>>

Жобаның міндеттері

  • -Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянына шолу жасау
  • -Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
  • -Ақын шығармаларын жан-жақты талдау
  • -Ұлылар үндестігі
  • Нәтижелер мен қорытындылар

  • Халқымыз «ұлт ұстазы» деп атаған аса көрнекті тұлғаны тереңірек таныған сайын ұлтымыздың рухы биіктеп, тарихи, ғылыми санамыз да өсе түспек.
  • Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармалары, саяси ағартушылық қызметі-ұрпақтар үшін қазыналы мол мұра.

Кіріспе

  • 1.АДАМДЫҚ ДИҚАНШЫСЫ
  • Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
  • Көлі жоқ, көгалы жоқ — қорға шықтым.
  • Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
  • Көңілін көгертуге құл халықтың.

Отаршылдық. Қазақы ұғымы — «құлдық», «құл болу». Қазақ тарихындағы ең ауыр кезең; сүйекке таңба, көңілге дақ түсірген қасіретті кезең. Қазақ мемлекеттігінің жаңа тарихындағы Алаш орда үкіметінің рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлын ашындырып, қолына қалам алдырған басты себептердің бірі де бірегейі — туған халқының адам төзгісіз ауыр халі, отаршылдық кеп. Қазақ халқы өзінің тарихында ешкімге отар болып көрмеген екен, 150 жыл орыс отаршылдығының масқара қамытын киді. Оның зардаптары шексіз, тигізген зияны өлшеусіз. Қазақ халқы отаршылдық кезеңде малынан, жанынан айырылды

Міне, осындай ел басына күн туған, елдің рухы езіліп, намысы тапталған кезеңде елдің қамын ойлап, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған ерлер тарих сахнасына шығады. Ол ерлер тағы сол талайы ауыр халық ананың құрсағынан жаралады. Осы ауырлықты жан - тәнімен сезінген, «ұйқы беріп, қайғы алған» Ахмет Байтұрсынұлы өзіне - өзі «Адамдық диқаншысы» деп ат қояды. «Көлі жоқ, көгалы жоқ — қор жер» — елдігінен, бүкіл сән - салтанатынан жұрдай болған басыбайлы қоғам, отар ел — Қазақ елі. Бұл ел кезінде айдынды болғаны да, айбарлы болғаны да рас; бірақ қазір бәрін ұмытқан, дұрысы — ұмыттырған. Сол тәубесінен жаңылған, жадынан айырылған қор қоғамға өзінің кезінде кім болғанын есіне түсіру үшін көп еңбек ету керек; оның бойындағы өліп қалған адамшылықтың жасыл дарағын тірілту үшін де «адамдықтың тұқымын шашып, егу» керек. Алайда бұл азапты іске кім шыдайды, қу тандырдай кеуіп қалған топырақты қайта ылғалдандырып, оны тыңайтып, құмнан, тастан, арам шөптен тазартып, ерінбей - жалықпай егіп, суарып өнім алу үшін қаншама төзім, не деген сабыр керек?! Осы міндетін айқын сезінгендіктен де Ахмет Байтұрсынұлы өзін «Адамдық диқаншысы» деп атайды

  • Міне, осындай ел басына күн туған, елдің рухы езіліп, намысы тапталған кезеңде елдің қамын ойлап, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған ерлер тарих сахнасына шығады. Ол ерлер тағы сол талайы ауыр халық ананың құрсағынан жаралады. Осы ауырлықты жан - тәнімен сезінген, «ұйқы беріп, қайғы алған» Ахмет Байтұрсынұлы өзіне - өзі «Адамдық диқаншысы» деп ат қояды. «Көлі жоқ, көгалы жоқ — қор жер» — елдігінен, бүкіл сән - салтанатынан жұрдай болған басыбайлы қоғам, отар ел — Қазақ елі. Бұл ел кезінде айдынды болғаны да, айбарлы болғаны да рас; бірақ қазір бәрін ұмытқан, дұрысы — ұмыттырған. Сол тәубесінен жаңылған, жадынан айырылған қор қоғамға өзінің кезінде кім болғанын есіне түсіру үшін көп еңбек ету керек; оның бойындағы өліп қалған адамшылықтың жасыл дарағын тірілту үшін де «адамдықтың тұқымын шашып, егу» керек. Алайда бұл азапты іске кім шыдайды, қу тандырдай кеуіп қалған топырақты қайта ылғалдандырып, оны тыңайтып, құмнан, тастан, арам шөптен тазартып, ерінбей - жалықпай егіп, суарып өнім алу үшін қаншама төзім, не деген сабыр керек?! Осы міндетін айқын сезінгендіктен де Ахмет Байтұрсынұлы өзін «Адамдық диқаншысы» деп атайды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет