Отаршылдық. Қазақы ұғымы — «құлдық», «құл болу». Қазақ тарихындағы ең ауыр кезең; сүйекке таңба, көңілге дақ түсірген қасіретті кезең. Қазақ мемлекеттігінің жаңа тарихындағы Алаш орда үкіметінің рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлын ашындырып, қолына қалам алдырған басты себептердің бірі де бірегейі — туған халқының адам төзгісіз ауыр халі, отаршылдық кеп. Қазақ халқы өзінің тарихында ешкімге отар болып көрмеген екен, 150 жыл орыс отаршылдығының масқара қамытын киді. Оның зардаптары шексіз, тигізген зияны өлшеусіз. Қазақ халқы отаршылдық кезеңде малынан, жанынан айырылды
Міне, осындай ел басына күн туған, елдің рухы езіліп, намысы тапталған кезеңде елдің қамын ойлап, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған ерлер тарих сахнасына шығады. Ол ерлер тағы сол талайы ауыр халық ананың құрсағынан жаралады. Осы ауырлықты жан - тәнімен сезінген, «ұйқы беріп, қайғы алған» Ахмет Байтұрсынұлы өзіне - өзі «Адамдық диқаншысы» деп ат қояды. «Көлі жоқ, көгалы жоқ — қор жер» — елдігінен, бүкіл сән - салтанатынан жұрдай болған басыбайлы қоғам, отар ел — Қазақ елі. Бұл ел кезінде айдынды болғаны да, айбарлы болғаны да рас; бірақ қазір бәрін ұмытқан, дұрысы — ұмыттырған. Сол тәубесінен жаңылған, жадынан айырылған қор қоғамға өзінің кезінде кім болғанын есіне түсіру үшін көп еңбек ету керек; оның бойындағы өліп қалған адамшылықтың жасыл дарағын тірілту үшін де «адамдықтың тұқымын шашып, егу» керек. Алайда бұл азапты іске кім шыдайды, қу тандырдай кеуіп қалған топырақты қайта ылғалдандырып, оны тыңайтып, құмнан, тастан, арам шөптен тазартып, ерінбей - жалықпай егіп, суарып өнім алу үшін қаншама төзім, не деген сабыр керек?! Осы міндетін айқын сезінгендіктен де Ахмет Байтұрсынұлы өзін «Адамдық диқаншысы» деп атайды