«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»



Pdf көрінісі
бет57/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Адамдық диқаншысы қырға шықтым
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. 
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, 
Көңілін көгертуге құл халықтың,- деп, ең алдымен қазақ балаларының ана тiлiнде сауатын 
ашып, әрі қарай қазақ тiлiнде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсады. Демек, әуелі қазақша 
сауат аштыруды мақсат еткен. Сол кездегі мектептер ісін тиянақтай отырып, сол тұстағы 
Қостанай уезіндегі сауаттылық мәселелерін қозғайды, әрбір жүз кісіден 6 еркек қазақша, әрбір 
мың кісіден 6 еркек орысша, әл әрбір үш жүз кісіден 1 әйел қазақша, төрт мың кісіден 1 әйел 
орысша хат таныды деген дерек келтіреді. «Қазақша оқу әлі бір белгілі тәртіпке келіп жеткен 
жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді». Бұған 
А.Байтұрсынов ерекше мән беріп, игі істерді алға бастыру үшін кедергілермен аянбай күресті. 
Ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны іс-әрекетпен жүзеге 
асыруға басшы болды [3]. «Ол өзі үшін ұлтшыл болған қулардан бөлініп, сол ұлт қамы үшін 
ерлікпен еңбек етіп күресе білді», - деп Сәкен Сейфуллин айтқандай, Ахмет ауыл 
мектептерінде, семинарияларында халыққа білім беру, оны жетілдіру саласында көп ізденді, 
қажымай еңбек етті. 
Ахмет өзі түрлеген жазу үлгісі негізіндегі сауат ашуда тек оқушыларға ғана емес, 
үлкендер сауаттандыруда үлкендерге де арнап кітап шығарды. Ол - әліппенің атасы, қазақ 
тілінің реформаторы. Оның көптеген өзекті мәселелерінің ішінен бірінші кезекке қойғаны - 
жазу, оқу мәселесі. Оған себеп: халқының сауатсыздығы, қараңғылығы. Қайтсек оқу, жазу ісін 
алға қоямыз деп жұмыс істеді. Араб алфавитіне реформа жасады. Енгізген өзгерісі: оның араб 
графикасы негізінде жасаған алфавитінде 24 әріп бар. Осы 24 әріптің ішінен араб жазуынан
16 таңба дайын күйінде алынған, ал 8 таңбаны өзі қосқан. 
«Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын 
ерекше тұлға», - деп Әбіш Кекілбаев атап көрсеткендей, ғалымның артына қалдырған мұрасын 
расында да ешкіммен салыстыруға болмайды. «Жаңа жазу, Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. 
Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминология мен 
әдістеме, Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсарлар». Ұлттық тіл біліміне темірқазық 
болар мәңгілік үлестер. 
Ахмет Байтұрсынұлы мұралары негізінен бастауыш мектепке және Қазақстандағы 
бастауыш мектеп жүйесін жандандыруға арналғандықтан ғұламаның еңбектерін барлық 
мемлекеттік және мемлекеттік емес мектепке дейінгі мекемелерде оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне негіздей отырып, бастауыш мектептің оқу тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, 
егеменді еліміздің келешегін ойлайтын, мәдени - құндылық қасиеттері жетілген жеке тұлғаны 
қалыптастыруға мүмкіндік бар екенін байқауға болады. Оның мұраларының қолданылуы 
қоғамның дамуына байланысты үш кезеңге жіктелген:


119 
Біріншіден, Ахмет Байтұрсынұлының көзі тірі кезінде еңбектерінің жариялануы және 
оған деген сол кезеңдегі көзқарастар, яғни ғалым мұрасын обьективті бағалауға тырысқан 
мақалалардың еңбектердің жарық көру кезеңі. 
Екіншіден, оның репрессияға ұшыраған кезеңінен ақталғанға дейінгі уақыттағы 
еңбектерінің насихатталуы; ол 1937-1980 жылдар аралығындағы уақытты қамтиды. Яғни, 
ғалымды қаралау негізсіз айыптау түріндегі еңбектердің жариялану кезеңі. 
Үшіншіден, еліміз егемендік алғаннан кейінгі ағартушы еңбектерінің жарық көруі және 
оның еңбектерін ғылыми ақиқат тұрғысында зерттелу жайы қарастырылады. Ахмет 
Байтұрсынұлының ағартушылық-педагогикалық мұраларын зертеу барысында оның
филология, педагогика ғылымының негізін қалаушы темірқазықтарының бірі болып 
табылатынына көзіміз жетеді. Ахмет Байтұрсынұлы мұраларын зерттеудің осы үш кезеңі және 
оның туу себептері саяси - әлеуметтік жағдайлармен байланыстырыла сараланып дәлелденді 
[6]. 
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. 
Оның жазған кітаптары мен ол туралы жазған кітаптар қазір де қолданыста жүр. 
Челябі губерниясына еніп кеткен Қостанай уезін Қазақ өлкесіне қайтару үшін 
Мұхамеджан Сералинмен бірге В.И.Ленин атына арнайы хат жазып қана қоймай, РКП(б) 
Орталық Комитетінде арнайы қаратып, қаулы қабылдатты. М.Қозыбаев сөзімен айтсақ, Ахаң 
Совет заманында да ұлтқа қызмет етуді бір сәт тоқтатқан емес. Бұл жылдары Ахаңның Одақ 
көлеміндегі шет аймақтардағы халықтардың мұң-мұқтажын жоқтаған еңіреген ер екендігін, 
ұлт-азаттық қозғалысы қайраткері екенін таныта білді. 
Қорыта келе, А.Байтұрсынұлы қай жүйеде, қай салада жұмыс істесе де, алдына қойған 
мақсатынан, яғни туған ұлтын алдыңғы қатарлы ел ету мақсатынан ешбір айнымаған. 
Ахмет Байтұрсынұлы мұраларын бүгінгі жаңа буын оқулықтары мазмұнымен 
байланыстыра отырып сабақ берудегі мақсатымыз - оқушылардың оқуға деген 
қызығушылығын арттыру және бастауыш сыныптан бастап оларды ғылымның тіл 
ғылымындағы еңбегімен таныстыру. 
Ахмет Байтұрсынұлының есімі келешек ұрпақтың жадында, жүрегінде жатталып 
қалатынына сенемін. Енді біздің міндетіміз бен мақсатымыз – Ахмет Байтұрсынұлының есімін тек 
қазақ жұрты ғана емес, күллі әлем азаматтары сүйсініп оқитын дәрежеге жеткізу. Көптеген 
қалдырып кеткен мұраларын әр қазақ азаматы білуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет